Об утверждении перечня специальностей, поступление на работу в организации по которым освобождает военнообязанных от призыва на воинские сборы на весь период работы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня специальностей, поступление на работу в организации по которым освобождает военнообязанных от призыва на воинские сборы на весь период работы
- Атауы (қаз.)
- Ұйымдарға олар бойынша жұмысқа кiру әскери мiндеттiлердi жұмыс iстеп жүрген бүкiл кезеңiне әскери жиындарға шақырудан босататын мамандықтардың тiзбесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 570
- Қабылданған күні
- 22.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2013 AI28418_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000570_
- ЭКБ идентификаторы
- 28418
- Редакция идентификаторы
- AI28418_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:15
0 Ұйымдарға олар бойынша жұмысқа кiру әскери мiндеттiлердi жұмыс iстеп жүрген бүкiл кезеңiне әскери жиындарға шақырудан босататын мамандықтардың тiзбесiн бекiту туралы
"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қоса берiлiп отырған Ұйымдарға олар бойынша жұмысқа кiру әскери мiндеттiлердi жұмыс iстеп жүрген бүкiл кезеңiне әскери жиындарға шақырудан босататын мамандықтардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Ұйымдарға олар бойынша жұмысқа кiру әскери мiндеттiлердi жұмыс iстеп жүрген бүкiл кезеңiне әскери жиындарға шақырудан босататын мамандықтардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 маусымдағы
N 570 қаулысымен
бекiтiлген
Ұйымдарға олар бойынша жұмысқа кiру әскери мiндеттiлердi жұмыс iстеп жүрген бүкiл кезеңiне әскери жиындарға шақырудан босататын мамандықтардың тiзбесi
1 1. Мынадай мамандықтар бойынша әскери жиындардан босатылуға жататын Қазақстан Республикасының әскери мiндеттiлерi:
1 1) көмiр өнеркәсiбiнде:
жарушы;
тау-кен жұмысшысы (жер асты және тазарту забойының);
инженер (барлық атаудағы);
машинист (бұрғылау қондырғысының, тепловоздың, тарту агрегатының, экскаватордың);
машинистiң көмекшiсi (тарту агрегатының, экскаватордың);
үңгiлеушi;
құтқарушы;
2 2) тау-кен және металлургия өнеркәсiбiнде:
аппаратшы (барлық атаудағы);
агломератшы;
ұңғымалар мен шпурларды күрделi жөндеу бұрғылаушысы;
айналмасоғушы (құбырларды ыстықтай илектеу орнағының және ыстық илегiнiң);
жарушы;
газшы (домна және кокс пешiнiң);
газбен дәнекерлеушi;
геолог;
домна пешiнiң көрiкшiсi;
тау-кен жұмысшысы (жер асты және тазарту забойының);
үгiтушi;
инженер (барлық атаудағы);
бекiтушi;
зертханашы (барлық атаудағы);
қалайылаушы (барлық атаудағы);
құюшы (барлық атаудағы);
шебер (барлық атаудағы);
машинист (барлық атаудағы);
маркшейдер;
өздiгiнен жүретiн каротаж станциясының моторшысы;
механик (барлық атаудағы);
геофизика аппаратурасының реттеушiсi;
оператор (барлық атаудағы);
болат қорытушының көмекшiсi (конвертердiң, мартен пешiнiң, электр пешiнiң);
ферроқорытпалар балқытушысы;
үңгiлеушi;
сығымдаушы;
тазартушы;
қойылтқыш;
бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөнiндегi слесарь;
слесарь-жөндеушi (барлық атаудағы);
құтқарушы;
болат қорытушы;
токарь (барлық атаудағы);
флотатор;
электромеханик (жұмыстың барлық түрлерiнен);
электрмен дәнекерлеушi (барлық атаудағы);
электромонтер (барлық атаудағы);
электрослесарь (барлық атаудағы);
3 3) мұнай-газ өнеркәсiбiнде:
газбен дәнекерлеушi;
рентгено-, гаммаграфиялау ақаутапқышы;
инженер (барлық атаудағы);
технологиялық компрессорлар машинисi;
механик (барлық атаудағы);
жер асты құбыржолдарын тотығудан қорғау жөнiндегi монтер;
жөндеу жөнiндегi слесарь (жұмыстың барлық түрлерiнен);
бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөнiндегi слесарь;
құтқарушы;
желілік құбыржолшы;
электрмен дәнекерлеушi (барлық атаудағы);
электромонтер (барлық атаудағы);
4 4) химия өнеркәсiбiнде:
аппаратшы (барлық атаудағы);
оператор (барлық атаудағы);
зертханашы (барлық атаудағы);
инженер (барлық атаудағы);
құтқарушы;
электромеханик (жұмыстың барлық түрлерiнен);
электрмен дәнекерлеушi (барлық атаудағы);
электромонтер (барлық атаудағы);
электрослесарь (барлық атаудағы);
5 5) атом өнеркәсiбiнде:
аппаратшы (барлық атаудағы);
газбен дәнекерлеушi;
дозиметршi;
инженер (барлық атаудағы);
зертханашы (барлық атаудағы);
шебер (барлық атаудағы);
машинист (барлық атаудағы);
өздiгiнен жүретiн каротаж станциясының моторшысы;
механик (барлық атаудағы);
геофизикалық аппаратураның реттеушiсi;
оператор (барлық атаудағы);
слесарь-жөндеушi (барлық атаудағы);
токарь (барлық атаудағы);
электромеханик (жұмыстың барлық түрлерiнен);
электромонтер (барлық атаудағы);
электрослесарь (барлық атаудағы);
электрмен дәнекерлеушi (барлық атаудағы);
6 6) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында:
рентгено-, гаммаграфиялау ақаутапқышы;
дозиметршi;
инженер (барлық атаудағы);
жылу оқшаулағыштағы оқшаулаушы;
кәбiлшi-дәнекерлеушi;
машинист (барлық атаудағы);
метролог;
механик (барлық атаудағы);
радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеушi;
техник (барлық атаудағы);
бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөнiндегi слесарь;
электрмен дәнекерлеушi (барлық атаудағы).