Қолданыстағы ред. 27.01.2006 (Редакция 28272_249084.kaz)

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы от 27.01.2006 г. № 207 (Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы)

0

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 540 бабына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы (Кәмелетке толмағандардың құқықтарны қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже) 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясы құрамы №1 қосымшаға сәйкес құрылсын .

2

2. Осы қаулыға қоса беріліп отырған комиссия туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Комиссияның дербес құрамы Зайсан аудандық мәслихатының кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын.

4

4. Аудан әкімініғ( 2002 жылғы 09 шілдедегі №1-771 ші «Жасөспірімдер құқығын қорғау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы» өкімінің күші жойылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Биқадамовқа тапсырылсын.

6. Аудандық кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау комиссиясы құрамы :

Аудан әкімінің
2005 жылғы 27 қаңтардағы
№ 207 қаулысына № 1 қосымша
Аудандық кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау комиссиясы құрамы :
Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Молдаханов Серік Дәделұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (өз келісімімен)
Сәкібаева Сайраш Ғазизқызы - аудандық білім бөлімінің “Қорғаншылық және қамқоршылық» комиссиясының іс жүргізушісі, комиссия хатшысы
комиссия мүшелері:
Мухаметкариева Зухра Ағзамовна - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Абдығалиева Сания Серікбайқызы - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Гайсина Нургиза Кобжасаровна - Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің өкілі (өз келісімімен)
Жусупов Даурен Оралбекұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдердің ісі жөніндегі инспекторы (өз келісімімен)
Иманқүлова Гүлнар Қасымқызы - аудандық «Достық» газетінің тілшісі (өз келісімімен)
Қажанов Зайсанбек Қажанович - аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы
Аппарат басшысы
Б.Түстікбаев

7. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімінің
2006 жылғы 27 қаңтардағы
№ 207 қаулысына № 2 қосымша
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
І. Жалпы бөлім

1

1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларының кешенді шешілуін іске асыруға біріңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.

2

2. Комиссия Зайсан аудандық әкімдігі жанынан құрылған. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясымен бекітіледі.

3

3. Комиссия құрамы төрағадан (әлеуметтік салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарынан), төрағаның орынбасарынан (ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасарынан), комиссияның 6 мүшелерінен және аудандық білім бөлімінің аппаратында лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.

4

4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүдделі ішкі істер органдарының, білім, денсаулық сақтау, рпорт және өзге де ведомстволар өкілдерін біріктіреді.

5

5. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері шарттар негізінде жүзеге асырады.

6

6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты.

7

7. Комиссия қызметі:

1

1) заңдылық;

2

2) кәмелетке толмағандармен адамгершілік қарым - қатынас;

3

3) кәмелетке толмағандарға, ата - анасына немесе оның заңды өкілдері сыйласымды қарым -қатынас;

4

4) кәмелетке толмағандар, ата - анасы немесе оның заңды өкілдері туралы ақпараттың жариялауға жатпайтындығы ;

5

5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша оның ата- анасымен немесе заңды өкілдерімен өзара іс -қимыл жасау ;

6

6) комелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершілігі
қағидаларына негізделеді.

2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

8

8. Аудандық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1

1) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, кұқық
бұзушылыктары мен қадағалаусыз қалуының алдын - алу, оларды тудыратын себептерді жою,балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтыры мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі іс- шараларды әзірлеу;

2

2) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық
бұзушылыктары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы мәселелерін шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжірибелерін қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру - әдістемелік көмек көрсету;

3

3) әділет органдары мен өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен тіркелгеп қоғамдық бірлестіктермен, діни ұйымдармен, сондай - ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және өзге қоғамға қарсы іс- кимылдарының профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі азаматтармен өзара іс - қимыл жасау;

4

4) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсітудің барлық нысандарынан , жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.

