Құжат мәтініне өту

О служебных телефонах и нормах площадей для размещения аппарата государственных органов

Қаулы · № 1217 · қабылданған 02.10.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2842/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О служебных телефонах и нормах площадей для размещения аппарата государственных органов Күшін жойған Қаулы ·№ 1217 ·02.10.1996
31.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О служебных телефонах и нормах площадей для размещения аппарата государственных органов

Күшін жойған Қаулы ·№ 1217 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О служебных телефонах и нормах площадей для размещения аппарата государственных органов
Атауы (қаз.)
Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1217
Қабылданған күні
02.10.1996
Көрсетілген редакция
31.03.2011 AI2842_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P960001217_
ЭКБ идентификаторы
2842
Редакция идентификаторы
AI2842_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:17

0 Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 335 Қаулысымен.
Мемлекет қаржысын үнемдеу режимiн күшейту және қызмет телефондарын пайдалануды ретке келтiру, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған қолда бар өндiрiстiк үй-жайлар қорын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1 1. Мыналарға:

орталық мемлекеттік органдардың басшыларына - бес таңбалы нөмірі бар телефондарды;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси мемлекеттік қызметшілеріне; ведомстволардың басшыларына - үкіметтік АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмірі бар телефондарын;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); ведомстволардың басшыларына, олардың орынбасарларына; департаменттердің басшыларына, олардың орынбасарларына; басқармалардың бастықтарына, олардың орынбасарларына (заңнамаға сәйкес осындай лауазым болғанда) - республика ішінде қалааралық байланысты;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға), ведомстволардың басшыларына - ТМД елдерімен халықаралық байланысты;
Үкімет мүшелеріне - алыс шет елдермен халықаралық байланысты пайдалану құқығы берілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.25 N 283 Қаулысымен.

2 2. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың әкiмдерiне республика iшiнде қалааралық байланысты пайдалану құқығымен (халықаралық байланысқа шығу құқығынсыз) пәтерлерiнде қызмет телефонын орнату құқығы берiлсiн.

3 3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi қызмет телефондары жөнiнде тиiстi шешiмдер қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қызмет телефондарына түгендеу жүргiзiп, оларды осы қаулыда белгiленген нормаларға сәйкестендiрсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне атқарылған жұмыс туралы 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ақпарат берсiн.

5 5. Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормалары бекiтiлсiн (N 1 қосымша).

Аталған нормативтер мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған жаңа объектiлердi жобалау мен салу кезiнде мiндеттi болып табылады.

6

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде қызметтiк үй-жайларға түгендеу жүргiзсiн және жекелеген министрлiктер мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды олардың штат кестесiне қарай қайта орналастыру жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.

7

7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктер мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды ұстауға арналған шығыстарды осы қаулыда белгiленген қызмет телефондарына арналған нормалар мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормативтерiне сәйкес қарастырсын.

8 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi мемлекеттiк органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.

9 Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың Уақытша нормалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 қазандағы
N 1217 қаулысына
қосымша
Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың Уақытша нормалары
___________________________________________________________________
Үй-жайдың атауы               |    Адам саны
|_______________________________
|  100 адам     |  150 адам
___________________________________________________________________             1                    |       2       |      3
___________________________________________________________________
Басқармалар үйi
1. Қызметкерлердiң бөлмелерi,       7,5 ш.м./адам    6,8 ш.м./адам
кабинеттерi                      750 ш.м.         1020 ш.м.
2. Конференц зал (акт залы және     0,7 ш.м./адам    0,7 ш.м./адам
т.б.)                            70 ш.м.          105 ш.м.
Алқалардың мәжiлiс залы          30 ш.м.          45 ш.м.
Төралқа бөлмесi                  12 ш.м.          12 ш.м.
Кониаппарат бөлмесi              36 ш.м.          36 ш.м.
Мүкәммал мен жиhаз үй-жайы       8 ш.м.           8 ш.м.
2-тармақ бойынша жиынтығы:       192 ш.м.         206 ш.м.
3. Бiрiншi басшының кабинетi        54 ш.м.          54 ш.м.
Орынбасардың кабинетi            36 ш.м.          36 ш.м.
4. Келушiлердi қабылдау және
олармен келiссөз жүргiзу
бөлмесi                          12 ш.м.          12 ш.м.
5. Архив және техникалық
әдебиеттер кiтапханасы           54 ш.м.          54 ш.м.
6. Архивке келушiлерге арналған
жұмыс орны (3 адам х 3 ш.м.)     9 ш.м.           9 ш.м.
7. Буфет                            36 ш.м.          36 ш.м.
8. Вестибюль 0,17 ш.м./адам         17 ш.м.          22,5 ш.м.
Гардероб / 0,08 ш.м. х
қызметкерлердiң 80%-i            8 ш.м.           12 ш.м.
9. Қызмет көрсетушi құрамның        8 ш.м.           8 ш.м.
үй-жайлары
10.Құжаттарды жою және макулатура
жинауға арналған үй-жайлар       6 ш.м.           6 ш.м.
11.Үй жинайтын мүкәммал
қоймасы (3 ш.м. х 2 дана)        6 ш.м.           6 ш.м.
12.Өрттен қорғау посты және
сигнализация                     20 ш.м.          20 ш.м.
13.Көшiру-көбейту қызметi       18 ш.м.+ 12 ш.м.  18 ш.м.+ 20 ш.м.
14.Жөндеу шеберханалары             36 ш.м.          36 ш.м.
15.Құрал-жабдық пен мүкәммал
қоймасы                          12 ш.м.          12 ш.м.
16.Кеңсе керек-жарақтарының
қоймасы                          12 ш.м.          12 ш.м.
17.Құпия құжаттармен жұмыс
iстеуге арналған үй-жай
(жекешелеген министрлiктер
үшiн)
- архив немесе сақтауға
арналған үй-жай                  18 ш.м.          18 ш.м.
- жұмыс үй-жайы                  18 ш.м.          18 ш.м.
18.Қосалқы үй-жайлар (дәлiздер,     Жиынтығының      Жиынтығының
желдеткiш, дәретханалар және     25 %-i           20 %-i
т.б.)
Ескерту: Мемлекеттiк басқару органдарын ғимараттарға орналастыру кезiнде жоғарыда көрсетiлген нормативтерден ауытқу болған жағдайда орналастырудың немесе объектiлердiң жоспарлануын өзгертудiң және қайта жаңартудың орындылығын Меммүлiккомы мен Құрылысминiнiң жұмыс комиссиясы техникалық-экономикалық есептеулер негiзiнде айқындайды.

Қолданыстағы