Қолданыстағы ред. 23.02.2006

Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту от 23.02.2006 г. № 22-5 (Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту)

0

Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 392-394-ші баптарына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, аудандық салық комитетінің ұсынбасы бойынша аудандық Мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимі, ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының әр бір бірлігінен 1 (бір) жылға 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш 16480 теңге болып бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық салық комитетіне (А.Даулетов) міндеттелсін.

3

3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілсін.