Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-4
- Қабылданған күні
- 24.05.2006
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2013 · қолданыстағы AI28434_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06GK000034
- ЭКБ идентификаторы
- 28434
- Редакция идентификаторы
- AI28434_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:24
0 Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шу ауданы бойынша қызметін дүркін-дүркін сипатта жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес және базар аумағындағы дүңгіршектердегі, станционарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданатын біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-3 «Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» Шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-27 тіркелген, 2006 жылдың 1 сәуірінде аудандық «Шу өңірі» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы Шешім Шу аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шу ауданы бойынша қызметін дүркін-дүркін сипатта жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны
Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы
24 мамырдағы № 23-4 Шешіміне
№ 1-Қосымша
Шу ауданы бойынша қызметін дүркін-дүркін сипатта жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар
үшін біржолғы талондардың құны
№
Қызметтің түрлері
Біржолғы талондардың құны (теңге)
1.
Сату (станционарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):
1 1)
газеттер мен журналдар
20
2 2)
өсімдік тұқымдар, көшеттер
30
3 3)
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер
50
4 4)
бал
60
5 5)
балық
120
2.
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлармен қызмет көрсету
200
3.
Үй жануарлары мен құстарды бағу.
1 1)
қала бойынша сиыр бағу
65
2 2)
ауыл бойынша сиыр бағу
25
12 Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, станционарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданылатын біржолғы талондардың құны
Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы
24 мамырдағы № 23-4 Шешіміне
№ 2-Қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, станционарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданылатын біржолғы талондардың құны
№
Сату түрлері
Біржолғы талондардың құны (теңге)
1.
Халық тұтыну тауарлары:
1 1)
заттар (киімдер, аяқ-киімдер)
ашық сөреден
100
жабық сөреден
150
2 2)
косметика және парфюмерия
70
3 3)
кеңсе және шаруашылық тауарлары
қолдан
30
ашық сөреден
100
жабық сөреден
150
4 4)
құрылыс материалдары
ашық сөреден
100
жабық сөреден
150
5 5)
жиһаз
100
6 6)
балалар ойыншықтары
60
7 7)
қолданыста болған тауарлар
10
8 8)
қосалқы бөлшектер
ашық сөреден
100
жабық сөреден
150
9 9)
кілем, паластар
100
10 10)
темекі өнімдері
60
11 11)
насыбай, әк, пісте,сыпырғыш
50
12 12)
нан өнімдері
60
13 13)
азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері, кәмпиттер пішіни)
ашық сөреден
100
жабық сөреден
150
14 14)
кондитерлік өнімдер
60
15 15)
ұн, қант
ашық сөреден
100
жабық сөреден
150
16 16)
салаттар
50
17 17)
талқан, тары
20
18 18)
саксаул
30
19 19)
арпа, бидай ұнтақтары
50
20 20)
кептірілген жемістер
100
21 21)
жеміс-жидектер
қолдан
40
ашық сөреден
100
жеңіл автокөліктен
100
2 тонналық жүк таситын автокөліктен
150
2 тоннадан аса таситын автокөліктен
200
3,5 тоннадан аса таситын автокөліктен
300
22 22)
сүт тағамдары (сүт, қымыз, шұбат, боза)
40
23 23)
сары және сұйық май
60
24 24)
тірі мал (әр бастан):
ірі қара,жылқы
100
қой, ешкі
50
қозы
30
құстар
20
25 25)
Қызметтер көрсету:
кілт жасау, пышақ қайрау
30
аяқ-киім жөндеушілер
30