Қолданыстағы ред. 15.05.2006

Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы от 15.05.2006 г. № 142/118 (Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы)

0

Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 8, 12-баптарына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты мен Жангелдин ауданының әкімдігі ШЕШТІ және ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің қарауына төменгі ұсыныстар енгізілсін:
Тұрғындары басқа жерге қоныс аударуына байланысты Жангелдин ауданы бойынша төмендегі елді - мекендер таратылсын:
- Саға ауылдық округінің Алтынсарин селосы;
- Сужарған ауылдық округінің Бәйтемір селосы;
- Амангелді ауылдық округінің Құмкөл селосы;
- Қалам - Қарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс селосы;
- Жангелдин ауылдық округінің Қуат селосы;
- Албарбөгет ауылдық округінің Қарақоға селосы.

2

2. Жангелдин ауданының төмендегі ауылдық округтері селолар санатына өзгертілсін:
- Сужарған ауылдық округі - Сужарған селосы;
- Жангелдин ауылдық округі - Аралбай селосы болып қайта құрылсын.

3

3. Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің шекаралары өзгертіліп, құрамына жер пайдалану шекараларының шегінде Жаңақұрылыс селосының (жалпы аумағы 3929 гектар) аумағы қосылсын.

4

4. Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі Көлқамыс селосының шекаралары өзгертіліп, құрамына жер пайдалану шекараларының шегінде Қарақоға селосының (жалпы аумағы 5449 гектар) аумағы қосылсын.

5

5. Таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктер Жангелдин ауданының әкімдігімен Жангелдин ауданының мәліметтер есебінен шығарылсын.