О введении "Журнала посещения и проверок должностными лицами"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении "Журнала посещения и проверок должностными лицами"
- Атауы (қаз.)
- "Лауазымды адамдардың келiп-кету және тексеру журналын" енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 637
- Қабылданған күні
- 19.01.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.01.1999 2857_259565.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V0000136
- ЭКБ идентификаторы
- 2857
- Редакция идентификаторы
- 2857_259565
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:22
0 "Лауазымды адамдардың келiп-кету және
тексеру журналын" енгiзу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
Шығыс Қазақстан облысында шағын кәсiпкерлiктiң орнығуы мен
экономикалық өсуiн жандандыру мақсатында және "Шағын кәсiпкерлiктi
мемлекеттiк қолдауды күшейту және дамытуды жандандыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы
N 3398 Жарлығын, "Азаматтар мен заңды тұлғалардың ерiктi
кәсiпкерлiк iс-қимылдарға құқысын қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi Жарлығын, сондай-ақ
"Шығыс Қазақстан облысының бақылаушы органдарының шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердi тексерудi жүргiзу тәртiбi туралы" облыстық Мәслихат
сессиясының 1998 жылғы 18 наурыздағы N 16/3 шешiмiн орындау үшiн
ШЕШІМ қабылдаймын:
1. "Лауазымды адамдардың келiп-кету және тексеру журналы" бекiтiлсiн.
2. Облыстық Мәслихаттың ХVI сессиясында бекiтiлген "Бақылаушы
органдардың тексерулердi жүргiзу тәртiбiне" сәйкес тексерудi жүргiзуге
құқысы бар облыстың бақылаушы қызметтерi мiндеттi түрде журналдың тиiстi
графаларын толтыруға тиiстi, мұнсыз кәсiпкердiң өз кәсiпорнын тексеруге
жол бермеуге құқысы бар.
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысының
бақылаушы органдарының жұмысын үйлестiру жөнiндегi жұмыс комиссиясының
төрағасына (Татаев М.Қ.) жүктелсiн.
4 Лауазымды адамдардың бақылаушы қызметтерге баруы мен тексеру
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 19 қаңтардағы N 637
шешімiне N 1 қосымша
Лауазымды адамдардың бақылаушы қызметтерге баруы мен тексеру
Журналы
______________________________________________________________________
(кәсiпорынның атауы)
"Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру
жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығын ~U963036 орындау үшiн және лауазымды адамдардың жеке бизнес
iстерiне негiзсiз араласу фактiлерiн болдырмау мақсатында.
Орындауға бақылау жасаушы: ШҚО шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
департамент, ¤скемен қаласы, М. Горький, 40 көшесi, 399, 323 к.
Тел: 26-36-41, 26-59-08
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-1 Заңынан
("Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылға 10
шiлдедегi N 283 ҚР Заңына сәйкес өзгерiстермен бiрге) үзiндi.
16-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне негiзсiз араласуға жол бермеу кепiлдiктерi
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттiк
органдардың лауазымды адамдарының негiзсiз араласуына жол берiлмейдi.
2. Егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында өзгеше
көзделмесе шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн
уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жылына бiр реттен жиi тексермейдi.
3. Адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, салық
органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа
жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар тарапынан ең жиi дегенде үш
жылда бiр рет тексерiлуi мүмкiн.
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
19 маусымдағы N 135-1 ҚР Заңынан үзiндi.
V тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi қорғау және оның кепiлдiктерi
29-бап. Мемлекеттiк органдардың жеке кәсiпкерлер қызметiне араласуын шектеу
1. Заң актiлерiнде белгiленген реттердi қоспағанда, мемлекеттiк
органдардың жеке кәсiпкерлер қызметiне араласуға қақысы жоқ.
2. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi ағымдағы тексерудi соған уәкiлеттi
бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, егер
заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, сондай-ақ мұндай тексерулер осының
алдындағы тексеру актiсiнде айтылған нұсқамалардың орындалуын бақылау
тәртiбiмен жүргiзiлетiн кезде болмаса, жылына бiр реттен жиi өткiзуге
болмайды.
Тексеру материалдары бойынша қылмыстық iс қозғалған реттерде мұндай
шектеулер қолданылмайды.
Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдар жалақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақытылы төленуiн,
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда
көзделген, мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiнiң сақталуын тексерудi
жылына бiр реттен жиi жүзеге асыруы мүмкiн.
3. Бақылаушы органдар тексеруiнiң нәтижелерi екi жақты акт жасау
арқылы расталуға тиiс, онда ескертпелер тiзбесi, оларды жоюдың қажеттi
шаралары мен мерзiмдерi көрсетiледi.
Актiде тараптардың әрқайсысы актiнiң қандай шарттарымен өздерiнiң
келiспейтiнiн көрсетуге құқылы.
"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне
құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы
27 сәуiрдегi Жарлығынан үзiндi.
2. Қызметтiң лицензияланбаған түрлерiн жүзеге асыратын жеке
кәсiпкерлер мен саны 10 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн
мемлекеттiк бақылаушы органдардың, салық органдарын қоспағанда, өз
бастамалары бойынша үш жылда бiр реттен жиi емес, әрi заң актiлерiнде
тiкелей көзделген жағдайларда ғана тексеруiне болады деп белгiленсiн.
3. Барлық деңгейлердегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға:
3.1. Меншiктiң нысандарына қарамастан жеке кәсiпкерлер мен шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының заң
актiлерi мен халықаралық шарттарында көзделмеген шектеулер қою жолымен
араласуға.
Шағын бизнестi қолдау
жөнiндегi департамент бастығы