Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил лицензирования кредитных бюро

Қаулы · № 129 · қабылданған 17.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28687/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил лицензирования кредитных бюро Күшін жойған Қаулы ·№ 129 ·17.06.2006
26.05.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил лицензирования кредитных бюро

Күшін жойған Қаулы ·№ 129 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил лицензирования кредитных бюро
Атауы (қаз.)
Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
129
Қабылданған күні
17.06.2006
Көрсетілген редакция
26.05.2008 AI28687_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004280_
ЭКБ идентификаторы
28687
Редакция идентификаторы
AI28687_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:16

0 Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесін бекіту туралы

Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесі бекітілсін.

2

2. Агенттік Басқармасының "Кредиттік бюроларды лицензиялау және инспекциялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 249 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3108 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің N 14 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):

1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны кредиттік бюроларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

5 5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

9 Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 17 маусымдағы
N 129 қаулысымен бекітілген
Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесі
Осы Ереже "Лицензиялау туралы" (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" (бұдан әрі - Кредиттік бюролар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және кредиттік бюроларды лицензиялау талаптары мен тәртібін белгілейді.

1 1. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер тұлға Кредиттік бюролар туралы заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.

2 2. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны уәкілетті орган береді.

3 3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден Кредиттік бюролар туралы заңның 10-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартылады.

4 4. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.

5 5. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілген кезде және қайта ресімделген кезде төлем мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалатын лицензиялық алым өндіріп алынады.

6 6. Лицензияны жоғалтқан және қайта ресімдеген кезде Лицензиялау туралы заңда көзделген тәртіппен кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия телнұсқасы алынады.

7 7. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен шешіледі.

Қолданыстағы