Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности и пени

Бұйрық · № 215 · қабылданған 16.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28691/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности и пени Күшін жойған Бұйрық ·№ 215 ·16.06.2006
17.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности и пени

Күшін жойған Бұйрық ·№ 215 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности и пени
Атауы (қаз.)
Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
215
Қабылданған күні
16.06.2006
Көрсетілген редакция
17.07.2010 AI28691_4.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004284_
ЭКБ идентификаторы
28691
Редакция идентификаторы
AI28691_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:17

0 Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 350-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысаны бекітілсін. Қараңыз.K100296

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Посткедендік бақылау басқармасы (Д.Т. Мамашева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С.С. Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. "Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 185 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2278 болып тіркелген, 2003 жылғы 28 маусымдағы N 26 "Ресми газетте" жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә.Е. Мамбеталинге жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Кедендік
бақылау комитеті төрағасының
2006 жылғы 16 маусымдағы
N 215 бұйрығымен бекітілген
Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама
"____"________200____ж N____________
___________________________________________________________________
(кеден органының атауы)
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 24-баптың 9-тармақшасына, 348, 355,
356, 466-баптарына
сәйкес, ___________________________________________________________
(қажет баптың астын сызыңыз)
___________________________________________________________________
(төлеушінің тегі, есімі, әкесінің аты немесе толық атауы,
заңды тұлғаның мекен-жайы, СТН-ы)
_____________________________________________________________ сізге
___________________________________________________________________
N ____________________________________________________ келісім-шарт
негізінде
___________________________________________________________________
(санмен және жазбаша)
______________________________________ сомаға кедендік төлемдердің,
салықтардың және өсімпұлдардың есептелгендігі туралы хабарлайды.
Р/б
N
Бюд­жет­тік жік­те­ме ко­ды
Ке­ден­дік төлем­нің неме­се са­лық­тың тү­рі
Тө­лем (са­лық) со­ма­сы
Ха­бар­ла­ма­ны шы­ғар­ған күн­де­гі өсім­пұл со­ма­сы
Жал­пы со­ма
1
2
3
4
5
6
200__ жылғы "____" ________ дейінгі мерзімде Сіз аталған соманы
___________________________________________________________________
(алушы-салықтық органның және оның Қазынашылығының деректемелері,
___________________________________________________________________
(СТН, ИИК, БИК және т.б.)
бюджеттік жіктеме кодтары бойынша бюджетке 080____ "Бюджеттер
арасында бөлінетін кірістер" баланстық шотына аударуыңыз қажет.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 349-бабына сәйкес көрсетілген
баптың 2-1, 2-2, 2-3-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда,
өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен
кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген
әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі
белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 2,5 есе мөлшерінде есептеледі.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 358-бабына сәйкес берешек пен өсімпұлды
өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 33-бабына сәйкес айқындалады,
ол мынадай тәртіпті белгілейді:
1) есептелген өсімпұлдар;
2) бересі сомасы;
3) айыппұлдар сомасы.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 350-бабының 2-тармағына сәйкес хабарлама
төлеушіге оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға қарамастан жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 66-тарауына сәйкес Сіз осы хабарлама туралы жоғары
тұрған кеден органына шағымдануға не сотқа жүгінуге құқылысыз. Берешек пен өсімпұлды өндіріп
алу туралы кеден органының ескертуіне шағым он күн ішінде берілуі тиіс.
Хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, хабарламадағы талаптарды Қазақстан Республикасы
Кеден кодексінің 350-бабына сәйкес орындау мерзімі хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап
он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Ескертуге шағым жасалған жағдайда, ескертуде қамтылған талаптарды орындау мерзімін есептеу шағым
түскен күнінен бастап шағым бойынша шығарылған шешім заңды күшіне енген күнін қоса алған уақытқа
дейін тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте, шағым өсімпұлдың есептелуін тоқтатпайды.
Шағымдану жағдайларын қоспағанда, хабарламадағы талаптар орындалмаған жағдайда кеден органы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 45-тарауына сәйкес іс-әрекеттерді қолданады.
Қосымша - хабарламаны шығарған күндегі берешек пен өсімпұлды ашып жазу ________ бетте.
Кеден органының бастығы ____________________________
(Т.Е.Ә., қолы)
"____" ________ 200 __ ж.
М.О.
Хабарлама төлеушіге тапсырылды ____________________________
(Т.Е.Ә., қолы)
"____" ________ 200 __ ж.
Хабарлама төлеушіге жіберілді _____________________________________
(жөнелту және алу фактісі туралы растайтын құжат)
"____" ________ 200 __ ж.

Қолданыстағы