Қолданыстағы ред. 07.06.2006 (Редакция 28708_286003.kaz)

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы от 07.06.2006 г. № 168/31 (Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы)

0

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларды
беру және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа алып, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы бекітілсін (қосымша).

2

2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

3

3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Приозерск қаласы
әкімінің орынбасары
Б. Қазиева
05.06.2006 ж.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
Р. Карсыбекова
05.06.2006 ж.

4. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы

Қалалық Мәслихаттың
2006 жылғы 7 маусымдағы
ХХХІ сессиясының
№ 168/31 шешімімен
бекітілген
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы
Осы Қағида «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәрібін айқындайды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер
Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;

2

2) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерін шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;

3

3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

4

4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;

5

5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - қаланың, жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);

6

6) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.

2

2. Тұрғын үй жәрдемақысы Приозерск қаласында тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.

2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

3

3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:

1

1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;

2

2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 10 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында қалалық статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.

3

3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
4. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.

3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

5

5. Тұрғын үй жәрдемақылар осы Приозерск қаласында тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.

6

6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.

7

7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.

8

8. Дау-жанжал немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.

9

9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.

10

10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол телефон ұшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.

11

11. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.

12

12. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде далелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.

13

13. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

14

14. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап 6 айға, ьарлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

15

15. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.

16

16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.

17

17. Жәрдемақы құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратын тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5

5.Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі.

18

18. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді

1

1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;

2

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3

3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);

4

4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;

5

5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;

6

6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);

7

7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);

8

8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;

9

9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;

10

10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;

19

19. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

20

20. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.

21

21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.

22

22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.

23

23. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.