Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил получения разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию специальной финансовой компании

Қаулы · № 101 · қабылданған 15.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27815/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил получения разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию специальной финансовой компании Күшін жойған Қаулы ·№ 101 ·15.04.2006
24.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил получения разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию специальной финансовой компании

Күшін жойған Қаулы ·№ 101 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил получения разрешения на добровольную реорганизацию или ликвидацию специальной финансовой компании
Атауы (қаз.)
Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
101
Қабылданған күні
15.04.2006
Көрсетілген редакция
24.08.2012 AI27815_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004231_
ЭКБ идентификаторы
27815
Редакция идентификаторы
AI27815_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:34

0 Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесін бекіту туралы

"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 14-1) тармақшасына және "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

0 Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
15 сәуірдегі N 101 қаулысымен
бекітілген
Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесі
Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу ережесі (бұдан әрі - ереже) "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және арнайы қаржы компаниясының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды.

1 1. Уәкілетті орган облигациялардың барлық шығарылымдарын өтеу қорытындылары туралы есепті (есептерді) бекіткеннен кейін арнайы қаржы компаниясы уәкілетті органға арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтінішті береді.

Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтініш арнайы қаржы компаниясының атауын (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес) және уәкілетті органның облигациялардың барлық шығарылымдарын өтеу қорытындылары туралы есепті (есептерді) бекіту туралы мәліметтерді көрсете отырып еркін түрде жасалады және оған арнайы қаржы компаниясының бірінші басшысы қол қояды.

2 2. Уәкілетті органның арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруды немесе таратуды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішке арнайы қаржы компаниясы жоғары органының оны ерікті қайта құру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

3 3. Уәкілетті орган мына негіздердің кез келгені бойынша арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тартады:

1 1) уәкілетті орган бекіткен арнайы қаржы компаниясы облигацияларының барлық шығарылымдарын өтеу қорытындылары туралы есептің (есептердің) болмауы;

2 2) арнайы қаржы компаниясы жоғары органының оны ерікті қайта құру немесе тарату туралы шешімінің болмауы;

3 3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

4 4. Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің Қосымшасына сай нысанда арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат береді.
Уәкілетті орган осы Ереженің 3-тармағында көзделген негіздер бойынша арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бас тартудың негіздемесін көрсете отырып бұл жөнінде арнайы қаржы компаниясын жазбаша хабардар етеді.

5 5. Уәкілетті органның арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсатын алуға құжаттар қайталап ұсынылған жағдайда уәкілетті органның оларды қарау мерзімінің есептелуі жаңадан басталады.

6 6. Арнайы қаржы компаниясы уәкілетті органға ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттардың көшірмелері арнайы қаржы компаниясы бірінші басшысының қолымен және мөрімен бекітіледі.

Құжаттың парақ саны көп болған жағдайда оның әр парағы бекітіледі не құжат тігіліп, тігіс түйініне және ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр таңбасы ішінара қағаз плобмаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс.

7 7. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

1 Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат

Арнайы қаржы компаниясын
ерікті қайта құруға немесе
таратуға рұқсат алу
ережесіне қосымша
Арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта құруға немесе таратуға рұқсат
____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
                сәйкес арнайы қаржы компаниясының атауы)
____________________________________________________________________
                      (уәкілетті органның атауы)
                       арнайы қаржы компаниясын
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
                 сәйкес арнайы қаржы компаниясының атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
нөмірі, арнайы қаржы компаниясының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес орналасқан жері)
      ерікті _______________________________________ рұқсат береді.
                 (қайта құруға немесе таратуға)
      Уәкілетті органның
      басшысы (басшының орынбасары)
      (қолы)

Қолданыстағы