Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах района имени Габита Мусрепова

Ереже · № 27-5 · қабылданған 12.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27934/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах района имени Габита Мусрепова Күшін жойған Ереже ·№ 27-5 ·12.04.2006
07.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах района имени Габита Мусрепова

Күшін жойған Ереже ·№ 27-5 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах района имени Габита Мусрепова
Атауы (қаз.)
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27-5
Қабылданған күні
12.04.2006
Көрсетілген редакция
07.10.2024 27934_725461.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06SE000027
ЭКБ идентификаторы
27934
Редакция идентификаторы
27934_725461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:36

0 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері бекітілсін.

2 Ғабит Мусірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері

2006 жылғы 12 сәуірдегі
аудандық маслихаттың
№ 27-5 шешімімен бекітілді
Ғабит Мусірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері

3 Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытудың мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына және басқа да нормативтік-құқытық актілерге сәйкес әзірленді

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже малдарды, иттерді, мысықтарды (әрі қарай жануарлар) иелеріне, соның ішінде жеке және занды тұлғалар меншік түрлеріне қарамастан, өз қызметтерін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында іске асыратын ұйымдармен кәсіпорындарға қарасты болып табылады.

2 2. Тұрған орынға қарай қолда ұстаған жануарларды міндетті түрде және жыл сайын идентификациялау, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау, диагностикалық зерттеулерге өңдеу жасау.

3 3. Жануарлардың сатылуы, әкелінуі, әкетілуі тек паспорт және бекітілген үлгідегі ветеринариялық куәлік болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

4 4. Жануарларды сояр алдында малдәрігерлік байқаусыз жануардың союын, сатылуын болдырмау және сойғаннан соң жануарлардың ұшасымен мүшелерін ветеринарлық-санитарлық экспертизадан өткізу.

5

5. Адам және жануарлар денсаулығына қауіп төнетін, жануарлар азық-түлігі шикізаты қауіп төну дәрежесіне байланысты міндетті түрде алынуы, жойылуы, немесе залалсыздандыру (зарарсыздандыру) мал дәрігерлігі бойынша мемлекеттік уәкілетті органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген.

6 6. Қоғамдық орындарда, иелерімен дүкен, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары және тағы басқа қоғамдық жерлерде, байлаулы тұрған жануарлардан басқа иесі қасында болмаған жануар қаңғыған болып есептеледі, және міндетті түрде ұсталынуы тиіс.

2 2. Мал иесінің міндеттері

7 7. Иелер міндетті:

1 1) жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жанашырлықпен қарап, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалған уақытында мал дәрігеріне келіп көрсетуге;

2 2) жануарларды ұстау орындарында тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге;

3 3) мемлекеттік малдәрігерлігі қызметтер мамандарының талаптары бойынша жануарларды қарау, құжаттандыру, идентификациялау, диагностикалық реттеу мен профилактикалық егулер жасау үшін әкелуге;

4 4) айналадағы адамдарды қоршаған жануарлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға: байлауда және арнайы бөлінген жерлерде ұстауға, ескерту маңдайшалары болып, аулалар мен қоршалған торларда (вальер) ұстауға;

5 5) жануарлардың ауырғанында немесе өлгенінде, адамдар мен жануарларды иттер (мысықтар) тістеп алған жағдайда медициналық және малдәрігерлік мекемеге жедел түрде хабар беруге.

8 8. Жануарлар өлген кезде, өлікті арнайы белгіленген орында (өлік орнында) малдәрігері маманы зерттейді.

9 9. Көшені кесіп, магистраль жанынан өткен кезде өткен жануарлар иесі жол-көлік оқиғасы және жануарлардың өлімін болдырмау үшін сақтандыру шараларын қолдану керек.

3 3. Жануарлар иесінің құқықтары

10 10. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады.

11 11. Жануарлар қолданыстағы заңнамаларда қаралған сот шешімі бойынша және де заңды түрде иесінен алып койылуы мүмкін.

4 4. Иттерді және мысықтарды ұстау

12 12. Рұқсат етіледі:

1 1) жануарларды жайлы орында, соның ішінде пәтерде ұстау зоогигиеналық мал дәрігерлік-санитарлық нормаларды сақтап жүргізуге;

2 2) шарттарды орындаған жағдайда жануарларды барлық көлік түрлерімен орын ауыстыруға, жолаушыларға тиышсыздық көрсеткен жағдайда: байлау, тізгінеу, тұмылдырық, тор;

3 3) иттерді табындарда, аңға шыкканда айтақтағанда, үйрету алаңдарында тізгінсіз, тұмылдырықсыз ұстауға; арнайы ұйымдармен жедел пайдалану кезінде.

13 13. Тыйым салынады:

1 1) жануарларды көпшілік пайдаланатын жерде тұмылдырықсыз серуендетуге;

2 2) жануарлардың көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындарды подъездерді, саты алаңдарын, спорт, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды ластауына.

5 5. Ауылшаруашылық және үй жануарларын ұстау

14 14. Үй жануарлары пайдаланыстағы нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған қоршалған аумақта, басқа объектілерден алшақ жерде ұсталуы керек.

15 15. Ауылшаруашылық жануарларды ұстау және көбейту мал дәрігерлік (мал дәрігерлі-санитарлық) ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізілуі керек.

16 16. Ауылшаруашылык жануарлар иелері жануарларды ұстау және өсіру кезінде зоотехникалық және мал дәрігерлік-санитарлық талаптарды орындау, және мал шаруашылығы қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауды болдырмау керек.

17 17. Тыйым салынады:

1 1) ауру, зерттелмеген, вакцинацияланбаған жануарлардың коғамдық табында жайылуына;

2 2) жануарлардың көше, алаң және басқа да көпшілік пайдаланатын, арнайы жануарларды жаюға бекітілген орындардан басқа орындарда жайылуына;

3 3) су таситын орындарда жануарларды суаруға (ұңғылар, құдықтар, су башнясының санитарлық зоналары);

4 4) жануарларды адам демалатын жағажай орындарында, өзенде жуындыруға.

6 6. Жауапкершілік

18 18. Осы Ережені бұзған жануарлар иесі оның іс-қимылы қылмыстық жауапкершілікті тартпаса, «Әкімшілік құкық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310, 311 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қолданыстағы