9

9. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

1

1) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құкықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған фактілері туралы мүдделі ведомстволарға жүйелі хабарлап отыру;

2

2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сактау, олардың өмір сүру, тәрбие, білім беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөнінде аудандық бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

3

3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

4

4) комиссия қаулыларында және ұсынымдарында көрсетілген кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөніндегі шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды тұлғаларды белгіленген тәртіппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

5

5) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай - күйі туралы, сондай - ақ кәмелетке тодмағандардың
құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың анықталған фактілері туралы мүдделі органдарды хабардар ету;

6

6) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және коғамға қарсы әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау, талдау және оларды жою жөніндегі шараларды белгілеу;

7

7) білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөніндегі ұсынымдарды енгізу туралы ұсыныстарды құзыретті органдарға жіберу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

8

8) білім беру ұйымдарында олардың меншік түріне қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай - күйін зерттеу.

10. 3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі

3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
10. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқык бұзушылыктар туралы заңнамасымен өзінің құзыретіне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды:

1

1) кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды
өкілдерінің өтініші бойынша;

2

2) өзінің жеке бастамасы бойынша;

3

3) азаматтардың ақпараттары бойынша;

4

4) білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру - құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері;
қылмыстық жауапкершілік туындаған жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанаға қатысты ішкі істер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата- анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесімдерімен белгіленген тәртіппен қарайды.

11

11. Комиссия отырыстарын дайындау.
Комиссияның қарауына келіп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала зерттейді.
Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды. алдын ала зерттеу процесінде ол:

1

1) осы материалдардың деректерін қарау оның құзыретіне жататындығын;

2

2) комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберін;

3

3

3) материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшін жағдайларға қосымша тексеру жүргізу, қосымша материалдарды талап ету қажеттілігін анықтайды.
Комиссия материалдарды алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша мынандай шешімдер қабылдай алады:

1

1) материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуға міндетті деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету;

2

2) келіп түскен материалдардағы мәліметтерге тексеру жүргізу немесе оны жүргізуді тиісті мамандарға тапсыру;

3

3) комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердің нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның , оның ата -анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішін қарау;
Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейін оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетілген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы қағазында түсіндіріледі.
Комиссияның алған материалдарды олардың комиссияға келіп түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуы тиіс.

12

12. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуін қамтамасыз
ету.
Кәмелетке толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарды деуге негіз болған кезде, комиссия келуін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті ата-анасына немесе өзге заңды өкілдеріне, не ол тәрбиеленетін білім беру ұйымдары әкімшілігіне жүктейді, олар осы мәселе бойынша жазбаша міндеттемелер береді.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне хабарлағаннан кейін комиссия отырысына дәлелді себептерсіз келмеген ретте:

1

1) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған , он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар;

2

2) әкімшілік құкық бұзушылық жасаған, он алты жасқа шыққан кәмелетке толмағандар мәжбүрлеп жеткізіледі.

4. 4. Комиссия өкілеттілігі

4. Комиссия өкілеттілігі

13

13. Комиссия мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысында мыналарға құқылы:

1

1) Комиссияның жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды атқарушы және құқық қорғау органдарынан сұрау және алу;

2

2) мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлерін Комиссияның жұмысына тарту;

3

3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының , құқық бұзушылык- тары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу , оларды тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніддегі жағдайды Комиссия отырыстарында қарау;

4

4) Комиссия қызметіне қатысты мәселелер бойынша атқарушы және құкык қорғау органдарының есептерін тыңдау;

5

5) кәмелетке толлмағандардың қылмыс жасауының, құқық
бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу, оларды
тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың кұқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.

14. 5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
14. Комиссия отырысы қажетіне қарай, айына бір реттен кем емес өткізіледі.

15

15. Комиссия отырыстарында қаралатын материалдарды әзірлеуді комиссияның жауапты хатшысы жүзеге асырады.Комиссия қажет болса істері қаралатын тұлғалардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықтьі жері бойынша көшпелі отырыс өткізе алады.

16

16. Комиссия отырыс егер оған, комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем емесі қатысса заңды болып табылады.Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.

17

17. Комиссия отырысында Комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді.

18

18. Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды.

19

19. Комиссия шешімі отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінін жай көпшілік дауысымен қабылданады.Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

20

20. Комиссия шешіміне төрағалық етуші және жауапты хатшысы қол
қояды,комиссия отырысында жарияланады және шағымдануға
белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді.

21

21. Комиссия шешімі тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберіледі.
Аппарат басшысы
Б.Түстікбаев

5