Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатаынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы от 07.06.2006 г. № 169/31 (Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы)
1. Тұрғын үй жәрдемақасының алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасы бекітілсін (қосымша).
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Приозерс қаласы
әкімінің орынбасары
Б. Казиева
«5» маусым 2006 ж.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
Р. Карсыбекова
«5» маусым 2006 ж.
Қалалық Мәслихаттың
2006 жылғы 7 маусымдағы
ХХХІ сессиясының
№ 169/31 шешімімен
бекітілсін
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй жәрдемақасын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібін анықтайды.
1. Жиынтық табысы есептеу тәртібі
1. Тұрғын үй жәрдемақасын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақасын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескіріледі.
Еспті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады.
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшала немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
4. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
5. Бір тоқсаннан астам уақыттқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алыынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және тағы басқалары бойынша берешектер) жиынтық табысқа септік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
6. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарына белгеленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
7. Орташа жан басына шпаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түріне алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қазмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асыруындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қпмтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
9. Отбасының жиынтық табысында мыналар еспке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатында сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеу бару жолына ақы төлеу;
8) протездеу уақытында азаматтарды ұсату;
9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емдеуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар;
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
білім алу кезеңінде оқушылары тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне кельірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
3. Жиынтық табысы есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағидадың 9-тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы еспке алынады:
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлінетін ақшалай саманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді.
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының устемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда;
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нориативтік құқықтық келісімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемелекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зтянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
1, 2-топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да үдайы төлемдер;
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен көрсетілетін, қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 9-тармағының 10) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек тұрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгілеген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
11. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
12. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкіл кезеңге жиынтылықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
13. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне авнспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын тенңдей үлеспен) есепке алынады.
14. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
15. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
4. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
16. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндықтыларды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
17. Жекелеге азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесімен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы олардың өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
18. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қосаалғанда, ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
5. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс.
20. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақалимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
21. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілшен адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі.
22. Егер төлеуші алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі.
23. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
24. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алиментті есепке алмай есептеледі.
25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшін берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
26. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерілген әрбір мүшесіне келетін үлесі балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
27. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан алынған табыс өтініш берушінің Приозерск қалалық аумақтық басқармасы растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі.
28. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган осы Ережеге 1,2,3,4 қосымшалардың негізінде есептейді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
29. Бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 кг өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындылады (осы Қағида 2 – қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейі шегеріледі.
30. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Малды (құсты) есепті кезеңде сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бір жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерілмей есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетілген мал бір жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке алынады.
31. Осы Қағида 3-қосымшаға сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
32. Осы Қағида 30-тармағында көрсетілгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есепті кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
33. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтік карточкасын осы Қағида 4-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің деректері негізінде толтырады.
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
34. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивиденттер);
3) шетелдік валютаны өткізуден;
4) асыл тастар мен қымбат металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы тұріндегі;
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
8) несені (шағын несиені) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс.
Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
35. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлщшерде есепке алынады.
36. алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
37. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
жиынтық табысын есептеу Қағидасына
1-қосымша
Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
3. Шөлейтті аймақ
Қарағанды
Приозерск қаласы
Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
жиынтық табысын есептеу Қағидасына
2-қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына
жұмсалаған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
10
2
Арпа
15
174
Қарамық
8
153
Жүгері (жасыл салмағы)
100
128
Көп жылдық шөптер
10
91
Бір жылдық шөптер
10
84
Картоп
70
1102
Көкөністер
85
458
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)
22
525
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік және басқалары)
20
498
Жидек дақылдары
10
589
Жүзім
20
564
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
Бір бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1100
19944
Етті ірі қара мал (сиыр еті)
165
16016
Шошқалар (шошқа еті)
110
8462
Қойлар, ешкілер, ет/жүн
22/22,5
1200/105
Жылқы (жылқы еті)
138
6044
Түйе (түйе еті)
1140
2925
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
200 жұмыртқа
728
Етті құс (құс еті)
2,5
489
Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
жиынтық табысын есептеу Қағидасына
3-қосымша
Азық-түлік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрлері
Өлшем бірлігі
Өнім беру жағдайына жеткен мал төлінің және құстардың жасы
Ірі қара мал
ай
25
Қойлар мен ешкілер
ай
12
Шошқалар
ай
10
Жылқылар
ай
16
Түйелер
ай
18
Жұмыртқалайтын құс
күн
195
Етті құс
күн
125
Тұрғын үй жәрдемақысын
алуға үміткер отбасының
жиынтық табысын есептеу Қағидасына
4-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгі жеке нормативтік карточкасы
Өтініш берушінің Т.А.Ә. __________________________________
Үйінің мекен-жайы _______________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлері
Жер, сотка, мал басы, саны
Жылына түсетін табыс нормативі, теңге
Жылына түсетін табыстың барлығы, теңге
Бір тоқсанда түсетін табыстың барлығы, теңге
Бидай
Арпа
Дәні алынатын жүгері
Күріш
Қарамық
Картоп
Көкөністер
Бақшалар
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекі
Шекілдеуік бақтары
Сүйекті жеміс бақтары
Жемістер
Жүзім
Көп жылдық шөп
Бір жылдық шөп
Жасыл жемге берілетін жүгері
Сүтті ірі қара мал
Етті ірі қара мал
Шошқалар
Қойлар мен ешкілер
Жылқылар
Түйелер
Жұмыртқалайтын құс
Етті құс
Етті құс
Жиыны: бір жылғы табыс
х
х
Жиыны: бір тоқсандағы табыс
х
х
х
х
200__ж. «__»______ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
___________________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)