Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О местах таможенного оформления природного газа, перемещаемого трубопроводным транспортом

Бұйрық · № 53_П · қабылданған 10.03.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2833/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О местах таможенного оформления природного газа, перемещаемого трубопроводным транспортом Күшін жойған 15.02.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О местах таможенного оформления природного газа, перемещаемого трубопроводным транспортом

Күшін жойған Бұйрық № 53_П 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О местах таможенного оформления природного газа, перемещаемого трубопроводным транспортом
Атауы (қаз.)
Құбырлы көлік арқылы өткізілетін табиғи газдарды кедендік ресімдеудің жерлері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53_П
Қабылданған күні
10.03.1999
Көрсетілген редакция
15.02.2001 AI2833_1.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000744_
ЭКБ идентификаторы
2833
Редакция идентификаторы
AI2833_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Құбырлы көлік арқылы өткізілетін табиғи газдарды кедендік ресімдеудің жерлері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Жарлығының 154 бабына сәйкес батыс және оңтүстік жүйеден құрылған, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы табиғи газдың өтілуін жүзеге асыратын магистральды газ құбырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтілетін табиғи газды кедендік ресімдеу табиғи газды өткізетін тұлғаны қай жерде тіркелгеніне қарамастан, табиғи газды тұтынуға (жөнелтуге) шығаратын қызмет аймағындағы кеден органдары жүргізсін.

2. Жер астындағы газ қоймаларына құйылатын табиғи газдарды кедендік ресімдеу:

"Базой" - Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
"Полторацкое" - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
"Ақыр-төбе" - Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.

3. "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-ның транзитпен және жеке мұқтаждық пен шығынға (ЖМПШ) тасымалданып өткізілетін табиғи газды кедендік ресімдеу:

батыс жүйесі бойынша ("Бұхара-Орал", "Орта-Азия-Орталық", "Одақ", "Мақат-Солтүстік Кавказ", "Орынбор - Новопсковск" газ құбырлары) - Батыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін;
оңтүстік жүйесі бойынша ("Бұхардың газ айдау аудандары - Ташкент-Бішкек-Алматы", "Газли-Шымкент" газ құбырлары) - Алматы қаласы
бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.

4. Осы бұйрықтың мәтіндік мәліметі кеден басқармаларына, кедендерге жеткізілсін.

5. Бұйрықтың орындалуын қадағалау Энергиялық қорларға кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасына (А. Садықов) жүктелсін.