Тұрғын үй комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16-сәуірдегі №94 Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2-қыркүйегіндегі №1292 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» ереженің және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы №148-11 Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тұрғын үй комиссиясы туралы от 06.04.2006 г. № 1524 (Тұрғын үй комиссиясы туралы)
1. Ауданда мемлекеттік тұрғын үй комиссиясы құрылсын ( 1- қосымша).
2. Тұрғын үй комиссиясының құрамы Мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, бекітуге ұсынылсын.
3. Тұрғын үй комиссиясының Ережесі бекітілсін ( 2- қосымша).
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңғалиевқа жүктелсін
Келісілді:
Аудандық мәлихаттың хатшысы
Қ. Әбілмәжінов
2-Қосымша
Күршім ауданы әкімдігінің
тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (ары қарай Комиссия) аудан әкімдігінің жанындағы үнемі қызмет жасап тұратын орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі қызметтері мен өкілеттіктері
3. Комиссия елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын азаматтарға, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне, эскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мақсатында құрылды.
4. Комиссия өз қызметін іске асыруда жергілікті атқарушы органдар алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үйді беру, Комиссия шешімі негізінде, жергілікті атқарушы органның қаулысымен ресімделеді.
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік қордан тұрғын үйді беру кезегін анықтау;
2) ауданның тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының жеке тізімдерін тіркеуді жүргізу;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебінде тұрған азаматтар тізімі және ақырғы 24 ай ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілген адамдар тізімімен осы тізімдерде тұрған адамдардың талап етуі бойынша таныстыру. Бұл тізімдердің нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға арналған негіздер және оның көлемі, тұрғын үй берілген уақыт туралы мәліметтер міндетті тұрде енгізілуге тиіс.
6. Азаматтарға тұруға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй сол елді мекеннің жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және
мұқтаж адам есепте тұрған елді мекеннің шегінде болу керек, техникалық, тазалық және басқа да міндетті талаптарға сай болу керек.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының белгілі бір елді мекенінде орналасуына карамастан, өзіне меншік қүқығымен тиеселі, түру үшін жарамды тұрғын үйді иелігінен шығаруы;
3) тұрғын үйінің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
4) түрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюдан бас тартылуы мүмкін.
7. Комиссия төрағадан (әкім орынбасары), торағаның орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен құрылады.
8. Комиссияны оның қызметіне басшылық ететін төраға басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, отырыс тәртібін бекітеді, оның шешімдерінің іске асырылуына бақылау жасайды және Комиссия атқаратын қызметке жауапты болады. Төраға жоқ болған жағдайда оның қызметін орынбасары атқарады.
9. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия мәжілісіне күн тәртібін қалыптастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Комиссия мәжілісінің хаттамасын жасайды.
10. Комиссия мәжілісі қажеттілік болған жағдайда өткізіледі және төрағамен шақырылады.
11. Комиссия мәжілісі нәтижесінде төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қоятын шешім қабылдайды. Комиссия шешімі егер де оған барлық комиссия мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берген болса ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда шешуші дауыс төрағанікі болып саналады.
12. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқықтары бар, егер де пікір айтылған жағдайда ол міндетті түрде хаттамаға енгізіліп, жазбаша түрде мазмұндалып, хаттамаға қосымша ретінде басылуы керек.
Аудан әкімінің
аппарат басшысы
М. Қалелов