Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях
- Атауы (қаз.)
- Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 27.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 AI28504_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004268_
- ЭКБ идентификаторы
- 28504
- Редакция идентификаторы
- AI28504_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:22
0 Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
3 3. Банктердің ең төменгі резервтік талаптарын айқындаудың бірінші кезеңі осы қаулы қолданысқа енгізілген аптадан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталатыны белгіленсін.
4 4. Осы қаулы қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
5 5. Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
0 Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 38 қаулысымен бекітілген
Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже
Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
1 1. Ең төменгі резервтік талаптар. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымы
1
1. Ең төменгі резервтік талаптар – банктердің есеп айырысуға қабылданатын міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бекіткен құрылымына, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың орындалу шарттарына, оларды резервтеу тәртібіне және нормативтердің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға сәйкес белгіленген банк міндеттемелері сомасының міндетті үлесі, оны банк өз кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттардағы ақша (резервтік активтер) түрінде қолдайды.
2 2. Ең төменгі резервтік талаптарды айқындау үшін әрбір банк үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері қолданылады.
3 3. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері - бұл тізбесі осы Ережеде белгіленген міндеттемелердің сомасынан пайызбен көрсетілген үлес.
4 4. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (бұдан әрі – резервтік міндеттемелер) банктің 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді) ішкі және сыртқы міндеттемелері құрайды.
5 5. Банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 1-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резиденттер алдындағы міндеттемелері.
5-1 5-1. Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 2-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резиденттер алдындағы міндеттемелері.
6 6. Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 3-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резидент еместер алдындағы міндеттемелері.
6-1 6-1. Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 4-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резидент еместер алдындағы міндеттемелері.
7 7. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша, ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша, сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша, сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша жеке-жеке белгіленеді.
8 8. Банк белгілі бір күнге ең төменгі резервтік талаптарды мынадай резервтік талаптар сомасы ретінде:
1 1) ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
2 2) ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;
3 3) сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
4 4) сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша есептейді.
9 9. Банк резервтік талаптарды есептеген кезде негізгі борыш, сыйақы және олар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша міндеттемелердің сомасы есепке алынады.
10
10. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) сәйкес мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) электрондық тасымалдағышта Ұлттық Банкке ұсынады.
11 11. Мәліметтерді:
1
1) филиалының саны оннан аспайтын банк, күн сайын (бұдан әрі - күн сайынғы мәліметтер) - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда); ай сайын (бұдан әрі - ай сайынғы мәліметтер) - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2
2) он және одан көп филиалы бар банк күн сайынғы мәліметтерді - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда) және ай сайынғы мәліметтерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
2 2. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау және оны резервтеу тәртібі
12 12. Банк ақшаны резервтік активтерге резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа алынған мөлшері ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп орналастырады.
13 13. Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі он төрт күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінде басталатын аптаның бірінші бейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінде басталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.
14 14. Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңі он төрт күнді құрайды және аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеудің он төрт күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісінде аяқталады.
3 3. Ең төменгі резервтік талаптардың орындалуын бақылау
15 15. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындауын бақылау олардың осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
16
16. Банк банктің бірінші басшысы не оның орнындағы тұлға және бас бухгалтері қол қойған, банктің мөрімен куәландырылған ең төменгі резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышта банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі бесінші күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күні айдың бірінші немесе соңғы жұмыс күніне сәйкес келген жағдайда, банк ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі күнтізбелік жетінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
17 17. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банк талаптар бұзылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Ұлттық Банкке Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің бұзылу фактісі және себептері туралы хабарлайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.
18 18. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін бірнеше рет (екі және одан көп рет) бұзған жағдайда Ұлттық Банк нормативтерінің бұзылу себептерін белгілейді және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкке шектелген әсер ету шараларын немесе санкциялар қолданады.
19
19. Банк Ережеге сәйкес талап етілетін ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не шынайы емес ақпарат ұсынған, сондай-ақ осы Ереженің өзге талаптарын орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкке шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданады.
