Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий

Бұйрық · № 149-ОД · қабылданған 12.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28800/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий Күшін жойған Бұйрық ·№ 149-ОД ·12.06.2006
17.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 149-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149-ОД
Қабылданған күні
12.06.2006
Көрсетілген редакция
17.07.2013 AI28800_10.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004287_
ЭКБ идентификаторы
28800
Редакция идентификаторы
AI28800_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:18

0 Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының:

1

1) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2173 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 5 сәуірде N 14 нөмірінде жарияланған) 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығының;

2

2) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2832 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 5 маусымда N 23 нөмірінде жарияланған) 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 190-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесі

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 12 маусымдағы
N 149-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Ереже Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту мен енгізудің тәртібін, сондай-ақ тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастырудың қағидаттарын айқындайды.

3 3. Осы Ереже бекітілген инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бар табиғи монополиялар субъектілеріне белгіленген тәртіппен қолданылады.

3-1 3-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейінің жобасы табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) параметрлері (көрсеткіштері) қалыптасады.

4 4. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) базалық тарифтiк смета - тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу жылына белгiленген тәртiппен бекiтiлген тарифтiк смета;

2 2) болжанып отырған тарифтiк смета - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылына уәкiлеттi орган қабылдаған және бекiткен тарифтiк смета;

3 3) құзыреттi орган - тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4 4) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;

5 5) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;

6 6) тарифтiк табыс - уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бойынша Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетiн табысы;

7 7) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

8 8) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы.

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2. тарау

3 3. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге берілген өтінімді ұсыну мен қабылдау тәртібі

7 7. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрi - Субъект) уәкiлеттi органға тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын бекiтуге өтiнiм ұсынады.

Табиғи монополия субъектісі тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітуге арналған өтініммен бір мезгілде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.

8 8. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге берілген өтінімге мыналар:

1 1) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;

2 2) инвестициялық бағдарлама (жоба);

3 3) салалық ерекшеліктерді ескере отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасы;

4 4) екі алдыңғы күнтізбелік жылға бухгалтерлік теңгерім;

5 5) екі алдыңғы күнтізбелік жылға табыстар мен шығыстар туралы есеп;

6 6) екі алдыңғы күнтізбелік жылға ақшаның қозғалысы туралы есеп;

7 7) қызметкерлердің тізімі бойынша саны 50 адамнан асатын заңды тұлғалар үшін екі алдыңғы күнтізбелік жылға инвестициялар туралы мәлімет (1-инвест нысаны);

8 8) екі алдыңғы күнтізбелік жылға (N 1-т жылдық нысаны) еңбек бойынша есеп;

9 9) екі алдыңғы күнтізбелік жылға жекелеген лауазымдар мен мамандықтар бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы мәліметтер (N 2-т (маман.) нысаны);

10 10) екі алдыңғы күнтізбелік жылға өндірістік-қаржылық қызметтің (N 1-ӨҚ нысаны) негізгі көрсеткіштері;

11 11) екі алдыңғы күнтізбелік жылға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы (N 11-нысан) есеп;

12 12) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес тарифтік смета;

13 13) екі алдыңғы күнтізбелік жылға дебиторлық және кредиторлық берешекті ажырату;

14 14) екі алдыңғы күнтізбелік жылға өзге және басқа да шығыстарды ажырату;

15 15) белгіленген тәртіппен бекітілген:

персоналдың нормативтік саны;
техникалық және технологиялық нормалардың шығыны;
нормативтік техникалық ысыраптардың болуын растайтын құжаттар;
Олар болмаған жағдайда - персоналдың нормативтік санын, шығыстың техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге өтінімдерді қарауға уәкілетті органның қабылдағаны туралы ақпарат.

15-1 15-1) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін Субъектінің ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген сметасы;

16 16) алдыңғы күнтізбелік жылға және материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;

17 17) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасының есебі;

18 18) алынып тасталды

19

19) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асырғанға дейін пайдаланылатын және жылдарға бөле отырып, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу туралы ақпарат;

20 20) алынып тасталды

21 21) алынып тасталды

22 22) заемдық ресурстарды қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);

23 23) алынып тасталды

24

24) басшылардың, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін (мемлекет қатысуының басым үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындар не кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі қоса беріледі.

9 9. Өтiнiмге берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай тәртіп сақталып ұсынылады:

1 1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді, Субъект басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Бұл ретте қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және Субъектiнiң мөрiмен расталады;

2 2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;

3 3) көлемдердiң маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсер етуiн болдырмау мақсатында негiздемеге жылға арналған есептегi деректер, мұндай есеп салықтық есептiң ұстанымдарымен мақсатсыз жағдайын қоспағанда, алынады;

4 4) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеген кезде негiзге өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан немесе өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерi алынады;

5 5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады;

6 6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалды.

10 10. Уәкілетті орган өтінім алған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтінімді қараудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

11 11. Субъектінің өтінімін қараудан бас тартудың себептері мыналар:

1 1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;

2 2) алынып тасталды

3 3) Субъектінің осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы болып табылады;

4 4) Ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 9-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі;

4 4. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасын қарау тәртібі

12

12. Субъект тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiнiң жобасын уәкiлеттi орган табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес экономикалық негiзделген есеп айырысуларды ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен бастап күнтізбелік бiр жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.

13 13. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейінің жобасына:

1 1) Субъекті өтінішпен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есеп айырысулар талдауының, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын табиғи монополиялар субъектілері көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауының негізінде;

2 2) осы үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.

14 14. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес Субъектіден қосымша ақпарат сұратады.

Субъект уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде талап етiлген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық емес көлемде ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде мәлiмделген шығындарды есепке алмайды.

15 15. Уәкілетті орган Субъект ұсынған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады.

Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өткізіледі.

5 5. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастыру қағидаттары мен тәртібі

16

16. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алудың негізінде жүзеге асырылады.

17

17. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанып отырған тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарында көзделген негізгі көрсеткіштерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

18 18. Тарифтік сметаның болжанып отырған көрсеткіштері Субъектінің орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік табысын айқындауға негізделеді.

Тарифтік табыс орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке-жеке есептеледі. Барлық кезеңге арналған тарифтік табыстың негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым ставкасы) есептеледі.
Тарифтік табыс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанып отырған көлемдеріне, кезең шығыстарына, сондай-ақ пайданың ұйғарынды деңгейіне сүйене отырып, айқындалады.

19

19. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына (бұдан әрі - материалдық ресурстар) және (немесе) уәкілетті органның ол белгілеген тәртіппен бекітілген материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.

20 20. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн есептеген кезде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтен тыс техникалық ысыраптармен байланысты шығындар есептеледі.

21

21. Субъекті негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарға бағыттайтын қаражаттары құзыретті органның орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезең ішінде осы көлемдерде жүргізу қажеттілігі туралы растауы болған кезде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеген кезде ескеріледі. Құзыретті орган осы жұмыстарды (әрбір объект бойынша) жүргізу қажеттілігін және олардың нақты көлемдерін айқындайды.

22 22. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне төтежелілі (бірқалыпты) әдіс бойынша есептелген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары енгізіледі. Амортизацияны есептеудің өзге әдістерін қолдану уәкілетті органның келісімі бойынша мүмкін.

Амортизация негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталады.

23 23. Субъекті персоналының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды айқындаған кезде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік сан есепке алынады.

24

24. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізілетін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары Субъекті персоналының бекітілген нормативтік санына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарында көзделген тұтынушы бағалары индексінің болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа жалақыға сүйене отырып, айқындалады.

25

25. Субъектілер басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға бухгалтерлерінің және Субъекті әкімшілік персоналының басқа да қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы бойынша тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) енгізілетін мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары 15 реттен аспайтын Субъекті жалақысының ең жоғары және ең төмен деңгейінің арасындағы ара қатынасына сүйене отырып, лимиттенеді.
Осы ара қатынас неғұрлым жоғары ақы төленетін қызметкерлердің (мысалы, басшының) және неғұрлым төмен ақы төленетін қызметкерлердің (мысалы, 1 тарифтік разрядқа ие қызметкердің) жалақысы мөлшерлерінің қатынасы болып табылады.

26

26. Табиғи монополия саласында қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстарын, лауазымдық жалақыларының мөлшерлерін, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

27 27. Әкімшілік мақсаттағы шығыстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінде ескеріледі.

28

28. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру үшін кредиттер үшін сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде алынған кредиттер бойынша сыйақылардың мөлшерін (кредиттердің проценттері, комиссиялық төлемдер) төмендету жағына қарай өзгертуге жол беріледі.
Шетел валютасында алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерісін ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.

29 29. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырудың міндетті түрлеріне арналған шығындар енгізіледі.

30

30. Әкімшілік персоналдың өкілдік шығыстары, іссапар шығыстары, байланыс қызметтеріне, мерзімді баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарында көзделген тұтынушы бағалар индексінің болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша Субъекті белгілеген лимиттердің шегінде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.

31 31. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейін қалыптастыру және бекіту кезінде шығын бөлігінде мыналарға:

нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың бүлiнуi мен жетiспеуiне және қоймалардағы қорларға, басқа да өндiрiстiк емес шығыстар мен ысыраптарға арналған;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдарына;
сенімді басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемге;
ластайтын заттардың нормативтен тыс тастандылары (түсіргендері) үшін төлемдерге;
сот шығындарына;
үмітсіз борыштарға;
айыппұлдарға, өсімпұлдарға, тұрақсыздық айыбына және шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін санкциялардың басқа да түрлеріне;
табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдарға және өсімпұлдарға;
ұрлықтан болатын залалдарға арналған;
қызмет көрсететін өндірістерді және шаруашылықтарды (қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына үй-жайларды тегін беру, коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстау жөнінде;
құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, білім беру мекемелерін, кәсіби-техникалық училищилерді ұстауға;
сауықтыру лагерлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын-үй қорының объектілерін ұстауға;
мәдени-ағартушылық, сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуге (демалу кештерін, спектакльдерді, концерттерді өткізуге);
кәсіпорынның қызметкерлеріне тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға, бақшалы үйлерді сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (процентсізді қоса) өтеуге арналған;
бақшалы серіктестіктерді абаттандыру (оның ішінде, жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) бойынша;
лекциялар, көрмелер, пікірталастар, ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар, қоғамдық ұйымдарға және қауымдастықтарға мүшелік жарналар өткізу мен ұйымдастыруға арналған;
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама бойынша, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімді қоспағанда, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімді басып шығару бойынша;
табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын-үй ғимараттары мен құрылыстарды, жатақханалардағы және қонақ үйлердегі орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға;
қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және басқа да осындай жұмыстарды орындауға арналған;
білім беру ұйымда білім алатын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеуге;
жұмыстың қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа нысандарына арналған;
кәсіби ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектісі қаражатының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, экскурсияға баруға арналған жолдамаларына ақы төлеу бойынша;
өздерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша;
сақтандыру (өздерінің қызметкерлерінің пайдасына кәсіпорындармен жасалған жеке және мүліктік сақтандырудың шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар) төлемдеріне арналған;
қызметкерлерге, оның ішінде балаларды тәрбиелеп жатқан әйелдерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеу бойынша, демалысты пайдалану орнына және кері қызметкердің отбасы мүшелерінің жол жүруіне ақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысты өтеу;
демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған;
заңнамада көзделгеннен басқа, табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне жеңілдіктер (қызметкерлерге тегін немесе төмен бағамен тамақ беру, денсаулық сақтау топтарына арналған абонементтерге, секцияларда, клубтарда айналысуға, протездеуге және т.б. ақы төлеу) беру;
мерейтой күндеріне немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтар (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ пайдаланылатын заттарды және басқа да тауарларды, сондай-ақ қызметкерлердің дербес шоттарының проценттік ставкаларының өсуін қоса) сатып алуға;
мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлердегі балалар тамағының құнын өтеуге арналған;
кәсіподақтарға ұжымдық шартпен айқындалған мақсаттар үшін аударымдар;
тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарды өткізуге, өнертабыс пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша (қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынғанда қолданылатындарды және экономикалық тиімділігі барларды қоспағанда) модельдер мен үлгілерді жасауға және сынақтан өткізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізуге, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б. байланысты;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге және көрсетуге тікелей жатпайтын және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өсуіне алып келетін шығыстардың басқа да түрлерінің шығыстары ескерілмейді.

32 32. Орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге шекті тарифтерді бекіту деңгейі жыл сайын бекітуге жол беріледі.

33 33. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде ескерілетін пайданың ұйғарынды деңгейі заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.

6 6. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту мен енгізу

34 34. Уәкiлеттi орган жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiн оның қолданыс мерзiмiн көрсете отырып, бекiту туралы шешiм қабылдайды.

Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыруға көзделген кезеңнен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
Тарифтердiң шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда, өңірлік электр желілік компания болып табылатын табиғи монополия субъектісі салыстырмалы талдау әдісін қолданып реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф бекітілгенге дейін тарифтердiң бекітілген шекті деңгейін қолданады.

35 35. Уәкілетті органның Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту туралы шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.

36 36. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiн бекiту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Субъектiге оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын жолдайды.

37 37. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

38 38. Субъект тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын жеткiзедi.

39 39. Субъект күнтізбелік бес күн iшiнде уәкiлеттi органға тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар еткен фактi туралы ақпаратты ұсынады.

40

40. Егер субъект тұтынушыларды тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу туралы осы Ережеде көзделген мерзімдерде хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі уәкілетті органның шешімінде көрсетілген күннен бастап енгізілмейді. Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

7 7. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлері белгіленген Субъектілердің қызметін бақылау

41 41. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі қолданыста болған кезеңде Субъекті тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асырған кезде уәкілетті орган қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыны тартады.

Уәкілетті органның мамандары және уәкілетті орган тартатын тәуелсіз сарапшылар Субъектінің инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бойынша коммерциялық пен өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпей техникалық, бухгалтерлік және өзге де құжаттамаға қол жеткізу құқығына ие.

42 42. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің қолданысы кезінде уәкілетті орган:

1 1) осы Ереженің 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізі құралдарды қайта бағалауға келіспейді;

2 2) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру үшін қосымша қарыздар мен кредиттерді тартуға келіспейді.

43 43. Субъект тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің қолданысы ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету кезінде шығындарды тарифтік смета шегінде жүзеге асырады.

44 44. Субъект тарифтердің шектi деңгейiнің қолданысы кезінде уәкілетті органға:

1

1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1568 қаулысымен бекітілген нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат береді және осы ақпаратты табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;

2 2) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынады;

3 3) қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін тоқсан сайын ұсынады.

45 45. Ақпарат қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттама түрінде растай отырып және олардың келісілген нұсқадан ауытқулары болған жағдайда себептерін түсіндіре отырып, осы Ереженің 2-4-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

46 46. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субъект шығындарды бекiтiлген тарифтiк смета шегiнде азайтуға қарай, оның iшiнде:

1 1) еңбекке ақы төлеу қорын төмендету;

2 2) материалдық ресурстар шығысының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтiк техникалық және нормативтен тыс техникалық ысыраптарды және басқаны төмендету;

3 3) әкiмшiлiк және шығыстардың басқа да түрлерi есебiнен қысқартады.

47

47. Уәкілетті орган, егер Субъект бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің шығын бөлігін азайтса, бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған қаражаттарды Субъект өз бетінше жұмсайды. Бұл ретте Субъект:
тарифтік сметаны реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері, инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны, күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа түрлерін іске асыру, салалық стандарттардың талаптарына сәйкес пайдалану шығындар бөлігінде орындайды;
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген тарифтік табысты алуды қамтамасыз етеді.

8 8. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған кезде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің өзгеруі

48

48. Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінде көзделген табыстарды толық көлемде алмауға әкелген еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің өзгеруі уәкілетті органның бастамасы бойынша не Субъектінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

49 49. Уәкілетті орган, егер Субъектінің қаржы жағдайы оған тәуелсіз себептердің ықпалына едәуір шалдықса және инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны орындауға қауіп төндірсе, еңсерілмес күш мән-жайлары болды деп есептейді.

50 50. Еңсерілмес күш мән-жайларына:

1 1) валюта бағамының нақты және болжанып отырған деңгейінің және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту кезінде көзделген бағамының арасындағы;

2 2) инфляция деңгейінің;

3 3) бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінде көзделгеннен қарағанда реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің;

4 4) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты шығындардың нақты және болжанып отырған деңгейлерінің арасындағы елеулі өзгеріс жатады;

5 5) стратегиялық тауарлардың құнының арасындағы елеулі өзгеріс жатады.

51 51. Еңсерілмес күш мән-жайларын қарау кезінде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі қолданысының барлық қалған кезеңі ішінде еңсерілмес күштің әрбір мән-жайының кумулятивтік ықпал етуі ескеріледі.

52 52. Уәкілетті орган Субъекті ұсынатын есептерді талдау және уәкілетті орган Субъектіге жүргізген тексеру нәтижелері бойынша тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін:

болжанған тарифтік сметаны көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері, инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны, жөндеу-қалпына келтіру, күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерін іске асыру бөлігінде орындамау және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген нормативтен тыс ысыраптар деңгейінің төмендеу серпіні болмаған жағдайда;
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген тарифтік табыстан 90% кем тарифтік табыстың көлемін алу;

52-1 52-1. Уәкілетті орган субъектінің персонал саны нормативтерінің қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе өзгерген жағдайда тарифтердің (бағаларды, алым ставкаларының) шекті деңгейін өзгертеді.

53

53. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін заңсыз көтерумен және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейіне іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын енгізумен келтірілген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту туралы шешім қабылдайды.

54 54. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің өзгерілуі және (немесе) уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) енгізілуі уәкілетті органның шешімі бойынша шешім қабылданғаннан кейінгі айдың басынан бастап жүргізіледі.

0-1 Табиғи монополиялар субъектілерінің

реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
1-қосымша
______________________________________________ ________________
реттеліп көрсетілетін қызметтер ТМС-нің атауы
(тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы тарифтік смета
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы*
Өл­шем бір­лі­гі
Қол­да­ны­с­та­ғы та­риф­тік сме­та­да қа­был­дан­ды
Ал­да­ғы аяқ­тал­ған жыл ішін­де нақ­ты көр­сет­кіш­тер
Ал­да­ғы аяқ­тал­ған 4 тоқ­сан ішін­де нақ­ты көр­сет­кіш­тер
І
Та­у­ар­лар өн­ді­ру­ге және қыз­мет­тер ұсы­ну­ға ар­нал­ған шы­ғын­дар, бар­лы­ғы, оның ішін­де
мың тең­ге
1
ма­те­ри­ал­дық шы­ғын­дар, бар­лы­ғы, оның ішін­де
1.1
Ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар
- " -
1.2
са­тып алы­на­тын бұй­ым­дар
- " -
1.3
ЖЖМ
1.4
отын
1.5
Энер­гия
2
Ең­бек­ке ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
2.1
өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың жа­ла­қы­сы
2.2
әле­умет­тік са­лық
- " -
3
Амор­ти­за­ция
- " -
4
Жөн­деу, бар­лы­ғы, оның ішін­де
4.1
Негіз­гі қор­лар құ­ны­ның өсу­іне алып кел­мей­тін күр­де­лі жөн­деу
5
Өзге шы­ғын­дар (ажы­ра­тып жа­зу)
- " -
ІІ
Ке­зең шы­ғы­ста­ры, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
6
Жал­пы және әкім­ші­лік шы­ғы­стар, бар­лы­ғы: оның ішін­де:
- " -
6.1
Әкім­ші­лік пер­со­нал­дың жа­ла­қы­сы
- " -
6.2
әле­умет­тік са­лық
- " -
6.3
Са­лық­тар
- " -
6.4
Өзге шы­ғы­стар
(ажы­ра­тып жа­зу)
- " -
7
Сый­а­қы­лар тө­ле­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
- " -
ІІІ
Қыз­мет­тер ұсы­ну­ға ар­нал­ған бар­лық шы­ғын
- " -
ІV
Та­быс (АРБ*ПС)
- " -
V
Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің рет­те­ле­тін ба­за­сы (АРБ)
- " -

Бар­лық та­быс
- " -
VІІ
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) кө­ле­мі
заттай көр­сет­кіш­тер­де
VІ­ІІ
Нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық ысы­рап­тар
%
заттай көр­сет­кіш­тер­де
ІХ
Та­риф
тең­ге/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) өл­ше­міне ар­нал­ған
кестенің жалғасы
Субъ­ек­ті  та­риф­тік сме­та­сы­ның  жо­ба­сы
жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың бар­лық ке­зе­ңі ішін­де, оның ішін­де
жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың 1 (негіз­гі) жы­лы
жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың 2-жы­лы
жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың і жы­лы
Анық­та­ма­лық:
8
Пер­со­нал­дың ті­зім бой­ын­ша ор­та­ша са­ны,
адам
оның ішін­де:
8.1
өн­ді­рі­стік
- " -
8.2
әкім­ші­лік
- " -
9
Ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, бар­лы­ғы, оның ішін­де
тең­ге
9.1
өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың
- " -
9.2
әкім­ші­лік пер­со­нал­дың
- " -
10
Негіз­гі құ­рал­дар құ­ны­ның өсу­іне алып ке­ле­тін күр­де­лі жөн­деу
мың тең­ге
11
Пай­да­ның есе­бі­нен жү­зе­ге асы­ры­ла­тын шы­ғын­дар (ажы­ра­тып жа­зу)
- " -
12
Ша­ру­а­шы­лық тә­сіл­мен орын­да­ла­тын ағым­да­ғы (жос­пар­лы-ал­дын алу) жөн­деу, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
12.1
жөн­де­у­ге ар­нал­ған  ма­те­ри­ал­дар
- " -
12.2
жа­ла­қы
- " -
12.3
әле­умет­тік са­лық
- " -
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе
толықтырылуы мүмкін

