О реструктуризации учреждений первичной медико-санитарной помощи Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реструктуризации учреждений первичной медико-санитарной помощи Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерін қайта құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 639
- Қабылданған күні
- 22.01.1999
- Көрсетілген редакция
- 22.01.1999 2858_259902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V0000138
- ЭКБ идентификаторы
- 2858
- Редакция идентификаторы
- 2858_259902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:22
0 Шығыс Қазақстан облысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерін қайта құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен.
"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру және медициналық көмек көрсетудiң қазiргi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Бекiтiлсiн:
1.1. Облыстың денсаулық сақтау Бағдарламасы мен iс-қимыл Жоспарын әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi жұмысшы тобының құрамы (N 1 қосымша);
1.2. Шығыс Қазақстан облысының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн мекемелерiн қайта құрудың күнтiзбелiк жоспары (N 2 қосымша).
2. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Құрманғалиев А.Ә., облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Аңдағұлов Қ.Б., қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстың бағдарлама бойынша да, сондай-ақ медициналық көмектiң кепiлдi көлемi бойынша да жұмыс iстейтiн барлық денсаулық сақтау мекемелерiн қаржыландыруды 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап бiрыңғай төлемшi принципi бойынша ақшалай қаражаттарды бiрiктiру жолымен жүргiзсiн, сондай-ақ бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң жан басына қаржыландыру принципiне көшудi жүзеге асырсын.
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi денсаулық сақтау мекемелерiмен бiрлесiп 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде медициналық қызметтi қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн және мемлекеттiк тапсырыс жүйесiне енгiзiлетiн медициналық мекемелер тiзбесiн бекiтсiн.
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
7 Облыстың бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерiн қайта құру жөнiндегi бағдарламаны және күнтiзбелiк Жоспарды әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi жұмысшы топтың
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы
22 қаңтар N 639 шешiмiне
N 1 қосымша
Облыстың бастапқы медициналық-санитарлық көмек
мекемелерiн қайта құру жөнiндегi бағдарламаны және
күнтiзбелiк Жоспарды әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi
жұмысшы топтың
ҚҰРАМЫ
Шығыс Қазақстан облысының
Әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев
8 Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi қайта құру және жалпы практика дәрiгерi-отбасы дәрiгерi жүйесiн дамыту жөнiндегi 1998-1999 жылдарға арналған шаралар
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы
22 қаңтар N 639 шешiмiне
N 2 қосымша
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi қайта құру және
жалпы практика дәрiгерi-отбасы дәрiгерi жүйесiн дамыту жөнiндегi
1998-1999 жылдарға арналған шаралар
ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысының
Әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев