Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль

Бұйрық · № 213 · қабылданған 30.05.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28137/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль Күшін жойған Бұйрық ·№ 213 ·30.05.2006
01.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль

Күшін жойған Бұйрық ·№ 213 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения тестирования государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль
Атауы (қаз.)
Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
30.05.2006
Көрсетілген редакция
01.02.2010 AI28137_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004245_
ЭКБ идентификаторы
28137
Редакция идентификаторы
AI28137_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:22

0 Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесін бекіту туралы

"Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесі бекітілсін.

2 2. Сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы:

осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесі

Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрлігінің Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2006 жылғы 30 мамырдағы
N 213 бұйрығымен бекітілген
Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437 қаулысымен бекітілген Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесіне (бұдан әрі - Аттестаттау ережесі) сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Аттестаттау ережесіне сәйкес аттестатталатын сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына (бұдан әрі - инспекторлар) тестілеу өткізудің тәртібін белгілейді.

3 3. Тестілеуді өткізудің мақсаты - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инспекторлардың кәсіптік біліктілігі, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын білу деңгейін объективті бағалау.

4 4. Тестілеуді Аттестаттау ережесіне сәйкес орталық (тұрақты) және өңірлік (көшпелі) аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - аттестаттау комиссиясы) өткізеді.

5 5. Аттестатталушылардың білім деңгейін бағалауға арналған тест сұрақтарын жинақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

6 6. Тестілеу жауап парақтарын толтыру түрінде сұрақ кітапшаларын пайдалану арқылы өткізіледі.

7 7. Тестілеудің дұрыстығы жағдайдың, уақыттың, нәтижелерді санаудың, нұсқаулықтың, тестілеу мазмұнының стандартқа сай келуі арқылы қамтамасыз етіледі.

8 8. Тестілеу:

1 1) тестілеуге дайындау;

2 2) тестіленушілердің тестіден өтуі;

3 3) нәтижелерді санау сияқты 3 кезеңнен тұрады.

2 2. Тестілеуге дайындалу

9 9. Уәкілетті органның басшысы айқындаған құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - жұмысшы орган) инспекторларға тестілеу өткізудің мерзімі туралы хабарлайды.

10 10. Егерде бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, онда тест өтетін бөлме тестіленушілердің жайғасуына ыңғайлы болуы керек. Тест кезінде оған қатысушыларға тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт аяқталғанға дейін тест өтіп жатқан жерді тастап шығуға, сөйлеуге рұқсат етілмейді.

11 11. Барлық тестілеу материалдары алдын ала дайындалуы және аттестаттау комиссиясы оны тексеруі тиіс.

3 3. Тестіленушілердің тесттен өтуі

12 12. Тестілеу тестіленушінің таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.

13 13. Тест тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі. Тест сұрақтары 100 сұрақтан тұрады.

14 14. Тесті орындауға берілген уақыт біткен соң жауаптар парағын толтыруға тыйым салынады.

4 4. Нәтижелерді санау

15 15. Тестілеудің нәтижелерін санауды сұрақ кітапшаларды, дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып 3 сағат ішінде аттестаттау комиссиясы өткізеді. Таныстырылғаннан кейін тестен өтушілер нәтижесі жазылған параққа қол қояды.

16 16. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) органдар басшыларының дұрыс жауаптары 80 пайыздан, ал аттестаттауға жататын адамдардың санатына жататындардікі 70 пайыздан төмен болса өтпеді деп есептеледі.

17 17. Тесттен өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған тестіленуші әңгімелесуге жіберілмейді.

Бұл ретте, тестіленуші кемінде алты ай өткеннен кейін қайта тесттен өтуі мүмкін.
Қайта тесттен өту кезінде тестіленуші тағы да шекті мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы инспектор аттестатталмады және атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген шешім қабылдайды.

18 18. Тестілеу өткен соң тест нәтижелерінің бір данасы аттестаттау комиссиясының жұмысшы органында 3 жыл бойы, ал екінші данасы аттестатталушының жеке ісінде тұрақты сақталады.

19 19. Тестілеу кезінде туындаған даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қаралады.

Қолданыстағы