Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатаынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақасының алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу Қағидасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Приозерс қаласы әкімінің орынбасары Б. Казиева «5» маусым 2006 ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Карсыбекова «5» маусым 2006 ж.
Басқа 4. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу ҚАҒИДАСЫ
Қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 7 маусымдағы ХХХІ сессиясының № 169/31 шешімімен бекітілсін Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу ҚАҒИДАСЫ Осы Қағида «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй жәрдемақасын алуға үміткер отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жиынтық табысы есептеу тәртібі
1. Жиынтық табысы есептеу тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақасын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақасын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Тармақ 2
2. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескіріледі. Еспті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады.
Тармақ 3
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшала немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
Тармақ 4
4. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
Тармақ 5
5. Бір тоқсаннан астам уақыттқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алыынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және тағы басқалары бойынша берешектер) жиынтық табысқа септік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
Тармақ 6
6. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарына белгеленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 7
7. Орташа жан басына шпаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
Тармақ 8
8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
Тармақша 1
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түріне алынатын табыс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және басқа да қазмет түрлерінен түсетін табыс;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асыруындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қпмтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
Тармақша 5
5) өзге де табыс.
Тармақ 9
9. Отбасының жиынтық табысында мыналар еспке алынбайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
Тармақша 3
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
Тармақша 4
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 5
5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек. Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатында сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
Тармақша 7
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеу бару жолына ақы төлеу;
Тармақша 8
8) протездеу уақытында азаматтарды ұсату;
Тармақша 9
9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емдеуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: дәрілік препараттар; санаторийлік-курорттық емдеу; протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу); жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары; білім алу кезеңінде оқушылары тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
Тармақша 11
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
Тармақша 12
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне кельірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
Тарау 3. 3. Жиынтық табысы есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
3. Жиынтық табысы есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
Тармақ 10
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағидадың 9-тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы еспке алынады:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда: жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлінетін ақшалай саманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан); демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы; ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар; уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы; Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді. сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы; бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері; мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының устемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі; жалдау бойынша төленетін еңбекақы; жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда; Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нориативтік құқықтық келісімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемелекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зтянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар; 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру; қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия; жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар; 1, 2-топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да үдайы төлемдер; жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен көрсетілетін, қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек; заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 9-тармағының 10) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек тұрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома; осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгілеген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
Тармақ 11
11. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
Тармақ 12
12. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкіл кезеңге жиынтылықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
Тармақ 13
13. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне авнспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын тенңдей үлеспен) есепке алынады.
Тармақ 14
14. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
Тармақ 15
15. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
Тарау 4. 4. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
4. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
Тармақ 16
16. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
Тармақша 1
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
Тармақша 2
2) тауарлық-материалдық құндықтыларды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен; шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған. Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
Тармақша 4
4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
Тармақ 17
17. Жекелеге азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесімен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды. Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы олардың өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
Тармақ 18
18. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады. Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қосаалғанда, ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
Тарау 5. 5. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс.
5. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс.
Тармақ 20
20. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады. Алименттер, сондай-ақалимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
Тармақ 21
21. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілшен адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі.
Тармақ 22
22. Егер төлеуші алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі.
Тармақ 23
23. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
Тармақ 24
24. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алиментті есепке алмай есептеледі.
Тармақ 25
25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшін берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
Тарау 6. 6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
Тармақ 26
26. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерілген әрбір мүшесіне келетін үлесі балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
Тармақ 27
27. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан алынған табыс өтініш берушінің Приозерск қалалық аумақтық басқармасы растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі.
Тармақ 28
28. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган осы Ережеге 1,2,3,4 қосымшалардың негізінде есептейді. Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
Тармақ 29
29. Бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 кг өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындылады (осы Қағида 2 – қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейі шегеріледі.
Тармақ 30
30. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады. Малды (құсты) есепті кезеңде сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бір жолғы табыс қосылады. Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерілмей есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетілген мал бір жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Осы Қағида 3-қосымшаға сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
Тармақ 32
32. Осы Қағида 30-тармағында көрсетілгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есепті кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
Тармақ 33
33. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтік карточкасын осы Қағида 4-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің деректері негізінде толтырады.
Тарау 7. 7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
Тармақ 34
34. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздардан (дивиденттер);
Тармақша 3
3) шетелдік валютаны өткізуден;
Тармақша 4
4) асыл тастар мен қымбат металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
Тармақша 6
6) авторлық сыйақы тұріндегі;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
Тармақша 8
8) несені (шағын несиені) пайдаланудан;
Тармақша 9
9) қайтарымсыз алынған ақша;
Тармақша 10
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
Тармақша 11
11) ақшалай аударымдар;
Тармақша 12
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
Тармақша 13
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс. Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады. Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
Тармақ 35
35. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлщшерде есепке алынады.
Тармақ 36
36. алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
Тармақ 37
37. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады. Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Басқа 1. Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасына 1-қосымша Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі 3. Шөлейтті аймақ Қарағанды Приозерск қаласы
Басқа 2. Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасына 2-қосымша Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг Жердің 1 соткасына жұмсалаған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ) 1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-бағ.) 1 2 3 4 5 6 Бидай 10 2 Арпа 15 174 Қарамық 8 153 Жүгері (жасыл салмағы) 100 128 Көп жылдық шөптер 10 91 Бір жылдық шөптер 10 84 Картоп 70 1102 Көкөністер 85 458 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары) 22 525 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік және басқалары) 20 498 Жидек дақылдары 10 589 Жүзім 20 564 Мал шаруашылығының өнімі Өнім Бір бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 кг өнімнің (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ) 1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-бағ.) 1 2 3 4 5 6 Сүтті ірі қара мал (сүт) 1100 19944 Етті ірі қара мал (сиыр еті) 165 16016 Шошқалар (шошқа еті) 110 8462 Қойлар, ешкілер, ет/жүн 22/22,5 1200/105 Жылқы (жылқы еті) 138 6044 Түйе (түйе еті) 1140 2925 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 200 жұмыртқа 728 Етті құс (құс еті) 2,5 489
Басқа 3. Азық-түлік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасына 3-қосымша Азық-түлік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы Малдардың түрлері Өлшем бірлігі Өнім беру жағдайына жеткен мал төлінің және құстардың жасы Ірі қара мал ай 25 Қойлар мен ешкілер ай 12 Шошқалар ай 10 Жылқылар ай 16 Түйелер ай 18 Жұмыртқалайтын құс күн 195 Етті құс күн 125
Басқа 4. Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгі жеке нормативтік карточкасы
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасына 4-қосымша Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгі жеке нормативтік карточкасы Өтініш берушінің Т.А.Ә. __________________________________ Үйінің мекен-жайы _______________________________________ Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлері Жер, сотка, мал басы, саны Жылына түсетін табыс нормативі, теңге Жылына түсетін табыстың барлығы, теңге Бір тоқсанда түсетін табыстың барлығы, теңге Бидай Арпа Дәні алынатын жүгері Күріш Қарамық Картоп Көкөністер Бақшалар Күнбағыс Қант қызылшасы Темекі Шекілдеуік бақтары Сүйекті жеміс бақтары Жемістер Жүзім Көп жылдық шөп Бір жылдық шөп Жасыл жемге берілетін жүгері Сүтті ірі қара мал Етті ірі қара мал Шошқалар Қойлар мен ешкілер Жылқылар Түйелер Жұмыртқалайтын құс Етті құс Етті құс Жиыны: бір жылғы табыс х х Жиыны: бір тоқсандағы табыс х х х х 200__ж. «__»______ ________________________ (өтініш берушінің қолы) ___________________________________________________ (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)