О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в летний период
Күшін жойған
Қаулы
·№ 147
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в летний период
- Атауы (қаз.)
- Жазғы кезеңде облыстың су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 22.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2012 28345_198071.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06T0002464
- ЭКБ идентификаторы
- 28345
- Редакция идентификаторы
- 28345_198071
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:24
0 Жазғы кезеңде облыстың су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, жазғы кезеңде облыстың су тоғандарында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері:
1 1) жазғы маусым кезеңінде облыстың барлық су тоғандарын есепке алсын;
2 2) демалыс аймақтары мен базалары және басқа да су объектілері бар барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдар құтқару бекеттерін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
3 3) өзендер мен су тоғандарының жағалау белдеулерін көркейту, түбін тазалау жұмыстарын жүргізсін;
4 4) шомылатын (жағажайлар) жерлерді анықтасын және облыстық суда-құтқару қызметіне құтқару бекеттерінің қызметкерлері үшін орын-жай бөлуге жәрдемдессін;
5 5) Атырау облыстық суда-құтқару қызметімен бірлесіп, облыстың су тоғандарында адамдар қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтсін, жазғы кезеңде су тоғандарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша радио, теледидар, баспасөзде сөз сөйлеулерді ұйымдастырсын.
2 2. Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы Атырау облыстық суда-құтқару қызметінің жазғы маусым кезеңіндегі жұмысын ұйымдастырсын.
3 3. Атырау облыстық суда-құтқару қызметі:
1 1) жазғы маусымда құтқару станцияларын жеке құрам және іздестіру топтарымен жиынтықтасын;
2 2) барлық құтқару станцияларын тәулік бойы кезекшілікке, маневрлік-іздестіру тобын жоғары дайындық режиміне көшірсін;
3 3) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық қолда бар құтқару құралдарының, сүңгуірлер санының есебін жүргізсін.
4 4. Атырау облысы Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша) Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) жазғы маусым кезеңінде облыс су тоғандарында, соның ішінде Каспий теңізі жағалауында күзетті күшейту ұсынылсын.
5 5. Атырау облысы Білім беру департаменті Атырау облыстық суда-құтқару қызметімен бірлесіп мектеп және оқу орындарының оқушылары арасында жазғы кезеңде облыс су тоғандарында қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
6
6. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 133 "Жазғы кезеңде облыс су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулысының (Атырау облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 7 шілдеде № 2048 тіркелген, 2004 жылғы 3 тамыздағы N 89 "Атырау" және 2004 жылғы 22 шілдедегі № 84 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.