Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бап, 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекетітк басқару туралы» Заңының 6 бап, 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Ескелді аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы «Ескелді ауданының аумағында көркейту, санитарлық тазалық сақтау мен жасыл желектерді күту және қорғау жұмыстарын ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» № 32-94 шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілген:
Басқа 4. Жалпы ережелер
Ескелді ауданы мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы» 34-103 санды шешіміне 1 қосымша Ескелді ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жасыл желектер - елді мекендерді көркейту және санитарлық-гигиеналық жағдайда өмip сұру деңгейін қамтамасыз ететін ландшафтық безендендірілген сәулеттік элемент болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік және өндірістік ғимраттар, сауда орындары мен қоғамдық ауқаттану орындары өз аумақтарын жасыл желектермен көріктендірулі тиіс.
Тармақ 3
3. Гүлбақтарды, саябақтарды, гүлзарларды ағымдағы жағдайда күтіп ұстау олар орналасқан аумақтарда бекітіліп берілген заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы жасыл желектермен өсіп өнуін және қорғалуын қамтамасыз eтyi тиic.
Тармақ 4
4. Құрылыс салуға жер асты коммуникацияларының төсемі мен инженерлік желілер жүргізуге арналған жерлердегі жасыл желектерді орнынан алу немесе орнын ауыстырып қайта отырғызу тек қана аудан әкімі бекіткен актіге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Құрылыс жүргізу кезінде жасыл желектерді орнынан алу немесе ауыстырып қайта отырғызу құрылыс жүргізуші немесе ғимарат жөндеуші ұйымға жүктеледі.
Тармақ 6
6. Заңды және жеке тұлғалар өз icтepi, өндірістік жұмыстары барысында:
Тармақша 1
1)Меншік түpi мен ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан кәсіпорындар мен шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар, елді мекендер аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауы;
Тармақша 2
2)Отырғызылган жас талдарды зақымданудан қоршауы;
Тармақша 3
3)Жасыл желектермен көріктендірілген аумақтардын, таза болуын, күтіліпп бапталып тұруын назардаұустауы;
Тармақша 4
4)Жас талдардын, тамырлары ашылып қалған жағдайда, жобалау кезінде жас талдардың қалыпты өcyiн сақтау үшін қажетті жағдайларды қарастыруы қажет.
Тармақ 7
7. Жасыл желекті аумақта:
Тармақша 1
1)Құрылыс материалдарын, топырак үйінділерін, отын, көмір басқа да заттарды текшелеп уюге, гүлзарларды, гүлбақтарды, жол жиегіндегі шұңқырларды ластауда;
Тармақша 2
2)Гүлзарларды басуға, жасыл желектерді сындыруда, жұлу немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдауда;
Тармақша 3
3)Ағаштар мен бұталарды, жас талдарды өз еркімен кесуді жүзеге асыруда;
Тармақша 4
4)Қалалық әкімдік пен селолық округтар қызметінің келісімінсіз қоршауда;
Тармақша 5
5)Жасыл желектердің аумағын көкөніс пен басқа ауыл шаруашылық дақылдарын салуда пайдалануға;
Тармақша 6
6)Жол және жер жұмыстарын жүргізгенде жасыл желектерді бұзуға, сонымен бірге оларды топырақпен жабуға;
Тармақша 7
7)Жолдарды тазалау максатында тұзды және басқа да жасыл желектерге зиянды заттарды қолдануға;
Тармақша 8
8)Автокөліктердін кез келген түрімен, велосипедпен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктен басқа) жүруге;
Тармақша 9
9)Көгалдарда, жасыл желектердің қасында жолаушылар көлігінің аялдамаларын орнатуда;
Тармақша 10
10)Алау жағуға басқа өртке қарсы күрес ережелерін бұзуда;
Тармақша 11
11)Талдарды электр сымдардын тартуға, әткеншек жасауда пайдалануда;
Тармақша 12
12)Белгіленген мерзімнен тыс және кесу ережелерін сақтамай ағаштардың басын қиюда;
Тармақша 13
13)Tұрғын үй-коммуналдық қызметтердің келісімісіз өз еркімен ағаштар мен бұталарды кесуге;
Тармақша 14
14)Өз еркімен кашаларды орнатуға;
Тармақша 15
15) Басқа да экологияда зиянды әрекеттерге жол берілмейді.