Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын алу, жайылдырмау және ауру ошағын жоюдың жедел шаралары туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын алу, жайылдырмау және ауру ошағын жоюдың жедел шаралары туралы 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31 бабына, 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27 бабына және төтенше жағдай комиссиясының 12 сәуір 2006 жылғы №1 хаттамасына сәйкес, Қорғалжын ауданы бойынша құс тұмауының алдын-алу шараларын жүргізу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша барлық кұстарды жедел түрде иммунизациялау шаралары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Құс тұмауының ошағын жою үшін, құс өлекселерін жағуға арнайы жылжымалы пеш алынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдай комиссиясының төрайымы С.Аққожинаға жүктелсін.