Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр развития торговой политики"

Қаулы · № 616 · қабылданған 30.06.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28639/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр развития торговой политики" Қолданыста Қаулы ·№ 616 ·30.06.2006
06.09.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр развития торговой политики"

Қолданыста Қаулы ·№ 616 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах создания акционерного общества "Центр развития торговой политики"
Атауы (қаз.)
"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
616
Қабылданған күні
30.06.2006
Көрсетілген редакция
06.09.2019 28639_425567.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000616_
ЭКБ идентификаторы
28639
Редакция идентификаторы
28639_425567
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:12

0 "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) мүшелiлiгiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.

2 2. Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн:

1 1) осы ұйымға кiру процесiнiң шеңберiнде қабылданатын мiндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiруiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу;

2 2) ДСҰ-ның негiзгi келiсiмдерiнiң ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;

3 3) халықаралық сауда келiссөздерiне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткiзуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;

4 4) Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Бiртұтас экономикалық кеңестiк, ДСҰ және басқалары сияқты өңiрлiк бiрлестiктердiң шеңберiнде жалпы сауда режимiн құру мен көршiлес елдермен және өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде еркiн сауда аймақтарын құру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;

5 5) халықаралық сауданың қазiргi заманғы жүйесi және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен iлiмдердi тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi персоналының кәсiби деңгейiн арттыру;

6 6) сауда саласында зерттеулер жүргізу;

7 7) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;

8 8) «бір терезе» шеңберінде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету.

3

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:

1 1) қоғамның жарғысын бекiтудi және Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қ." деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-76-жолмен толықтырылсын:
"21-76. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ";

2 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-20-жолмен толықтырылсын:
"237-20 "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ";

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

Қолданыстағы