Қолданыстағы ред. 14.04.2006

Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын алу, жайылдырмау және ауру ошағын жоюдың жедел шаралары туралы от 14.04.2006 г. № 55 (Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын алу, жайылдырмау және ауру ошағын жоюдың жедел шаралары туралы)

0

Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын алу, жайылдырмау және ауру ошағын жоюдың жедел шаралары туралы
23 қаңтар 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31 бабына, 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27 бабына және төтенше жағдай комиссиясының 12 сәуір 2006 жылғы №1 хаттамасына сәйкес, Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын-алу шараларын жүргізу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша барлық кұстарды жедел түрде иммунизациялау шаралары ұйымдастырылсын.

2

2. Құс тұмауының ошағын жою үшін, құс өлекселерін жағуға арнайы жылжымалы пеш алынсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдай комиссиясының төрайымы С.Аққожинаға жүктелсін.