Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) аэронавигации

Бұйрық · № 146 · қабылданған 20.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28689/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) аэронавигации Күшін жойған Бұйрық ·№ 146 ·20.06.2006
06.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) аэронавигации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 146 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) аэронавигации
Атауы (қаз.)
Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
146
Қабылданған күні
20.06.2006
Көрсетілген редакция
06.04.2020 28689_462544.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004282_
ЭКБ идентификаторы
28689
Редакция идентификаторы
28689_462544
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:16

0 Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш. Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оның бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының және "Қазаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
2006 жылғы 25 маусым

8 Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланыстағы қызмет түрлерінің тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік
және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің
2006 жы­л­ғы 20 мау­сым­да­ғы N 146 және
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу
агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның
2006 жы­л­ғы 20 мау­сым­да­ғы N 161-НҚ
бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланыстағы қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кеңестігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

2 2. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

3 3. Жергілікті телефон байланысының қызмет көрсетулері.

4 4. Авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісінің (АТТЖ) қызмет көрсетулері.

5 5. Жоғарғы жиілікті диапазондағы радиобайланысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер.

6 6. Аэронавигациялық ақпаратты қамтитын құжаттарды басып шығару және оларды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға тарату.

Қолданыстағы