Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 8, 12-баптарына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты мен Жангелдин ауданының әкімдігі ШЕШТІ және ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің қарауына төменгі ұсыныстар енгізілсін:
Тұрғындары басқа жерге қоныс аударуына байланысты Жангелдин ауданы бойынша төмендегі елді - мекендер таратылсын:
- Саға ауылдық округінің Алтынсарин селосы;
- Сужарған ауылдық округінің Бәйтемір селосы;
- Амангелді ауылдық округінің Құмкөл селосы;
- Қалам - Қарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс селосы;
- Жангелдин ауылдық округінің Қуат селосы;
- Албарбөгет ауылдық округінің Қарақоға селосы.
Тармақ 2
2. Жангелдин ауданының төмендегі ауылдық округтері селолар санатына өзгертілсін:
- Сужарған ауылдық округі - Сужарған селосы;
- Жангелдин ауылдық округі - Аралбай селосы болып қайта құрылсын.
Тармақ 3
3. Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің шекаралары өзгертіліп, құрамына жер пайдалану шекараларының шегінде Жаңақұрылыс селосының (жалпы аумағы 3929 гектар) аумағы қосылсын.
Тармақ 4
4. Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі Көлқамыс селосының шекаралары өзгертіліп, құрамына жер пайдалану шекараларының шегінде Қарақоға селосының (жалпы аумағы 5449 гектар) аумағы қосылсын.
Тармақ 5
5. Таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктер Жангелдин ауданының әкімдігімен Жангелдин ауданының мәліметтер есебінен шығарылсын.