О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций
- Атауы (қаз.)
- Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 645
- Қабылданған күні
- 07.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2023 28764_671746.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000645_
- ЭКБ идентификаторы
- 28764
- Редакция идентификаторы
- 28764_671746
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:10
0 Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары бекітілсін.
2 2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 № 746 қаулысымен.
3 3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.15 № 746 қаулысымен.
4 4. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 шілдедегі
№ 645 қаулысымен
бекiтiлген
Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған
ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1 1) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
2 2) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
3 3) «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
4 4) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы) сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.
2 2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1 1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2 2) бюджеттік өтінім жасайды және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты алады;
3
3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒББО» КЕАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4 4) Азық-түлік корпорациясын және «ҰАҒББО» КеАҚ-ты корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
3 3. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒББО» КеАҚ-ның қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1 1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
3 3) білімдерді тарату және беру, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу, консультациялық қызметтер көрсету жолымен тарату және беру.
4
4. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒБО» КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан экономикасының аграрлық салада жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
5
5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҰАҒББО» КеАҚ-ны қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.