Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкімтенің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Қалалық телекоммуникация желілірінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттылуына өтемақы төлеу Қағидасын бекіту туралы» № 949 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасың бектілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім қалалық «Ваша газета» газетінде ресим жарияланғаннан кейін, он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 8 маусыдағы 27 сессиясының № 447 шешімімен бекітілген Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азамматарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлемін бекіту Қағидасы туралы».
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысы – тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығыдарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
Тармақша 2
2) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға «бұдан әрі – өтініш беруші);
Тармақша 3
3) отбасы – заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
Тармақша 4
4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы соммасы;
Тармақша 5
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі өкілетті орган – қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – өкілетті орган);
Тармақша 6
6) жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен – жайда тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үйді алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатка жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммункация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20 % мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынща өкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
Тармақша 1
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнвмаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін -30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) бір адамға тұтынылған комуналдық қызметтер мөлшері: Газ: Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда – айына 8 килограмм; Орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм; Қатты отын: 1 шаршы метр алаңды жылытуға бір жылды есепке алғанда -1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4- қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде). Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады. Отбасына электр қуатын тұтыну: Газ плитасы бар үйлерде – 150 киловатт; Электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
Тармақша 3
3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатаиялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байоаныссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғыра тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу тәрібі
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу тәрібі
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысы осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнекерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше үйді бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
Тармақ 7
7. Түрлі келіспеушіліктер, дау – дамайлар туындаған жағдайда тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау туралы шешім комиссияның қарауына берілуі мүмкін. Комиссияның шешімімен келіспесе, тұрғын үй жәрдемақысына үміткер сот тәртібінде қарауына құқықты.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жірдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады. Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері
4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысы тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жірдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсімінде сәйкес болады. Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады. Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде өкілетті органдарға хабарлауы керек. Өтем жоғары немесе төмен тағайындалуына әкелген, дұрыс емес ақпарат ұсынған отбасы (тұлға) бір жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде алынған сома заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
Тармақ 15
15. Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі.
5. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша өкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді.
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім – шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
Тармақша 4
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет( еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнына анықтама және басқалар);
Тармақша 7
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
Тармақша 8
8) өтініщ берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
Тармақша 10
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады.
Тармақ 17
17. Құжаттың түпнұсқасымен және кқшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одаң соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Тармақ 18
18. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық – тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 19
19. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасында тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім – шарт жасалады. Келісім – шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушады сақталады. Аталған келісім – шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
Тармақ 20
20. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 21
21. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тарау 6. 6. Жәрдемақы төлеуге жиынтық кірісті есептеу
6. Жәрдемақы төлеуге жиынтық кірісті есептеу
Тармақ 22
22. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Тармақ 23
23. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі. Есепті кезенде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі отөсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
Тармақ 24
24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақщалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
Тармақ 25
25. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
Тармақ 26
26. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезенде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
Тармақ 27
27. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 28
28. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
Тармақ 29
29. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезенде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
Тармақша 1
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылықты – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтын түсетін табыс;
Тармақша 5
5) өзге де табыстар.
Тармақ 30
30. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
Тармақша 3
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
Тармақша 4
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 5
5) жеке ісің ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек. Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
Тармақша 7
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге юару жолына ақы төлеу;
Тармақша 8
8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
Тармақша 9
9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нақты көрсетілетін көмек түрлері : дәрілік препараттар, санаторийлік – курорттық емдеу, протездік – ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло- арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары, білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
Тармақша 11
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
Тармақша 12
12) төтенше жағдайлар солдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын балаларға, біреудің қарауындағыларға алимент түріндегі табсытар
Тармақ 31
31. Жиынтық табысты есептеу кезінде балаларға, береудің қарауындағыларға алимент түріндегі табыстар есепке алынады. Алименттер, сондац ақ алимент төлеушілердің еңбекақысын есептеумен байланысты алынған қосымша суммалар олардың алу мерзімінде қарай есептеледі.
Тармақ 32
32. Қарауындағыларды асырауға міндет алған тұлғаның мекен жайы туралы дерек болмаса, алимент алуға мүмкіндігі болмайтындарға отбасының жиынтық есебі көрсетілген тұлғаның іздеуде жүргендігі туралы тиісті органдардан түскен құжаттарға қосымша жазбаша өтінішінің негізігде есептеледі.
Тармақ 33
33. Төлемші алимент төлеуден бас тартса, жиынтық табысқа алимент кіргізілмейді.
Тармақ 34
34. Ата аналар арасындағы неке бұзылмаса, бірақ олардың біреуінен алимент алынып, отбасымен бірге тұрып жатса, жиынтық табысқа оның кірістері толығымен есептеледі. Ерлізайыптылар бөлек тұрса, отбасының жиынтық табысына алимент кіргізіледі.
Тармақ 35
35. Егер баланың анасы оның әкесімен некеде тіркелмеген болса, алимент төлеу туралы соттың шешімі болмаса, жиынтық табыс алиментті есепке алмай есептеледі.
Тармақ 36
36. Балаларға, біреудің қарауындағыларға төленетін алименттер тиісті ұйымдардың берген алимент алғандығы туралы пошта аударымдарының түбіртегі немесе аударылған алименттер туралы анықтамалар болуы керек, сондай-ақ алимент төлеттіру туралы сот органының шешімі мен жазбаша өтініші негізінде есептеледі. Алимент төлеу кезінде 3 айдан асқан қарыз болса, қарыздарды анықтау бойынша сот атқарушысының қаулысы ұсынылады.