Қолданыстағы ред. 09.06.2006 (Редакция 28265_339509.kaz)

Жәнібек ауданының елді мекендеріндегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы от 09.06.2006 г. № 26-7 (Жәнібек ауданының елді мекендеріндегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы)

0

Жәнібек ауданының елді мекендеріндегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сай аудандық мәслихат шешім етеді:

1

1. Қоса беріліп отырған Жәнібек ауданының елді мекендеріндегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесі бекітілсін.

2. Жәнібек ауданының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау ЕРЕЖЕСІ

Жәнібек ауданының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже қоршаған ортаны қалыптастыру үшін Жәнібек ауданы елді мекендерін көркейтудің негізгі элементі ретінде оларда жасыл желекті екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық және табиғат заңнамаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ереже Жәнібек ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) жасыл желекті екпелер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді мекеннің біртұтас жасыл желекті қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш, бұта және шөп өсімдіктері;

2

2) жасыл желекті құрылыс - елді мекендерде және басқа объектілерде жасыл желекті екпелер алқаптарын құру, сақтау және ұлғайту. Көлем едәуір үлкен учаскелерді көгаландыру жобалық тапсырманың негізінде және оның негізінде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі;

3

3) жалпы жарт пайдаланатын жасыл желекті екпелер - аудан мен елді мекендердің халқын рекреациялауға арналған жасыл желекті екпелер аумағы (орман алқабылар, саябақтар, бақшалар, саяжолдар, тоғайлар, ағаш топтары, су қоймалары жанындағы жеке ағаштар, оңаша бұталар; бұтадан жасалған қоршаулар, қатар отырғызылғандар, көгіл аландар, гүлзарлар, гүлдер егілген үйме топырақтары);

4

4) шектеулі түрде пайдаланылатын жасыл желекті екпелер - тұрғын үйлердің, балалар, оқу және ғылыми мекемелердің, өнеркәсіп орындарының , спорт және сауықтыру кешендерінің көгалдандырылған аумағы;

5

5) арнайы мақсаттағы жасыл желекті екпелер - санитариялық-қорғаныштық, су корғаныштық-мелиорациялық, сельге, су тасқынына, өртке қарсы аймақтардың, зираттардың, жеміс бақтардың, питомниктердің, гүлзар-оранжереялар шаруашылықтарының көгалдандырылған аумағы;

6

6) өтемдік көгалдандыру - жойылған немесе бүлінген жасыл желекті екпелердің орнына оларды молықтыру;

7

7) жасыл желекті екпелердің өтемақылық құны - жасыл желекті екпелерді кұруға және ұстауға, соңдай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындылатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің кұндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;

8

8) көгаландырылған аумақтар - табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналысатын тұрғын үй қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскілері;

9

9) жасыл желекті екпелерді қорғау - жасыл желекті екпелерді сақтауға және молықтыруға бағатталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;

10

10) жасыл желекті екпелердің бүлінуі - ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтаса да, олардың жерделі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының бір тұтастығының зақымдануы, жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өрттеу және өзге нұқсан келтіру бүліну болып табылады;

11

11) жасыл желекті екпелерді жою - ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру;

12

12) есепке алынатын объект - белгіленген шекарасы бар және жауапты меншік иелеріне-мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не жеке тұлғаларға меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;

2. 2. Жасыл желекті екпелер құрудың, күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері

2. Жасыл желекті екпелер құрудың, күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері

2

2. Ауданының елді мекендердің аумағында орналасқан барлық жасыл желекті екпелер елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.

3

3. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік селері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуге міндетті.

4

4. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереже белгіленген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптары сақтай отырып жүзеге асырылады.

5

5. Белгіленген тәртіппен келісілген елді мекенді дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, аудан, ауыл аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.

3. 3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері

3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері

6

6. Азаматтардың:

1

1) осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттеліктерін қанағаттандыру үшін бастарда, парктерде, емін-еркін жүріп-тұрұға, меруендетуге, спорт пен шұғылдануға және өзге мақсаттарда болуға құқығы бар. Аудан, ауыл халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген учаскелерін пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;

2

2) ауданның, ауылдың жасыл желекті қорының жай-күйі, он қорғау шаралары мен дамыту перспективалары туралы шынайы ақпарат алуға;

3

3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желек желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;

4

4) іске асырылуы ауданның, ауылдың жасыл желек қорына зиян келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы бастамашылық жасауға;

5

5) ауданды, ауылды, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

6

6) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік орган дар мен ұйымдардың жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөнінде міндеттеме қабылданған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:

1

1) жасыл желекті екпелердің сақталуын және оларға білікті кутім жасалуын қамтамасыз етеді;

