Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане
Күшін жойған
Қаулы
·№ 23-10-482п
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест в городе Астане
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-10-482п
- Қабылданған күні
- 29.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2016 28262_138155.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06A000441_
- ЭКБ идентификаторы
- 28262
- Редакция идентификаторы
- 28262_138155
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:22
0 Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
1-1 1-1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
1-2 1-2. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсін.
Әкiм
Әкiмнiң бiрiншi орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
Құжаттамалық сараптама
бөлiмiнiң меңгерушiсi
"Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры