Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 131 · қабылданған 06.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28191/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Күшін жойған Жарлық ·№ 131 ·06.06.2006
12.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Күшін жойған Жарлық ·№ 131 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
131
Қабылданған күні
06.06.2006
Көрсетілген редакция
12.02.2019 28191_402479.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U060000131_
ЭКБ идентификаторы
28191
Редакция идентификаторы
28191_402479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:20

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 40, 417-құжат):

1-қосымшада:
3-тармақтың 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын," деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1), 3-2), 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) елдiң дамуындағы аса маңызды бағыттар бойынша стратегиялық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;";
"2-1) елеулi әлеуметтiк-саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және өзге де салдарлармен байланысты дағдарысты жағдайлардың алдын алу жөнiндегi жедел шешiмдердi, соның iшiнде жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды дайындау;";
"3-1) Бас прокуратураның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң, Сыртқы iстер, Қорғаныс, Iшкi iстер, Төтенше жағдайлар, Әдiлет министрлiктерiнiң, Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң бiрiншi басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау;
3-2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттiк органдар басшыларының есептерiн тыңдау;";
"8-1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;";
3) тармақшада:
"үйлестiру" деген сөзден кейiн ", талдау, мониторинг жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
"құқық қорғау, орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен алмастырылсын;
6-тармақта:
"тұрақты мүшелерiнен және" деген сөздер алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының", "Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының", "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздермен алмастырылсын;
7, 8, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісiнiң Төрағасы, Парламентi Сенатының Төрағасы, Премьер-Министрi, Президентi Әкiмшілігiнiң Басшысы, Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Сыртқы iстер министрi, Қорғаныс министрi лауазымы бойынша Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi болып табылады.
8. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi етiп өзге де лауазымды тұлғаларды қосымша тағайындауы мүмкiн.";
"13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының ұсынуы бойынша құрылымы мен штатын Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы айқындайтын Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшылығы, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Ахуалдық орталығы қамтамасыз етедi.";
12-тармақта:
мынадай мазмұндағы бiрiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Қауiпсiздiк Кеңесi қабылдаған шешiмдер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.";
"Қауiпсiздiк Кеңесi мүшелерiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
"Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының" деген сөздермен алмастырылсын;
14-тармақта:
"Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының" деген сөздермен алмастырылсын;
"Жұмыс топтарының мiндеттерi мен құрамын Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы айқындайды." деген сөйлем "Ведомствоаралық комиссиялардың қызметiн үйлестiрудi, жұмыс топтарының мiндеттерi мен құрамын айқындауды Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы жүзеге асырады." деген сөйлеммен алмастырылсын;
15-тармақ алып тасталсын;
16-тармақта:
"оның Хатшысының" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының" деген сөздермен алмастырылсын;
17-тармақта "Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы" деген сөздерден кейiн "және Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Ахуалдық орталығы" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақта "Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысының" деген сөздермен алмастырылсын;
20-тармақта "Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздермен алмастырылсын;
21-тармақта:
"Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздермен алмастырылсын;

2 2) тармақшада "Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының" деген сөздерден кейiн "және Қауiпсiздiк Кеңесi Ахуалдық орталығының" деген сөздермен толықтырылсын;

4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету, елдегi және шетелдегi iстiң жағдайы туралы оны уақтылы әрi толық хабардар ету, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерiн сөзсiз әрi егжей-тегжейлi орындау және олардың орындалуын бақылау мақсатында:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне;
министрлiктерге және өзге де орталық атқарушы органдарға;
Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - тиiсiнше сот төрелiгiн жүзеге асырумен, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-iздестiру қызметi функцияларын жүзеге асырумен байланысты емес мәселелер бойынша;
Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетiне;
Ұлттық Банкке;
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының әкiмдерiне тапсырмалар беруге хақылы;";
2-қосымшаның күшi жойылды деп танылсын;

2 2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.10.12. N 201 жарлығымен.

3 3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

4 4) күші жойылды - ҚР Президентінің 2008.03.11. N 552 Жарлығымен.

5 5) "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығында :

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiк Басшысы"
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы
деген жол мынадай мазмұндағы жолмен алмастырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiк Басшысымен";
Президентiнiң көмекшiсi -
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы

6

2 2. Қазақстан Республикасының Yкiметi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы