О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1863
- Қабылданған күні
- 30.12.1997
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2011 AI288_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970001863_
- ЭКБ идентификаторы
- 288
- Редакция идентификаторы
- AI288_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:51
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң Үкіметінiң 12.08.2000 № 1253 қаулысымен.
Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 ақпандағы N 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 56-құжат):
аталған қаулының 1-қосымшасында:
"Тауарларды өткiзу тәртiбi" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының жетiншi абзацы алынып тасталсын;
"Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат):
6-тармақ алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтардағы "(мемлекеттiк кәсiпорындардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
7, 8, 9, 10-тармақтар тиiсiнше 6, 7, 8, 9-тармақтар болып есептелсiн.
2
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бiрлесе отырып (келiсiм бойынша) биржалық тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге "Тауарлар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 Заң күшi бар Жарлығын орындауы тұрғысынан жүйелi түрде тексеру жүргiзiп отырсын.