2

2) аудан құрылысы, экологиялық, санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және жасыл желекті екпелерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді;

3

3) осы Ережеге белгіленген тәртіппен рәсімделген жасыл желекті екпелерді қазып әкетуді (қайта отырғызуды) жүзеге асырады;

4

4) жергілікті атқарушы органдырының рұқсатымен ағаштарды жақсарту мақсатында кеседі, ағаш-бұта өсімдіктеріне олардың нобайын қалыптастыру және оларды санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын жүргізеді;

5

5) жеңішке сымдар қорғалатын аймақта (1 метр радиуста), сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмір белгілерін жауып тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отырады. Бұталар кесу электр сымдары желісінің иелерімен келісілген кесте бойынша жұмыс түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың бақылауымен жүргізіледі;

6

6) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталар тасып әкетеді.

8

8. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде және жер заңнамасында көзделген жер айналымының басқа нысандарда жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер жаңа меншік иесіне, жалгерлерге көшеді.

4. 4. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау

4. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау

9

9. Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады.

10

10. Жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мынараларға:

1

1) бақтар, жаяу адамдар жүретін аллеялар - жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;

2

2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандырылған саябақтар - осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;

3

3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да жеке иеліктердің бүйірінің (алдыңғы жағының) ажырамас бөлігін құрайтын жалпы жарт пайдаланатын жасыл желекті екпелер - осы жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;

4

4) ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп берілген учаскелердегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды тікелей осы ұйымдар жүзеге асырады;

5

5) санитариялық қорғаныштық аймақтарда - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар) санитариялық-қорғаныштық аймақтар шекарасында жүзеге асыраады;

6

6) квартал ішіндегі жасыл желекті екпелер, үй қасындағы аумақтардағы екпелер жер пайдалану шекарасында - тұрғын үй қорының меншік иелеріне жүктеледі.

5. 5. Жасыл желекті екпелерді құлату және қайта отырғызу

5. Жасыл желекті екпелерді құлату және қайта отырғызу

11

11. Жасыл желекті екпелерді құлатуға:

1

1) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген аудан құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілеріне орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

2

2) инженерлік көркейту объектілеріне, жер үстіндегі коммуникацияларға қызмет көрсету;

3

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік көркейту объектілерінде жою: ,

4

4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындылары бойынша тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар үшін нормативтерге сәйкес келетін үйлердің жарық деңгейін қалпына келтіру;

5

5) жасыл желекті екпелердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажет болға жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.

12

12. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін құлатуға тыйым салынады.

13

13. Үйлер мен құрылыстардан 5 метр жақын өскен, үйлерді тым қараңғылап жіберетін ағаштарды құлатуға санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындылары негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жергілікті атқарушы орган тегін береді.

14

14. Құрғақ, кеуіп бара жатқан және ауру ағаштар мен бұталардың қайда орналасқанына қарамастан оларды есепке алуды және таңбалауды азаматтар мен заңды тұлғалардың, көгалдандырылған аумақтардың пайдаланушыларының, меншік иелерінің және жалгерлерінің өтініштері бойынша жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

6. 6. Жасыл желекті екпелерге келтірілген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтіру

6. Жасыл желекті екпелерге келтірілген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтіру

15

15. Лауазымдық тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрікеті немесе әрікетсіздігі салдарынан көп жылдық жасыл желекті екпелердің жоғалуы (қалауы, жойылуы) ақшалай немесе затай нысанда толық өтілуге жатады.

16

16. Өтемақылық көгалдандыру мына талаптар ескеріле отырып жүргізіледі:

1

1) қалпына келтірген жасыл желекті екпелердің саны құлатылғандар санынан 5 есе кем болмауы тиіс;

2

2) қалпына келтіру әдетте ағаш құлатылған аумақ шегінде жүргізіліп, ағаштар тамыр топырағымен бірге отырғызылады.

17

17. Өтемақылық көгаландыру құлату мүддесі үшін жүргізілетін азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Заңсыз құлату, жою фактілері бойынша өтемақылық көгалдандыру кінәлі адамды анықтау мүмкін болмағанда, жасыл желекті екпелер табиғи жолмен қурап қалғанда аудан бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жасыл желекті екпелерді мүддесі үшін құлатылған заматтар мен заңды тұлғалар ақшалай түрде өтемақылық құнды жергілікті бюджетке аударады.

7. 7. Жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік

7. Жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік

18

18. Жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқық бұзұшылық үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

19

19. Заңды тұлғалар, лауазымды адамдар және азаматтар осы ереженің талаптарын орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы“ Кодексінің 300, 387-ші баптарына сәйкес жауапқа тартылады.