Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 392-394-ші баптарына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, аудандық салық комитетінің ұсынбасы бойынша аудандық Мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимі, ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының әр бір бірлігінен 1 (бір) жылға 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш 16480 теңге болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық салық комитетіне (А.Даулетов) міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілсін.