Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу конституционного закона, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов"

Заң · № 377 · қабылданған 05.05.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2839/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу конституционного закона, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" Қолданыста 05.05.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу конституционного закона, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов"

Қолданыста Заң № 377 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу конституционного закона, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
377
Қабылданған күні
05.05.1999
Көрсетілген редакция
05.05.1999 AI2839_0.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000377_
ЭКБ идентификаторы
2839
Редакция идентификаторы
AI2839_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:11
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; 1999 жылы 16 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" конституциялық заң күшi бар жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" 1999 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Тақырыбы мен кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасының Парламентi және оның
депутаттарының мәртебесi туралы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.".

2. 3-баптағы, 10-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы, 25-баптың 2-тармағының 13) тармақшасындағы, 26-баптың 4-тармағындағы, 33-баптың 1-тармағындағы, 40-баптағы "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықта", "осы Жарлықтың", "осы Жарлықты", "Осы Жарлық" деген сөздер тиісінше "осы Конституциялы заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңның", "Осы Конституциялық заңды", "Осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлігі Мәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады.".

4. 4-бапта:

2-тармақтағы "әр екі жыл" деген сөздер "әр үш жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Парламент" деген сөз "Сенат" деген сөзбен ауыстырылсын, "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мәжілiс жетпiс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдiк жүйесi бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдердің негізінде сайланады.".

5. 13-баптың 1-тармағындағы", сондай-ақ заңдарды күшiне енгiзу мәселелерi жөнiндегi Парламенттiң нормативтік қаулылары" деген сөздер алып тасталсын.

6. 24-баптың 3-тармағындағы "Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылған немесе мерзiмi аяқталған жағдайда оның бұрынғы жұмысын (қызметiн) сақтауға немесе нақ сондай жұмыс (қызмет) тауып беруге кепілдік берілмейді." деген сөйлем алып тасталсын.

7. 30-бапта:

3-тармақтың 2) тармақшасындағы "тек қана өз" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Парламенттің депутатына оның өкілеттік мерзімі аяқталған соң, сондай-ақ ол отставкаға кеткен немесе Парламент таратылған жағдайда және ол жұмысқа орналасқан немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезге дейiн ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерiнде, бiрақ өкілеттігі
тоқтатылған немесе отставкаға кету туралы өтініш қанағаттандырылған күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт жәрдемақы төленедi.".

8. 39-баптың 5-тармағындағы "Үкімет Аппаратының" деген сөздер "Премьер-Министрі Кеңсесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.