Қолданыстағы ред. 13.06.2006 (Редакция 28666_285924.kaz)

Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы от 13.06.2006 г. № 346 (Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы)

0

Тұрғын үй жәрдемақысын алуға
үміткер отбасының (адамның)
жиынтық табысын есептеу
қағидасын бекіту туралы
«Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу қағидасы бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Борисов Петр Евгеньевич).

3

3. Осы шешім 2006 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу ҚАҒИДАСЫ

Сәтбаев қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 13 маусымдағы
ХХХІ сессиясының
№ 346 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның)
жиынтық табысын есептеу
ҚАҒИДАСЫ
Осы Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібін белгілейді.

1. 1. Жиынтық табысын есептеу тәртібі

1. Жиынтық табысын есептеу тәртібі

1

1. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2

2. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бiрге тұратын, шаруашылықты бірге жүргiзетiн және тұрғылықты бір жерде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).

3

3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есептік кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.

4

4. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.

5

5. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алныған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.

6

6. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

7

7. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

2. 2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері

2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде
есепке алынатын табыс түрлері

8

8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:

1

1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

2

2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

3

3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;

4

4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

5

5) өзге де табыс.

9

9. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:

1

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

2

2) тұрғын үй жәрдемақысы;

3

3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;

4

4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;

5

5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;

6

6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;

7

7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

8

8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

9

9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

10

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар;
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.

11

11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;

12

12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.

3. 3. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс

3. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс

10

10. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:

1

1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
Маусымдық жұмыстармен айналысатын қыметкелердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;

2

2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттiк жәрдемақылар;
балаларға арналған жәрдемақы;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтік қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
1, 2-топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 9-тармағының 10) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа дай ұйымдар белгілеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.

11

11. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.

12

12. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адмдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.

13

13. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және тағы басқаларды жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне аванспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

14

14. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

15

15. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

4. 4. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

4. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

16

16. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:

1

1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;

2

2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;

3

3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған;
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;

4

4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

17

17. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн азаматтардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.

18

18. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.

19

19. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

5. 5. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арнлаған алимент түріндегі табыс

5. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арнлаған алимент түріндегі табыс

20

20. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.

21

21. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.

22

22. Егер төлеуші алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі.

23

23. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.

24

24. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алиментті есепке алмай есептеледі.

25

25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

6. 6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

26

26. Жеке қосалқы шаруашылықтан жүргізуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерілген әрбір мүшесіне келетін үлесі балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

27

27. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.

28

28. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс өтініш берушінің кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі немесе басқа да құзыретті орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі.

29

29. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган осы Қағидаға 1, 2, 3, 4 қосымшалардың негізінде есептейді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.

30

30. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.

31

31. Табысты есептеу үшін алдынғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
Малды (құсты) есепті кезеңде сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бір жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерілмей есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетілген мал бір жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке алынады.

32

32. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.

33

33. Осы Қағиданың 30-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.

34

34. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

7. 7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс

7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс

35

35. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:

1

1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;

2

2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);

3

3) шетелдiк валютаны өткiзуден;

4

4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;

5

5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;

6

6) авторлық сыйақы түрiндегi;

7

7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;

8

8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;

9

9) қайтарымсыз алынған ақша;

10

10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);

11

11) ақшалай аударымдар;

12

12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;

13

13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.

36

36. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақынан кем емес мөлшерде есепке алынады.

37

37. Алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.

38

38. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

1. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының табиғи жағдайы

Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
(адамның)
жиынтық табысын есептеу қағидасына
1-қосымша
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының табиғи жағдайы
Шөлейтті аймақ
Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы

2. Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
(адамның)
жиынтық табысын есептеу қағидасына
2-қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 сотқа жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ-3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
10
226
Арпа
15
174
Қарамық
8
153
Жүгері (жасыл салмағы)
100
128
Көп жылдық шөптер
10
91
Бір жылдық шөптер
10
84
Картоп
70
1102
Көкөністер
90
1249
Бақшалар
85
458
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)
22
525
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік және басқалары)
20
498
Жидек дақылдары
10
589
Жүзім
20
564
Өнім
1 бастан алынатын оратша өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ-3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1100
19944
Етті ірі қара мал (сиыр еті)
165
16016
Шошқалар (шошқа еті)
110
8462
Қойлар, ешкілер ет/жүн
22/2,25
1200/105
Жылқы (жылқы еті)
138
6044
Түйе (түйе еті)
1140
2925
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
200 жұмыртқа
728
Етті құс (құс еті)
2,5
489

3. Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
(адамның)
жиынтық табысын есептеу Қағидасына
3-қосымша
Азық-түліктік пайдаланылатын
үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрі
Өлшем бірлігі
Өнім беру жағдайына жеткен мал төлінің және құстардың жасы
Ірі қара мал
ай
25
Қойлар мен ешкілер
ай
12
Шошқалар
ай
10
Жылқылар
ай
16
Түйелер
ай
18
Жұмыртқалайтын құс
күн
195
Етті құс
күн
125

4. Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгі жеке нормативтік карточкасы

Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
(адамның)
жиынтық табысын есептеу Қағидасына
4-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің
үлгі жеке нормативтік карточкасы
Өтініш берушінің аты-жөні_______________________________________
Үйінің мекен-жайы ______________________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлері
Жер, сотка, мал басы, саны
Жылына түсетін табыс нормативті, теңге
Жылына түсетін табыстың барлығы, теңге
Бір тоқсанда түсетін табыстың барлығы, теңге
Бидай
Арпа
Дәні алынатын жүгері
Күріш
Қарамық
Картоп
Көкөністер
Бақшалар
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекі
Шекілдеуік бақтары
Сүйекті жеміс бақтары
Жемістер
Жүзім
Көп жылдық шөп
Бір жылдық шөп
Жасыл жемге берілетін жүгері
Сүтті ірі қара мал
Етті ірі қара мал
Шошқалар
Қойлар мен ешкілер
Жылқылар
Түйелер
Жұмыртқалайтын құс
Етті құс
Жиыны: бір жылғы табыс
Х
Х
Жиыны: бір тоқсандағы табыс
Х
Х
Х
Х
200__ж. «__»____________ ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
_________________________
(есепті жасаған адамның аты-жөні және қолы)