Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бап, 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекетітк басқару туралы» Заңының 6 бап, 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Ескелді аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы от 20.12.2005 г. № 34-103 (Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы)
1. Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы «Ескелді ауданының аумағында көркейту, санитарлық тазалық сақтау мен жасыл желектерді күту және қорғау жұмыстарын ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» № 32-94 шешімі жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Ескелді ауданы мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы» 34-103 санды шешіміне 1 қосымша
Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
1. Жасыл желектер - елді мекендерді көркейту және санитарлық-гигиеналық жағдайда өмip сұру деңгейін қамтамасыз ететін ландшафтық безендендірілген сәулеттік элемент болып табылады.
2. Әкімшілік және өндірістік ғимраттар, сауда орындары мен қоғамдық ауқаттану орындары өз аумақтарын жасыл желектермен көріктендірулі тиіс.
3. Гүлбақтарды, саябақтарды, гүлзарларды ағымдағы жағдайда күтіп ұстау олар орналасқан аумақтарда бекітіліп берілген заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы жасыл желектермен өсіп өнуін және қорғалуын қамтамасыз eтyi тиic.
4. Құрылыс салуға жер асты коммуникацияларының төсемі мен инженерлік желілер жүргізуге арналған жерлердегі жасыл желектерді орнынан алу немесе орнын ауыстырып қайта отырғызу тек қана аудан әкімі бекіткен актіге сәйкес жүргізіледі.
5. Құрылыс жүргізу кезінде жасыл желектерді орнынан алу немесе ауыстырып қайта отырғызу құрылыс жүргізуші немесе ғимарат жөндеуші ұйымға жүктеледі.
6. Заңды және жеке тұлғалар өз icтepi, өндірістік жұмыстары барысында:
1)Меншік түpi мен ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан кәсіпорындар мен шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар, елді мекендер аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауы;
2)Отырғызылган жас талдарды зақымданудан қоршауы;
3)Жасыл желектермен көріктендірілген аумақтардын, таза болуын, күтіліпп бапталып тұруын назардаұустауы;
4)Жас талдардын, тамырлары ашылып қалған жағдайда, жобалау кезінде жас талдардың қалыпты өcyiн сақтау үшін қажетті жағдайларды қарастыруы қажет.
7. Жасыл желекті аумақта:
1)Құрылыс материалдарын, топырак үйінділерін, отын, көмір басқа да заттарды текшелеп уюге, гүлзарларды, гүлбақтарды, жол жиегіндегі шұңқырларды ластауда;
2)Гүлзарларды басуға, жасыл желектерді сындыруда, жұлу немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдауда;
3)Ағаштар мен бұталарды, жас талдарды өз еркімен кесуді жүзеге асыруда;
4)Қалалық әкімдік пен селолық округтар қызметінің келісімінсіз қоршауда;
5)Жасыл желектердің аумағын көкөніс пен басқа ауыл шаруашылық дақылдарын салуда пайдалануға;
6)Жол және жер жұмыстарын жүргізгенде жасыл желектерді бұзуға, сонымен бірге оларды топырақпен жабуға;
7)Жолдарды тазалау максатында тұзды және басқа да жасыл желектерге зиянды заттарды қолдануға;
8)Автокөліктердін кез келген түрімен, велосипедпен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктен басқа) жүруге;
9)Көгалдарда, жасыл желектердің қасында жолаушылар көлігінің аялдамаларын орнатуда;
10)Алау жағуға басқа өртке қарсы күрес ережелерін бұзуда;
11)Талдарды электр сымдардын тартуға, әткеншек жасауда пайдалануда;
12)Белгіленген мерзімнен тыс және кесу ережелерін сақтамай ағаштардың басын қиюда;
13)Tұрғын үй-коммуналдық қызметтердің келісімісіз өз еркімен ағаштар мен бұталарды кесуге;
14)Өз еркімен кашаларды орнатуға;
15) Басқа да экологияда зиянды әрекеттерге жол берілмейді.