20 20. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
1 Банктің ішкі қысқа мезімді міндеттемелерінің тізбесі
Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
1-қосымшасы
Банктің ішкі қысқа мезімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шот
Көрсеткiш атауы
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары
2034
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2038
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар
2068
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2201
Мемлекеттік бюджеттің ақшасы
2202
Кастодиан банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтары
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2209
Жеке тұлғалардың карт-шоттары
2210
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2212
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2216
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2221
Заңды тұлғалардың карт-шоттары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2225
Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек
2226
Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2228
Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар
2232
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2552
Клиенттермен есеп айырысу
2701
Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар
2703
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2706
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар
2717
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2726
Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2730
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2742
Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2743
Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2746
Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2747
Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзiмi өткен сыйақы
2755
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2891
Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша мiндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша мiндеттемелер
2899
Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
2 Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
2-қосымшасы
Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шот
Көрсеткiш атауы
2036
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2067
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2227
Алынған қаржы лизингi
2230
Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2745
Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
3 Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
3-қосымшасы
Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шот
Көрсеткiш атауы
2012
Шетелдiк орталық банктердiң корреспонденттiк шоттары
2013
Басқа банктердiң корреспонденттiк шоттары
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттары
2016
Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары
2022
Шетелдiк орталық банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары
2023
Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары
2024
Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2044
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар
2048
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзiмi өткен берешек
2052
Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар
2054
Басқа банктерден алынған қысқа мерзiмдi қарыздар
2058
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар
2068
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2122
Шетелдiк орталық банктердiң мерзiмдi салымдары
2123
Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр айға дейiнгi)
2124
Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр жылға дейiнгi)
2125
Басқа банктерден бiр түнге тартылған салымдар
2126
Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары
2130
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым
2131
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2133
Басқа банктердiң шартты салымдары
2135
Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2138
Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2209
Жеке тұлғалардың карт-шоттары
2210
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2212
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2216
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2221
Заңды тұлғалардың карт-шоттары
2222
Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2225
Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек
2226
Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2228
Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2232
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2551
Басқа банктермен есеп айырысу
2552
Клиенттермен есеп айырысу
2701
Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар
2702
Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар
2704
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар
2705
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2706
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар
2708
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2712
Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар
2713
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2714
Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2717
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердiң мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2722
Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2726
Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2730
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2742
Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2743
Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2746
Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2747
Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзiмi өткен сыйақы
2755
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2891
Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша мiндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша мiндеттемелер
2899
Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
4 Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
4-қосымшасы
Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шот
Көрсеткіш атауы
2046
Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2056
Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2057
Басқа банктерден алынған қаржы лизингi
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2067
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi
2127
Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2227
Алынған қаржы лизингi
2230
Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2745
Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
5 Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпарат __________________________________________________________________ (банктің атауы)
Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
5-қосымшасы
Нысан
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпарат __________________________________________________________________
(банктің атауы)
Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінің күні
Ішкі міндеттемелер
Ішкі міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар
Сыртқы міндеттемелер
Сыртқы міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді (2*n1)
Ұзақ мерзімді (3*n2)
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді (6*n3)
Ұзақ мерзімді (7*n4)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Ең төменгі резервтік талаптар (4+5+8+9)
Ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің күні
Резервтік активтер
Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы теңгемен ақша қалдығы
Қолма-қол теңге
Резервтік активтердің жиынтығы
10
11
12
13
14
n1 - ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n2 - ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n3 - сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n4 - сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі.
Кестені толтыруға арналған түсініктеме:
2-10, 12-14-бағандарындағы мәндер тұтас мың теңгемен көрсетіледі;
2-10, 12-14-бағандарындағы 500-ге тең және одан аз мәндер нөлге дейін дөңгелектенеді,
500-ден көп мәндер мыңға дейін дөңгелектенеді.
Бірінші басшы __________________________
(күні, қолы, аты-жөні)
Бас бухгалтер ___________________________
(күні, қолы, аты-жөні)
Мөр орны
6 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 38 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 21 қазан - 3 қарашада жарияланған.
2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы N 173 қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3717 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің "Қаржы Хабаршысы" және "Финансовый Вестник" ресми басылымдарының N 7 жарияланған.
3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 146 қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 20 желтоқсанда N 3978 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1 - 15 желтоқсанда жарияланған.