Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын. (№1 жалғама)
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері № 2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Ермеғали) және аудандық экономика және қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
Басқа 5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 53 қаулысымен бекітілген
№ 1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Балғайшиев Арман Байзақұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Нұрмағамбетов Берік Базарұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Ермеғали Мақсот Иісұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Тулегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша)
Мұхамедрахимова Әлфия - аудандық “Еңбек туы” газетінің редакторы.
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі.
Мұханова Әсемгүл Жайықбайқызы – аумақтық медицина бірлестігінің терапевті
Басқа 6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері
Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 53 қаулысымен бекітілген
№ 2 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері
Тармақ 1
1. Жақын туыс қайтыс болғанда:
10 айлық есептік көрсеткіш
Тармақ 2
2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:
8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
Тармақ 3
3. Емделуі үшін:
9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақ 4
4. Залал келгенде:
11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.