Қолданыстағы ред. 30.01.2006

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы от 30.01.2006 г. № 53 (Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы)

0

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын. (№1 жалғама)

2

2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері № 2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Ермеғали) және аудандық экономика және қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4

4. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.

5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға көмек беру туралы комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 53 қаулысымен бекітілген
№ 1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Балғайшиев Арман Байзақұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Нұрмағамбетов Берік Базарұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Ермеғали Мақсот Иісұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Тулегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша)
Мұхамедрахимова Әлфия - аудандық “Еңбек туы” газетінің редакторы.
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі.
Мұханова Әсемгүл Жайықбайқызы – аумақтық медицина бірлестігінің терапевті

6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері

Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 53 қаулысымен бекітілген
№ 2 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері

1

1. Жақын туыс қайтыс болғанда:
10 айлық есептік көрсеткіш

2

2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:
8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

3

3. Емделуі үшін:
9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

4

4. Залал келгенде:
11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.