Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реорганизации системы теплоснабжения города Усть-Каменогорска

Өзге акт · № 668 · қабылданған 18.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2808/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О реорганизации системы теплоснабжения города Усть-Каменогорска Күшін жойған 18.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реорганизации системы теплоснабжения города Усть-Каменогорска

Күшін жойған Өзге акт № 668 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации системы теплоснабжения города Усть-Каменогорска
Атауы (қаз.)
Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
668
Қабылданған күні
18.04.1999
Көрсетілген редакция
18.04.1999 2808_260807.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99V0000169
ЭКБ идентификаторы
2808
Редакция идентификаторы
2808_260807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:13
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесін

қайта ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
Өскемен қаласының жылу желiлерiнiң сенiмдiлiгiн арттыру, жылу
энергиясын өндiру, тапсыру және өткiзу шығындарын, әкімшілік шығындарды
қысқарту, тұтынушылар үшiн бiрыңғай тариф белгiлеу, "Усть-Каменогорские
тепловые сети" Ашық Акционерлiк Қоғамының, "Востоктеплоэнерго",
"Металлургжилсервис" Мемлекеттiк Кәсiпорындарының iшкi қарыздарын өтеу
мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесi төмендегiдей мақсаттар үшiн

қайта ұйымдастырылсын: - "Востоктеплоэнерго", "Металлургжилсервис"
Мемлекеттiк кәсiпорындары жойылып, олардың мүлiктiк кешендерi
"Усть-Каменогорские тепловые сети" Акционерлiк Қоғамының жарғылық
капиталына берiлсiн.

2. Шығыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi

аумақтық комитет заңмен белгiленген тәртiпте жою және қайта ұйымдастыру
үрдiсiн өткiзсiн.

3. Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасына 1998

жылғы 13 ақпанда жасалған N 55 Басқару келiсiм-шартын 10 жылға дейiн
ұзартып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тапсырылсын.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 874 шешімімен.

4. Келiсiм-шарт шартымен акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқаруға

берген үшiн, кәсiпорынның тұрақты және iркiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету
үшiн, жалақы бойынша, бюджетке және бюджеттен тыс қорлар алдындағы
кредиторлық қарызды өтеген үшiн, жылу энергиясын өндiру және тасымалдау
шығынын төмендеткен үшiн, мердiгерлiк ұйымдардың күз және қыс мезгiлiндегi
жұмысқа дайындық жүргiзу қызметiне төлем жасаған үшiн сыйақы төлеу
көзделсiн.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2000 жылғы 12 шілдедегі N 874 шешімімен.

5. Заңмен белгiленген тәртiпте "Облтеплокоммунэнерго" мемлекеттiк

кәсiпорыны жойылсын.

6. Осы шешiмiнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi

орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.

7. Осы шешiм қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.