0-2 Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы есеп

Табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
2-қосымша
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы есеп
N
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Та­риф (ба­ға, алым став­ка­сы) қол­да­ны­ста болған і-жы­лы
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың і-жыл­да­ғы нақ­ты көр­сет­кіш­те­рі
1
Ма­те­ри­ал­дық шы­ғын­дар, бар­лы­ғы, оның ішін­де
мың тең­ге
1.1
Ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
1.1.1
ше­тел ва­лю­та­сын­да са­тып алын­ған­дар
- " -
1.2
Са­тып алы­на­тын бұй­ым­дар және жар­ты­лай дай­ын фаб­ри­кат­тар, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
1.2.1
ше­тел ва­лю­та­сын­да са­тып алын­ған­дар
- " -
1.3
ЖЖМ, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
1.3.1
ше­тел ва­лю­та­сын­да са­тып алын­ған
- " -
1.4
Отын, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
1.4.1
ше­тел ва­лю­та­сын­да са­тып алын­ған
- " -
1.5
Электр энер­ги­я­сы, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
1.5.1
ше­тел ва­лю­та­сын­да са­тып алын­ған
- " -
2
Жөн­деу, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
2.1
ағым­да­ғы жөн­деу
2.2
негіз­гі қор­лар құ­ны­ның өсу­іне алып кел­мей­тін күр­де­лі жөн­деу
- " -
3
Өзге шы­ғын­дар*)
- " -
4
Негіз­гі құ­рал­дар­дың то­зуы
5
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­дің амор­ти­за­ци­я­сы
- " -
6
Өзге шы­ғы­стар - бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
6.1
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
- " -
7
Са­лық тө­лем­де­рі мен алым­да­ры, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
7.1
мү­лік­ке ар­нал­ған са­лық
- " -
7.2
та­би­ғи ре­сур­стар­ды пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем
- " -
8
Бөгде ұй­ым­дар­дың қыз­мет­те­ріне ақы тө­леу, бар­лы­ғы, оның ішін­де: *)
- " -
8.1
жал­гер­лік тө­лем
9
Бас­қа шы­ғын­дар*), бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
9.1
сый­а­қы­лар тө­леу бой­ын­ша шы­ғы­стар
- " -
9.1.1
ше­тел ва­лю­та­сын­да
10
Жа­ла­қы қо­ры, бар­лы­ғы, оның ішін­де:
10.1
өн­ді­рі­стік пер­со­нал
- " -
10.2
кө­мек­ші пер­со­нал
- " -
10.3
әкім­ші­лік пер­со­нал - бар­лы­ғы, олар­дан
- " -
10.3.1
ор­та­лық ап­па­рат
- " -
10.4
әле­умет­тік са­лық
- " -
11
Бар­лық шы­ғыс
12
Жыл­дар бой­ын­ша күр­де­лі қар­жы жұм­са­лым­да­ры­на ар­нал­ған шы­ғын­дар­ды қар­жы­лан­ды­ру, бар­лы­ғы, оның ішін­де:
- " -
12.1
Құ­ры­лыс - бар­лы­ғы, олар­дан
- " -
12.1.1
ша­ру­а­шы­лық тә­сіл­мен са­лын­ған мен­шік құ­ры­лыс
- " -
12.1.2
ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар, та­быст­ау құ­ры­л­ғы­ла­ры
- " -
12.1.3
кө­лік құ­ры­л­ғы­ла­ры
- " -
12.1.4
ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді са­тып алу­ға, бар­лы­ғы, оның ішін­де:
- " -
12.​1.​4.​1
ком­пью­тер­лік және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді жа­са­у­ға және са­тып алу­ға
- " -
13
Бө­лу­ге ар­нал­ған пай­да, оның ішін­де
- " -
13.1
күр­де­лі қар­жы са­лым­да­рын қай­та­ру
- " -
13.2
қары­здар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді тө­леу
- " -
14
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) кө­ле­мі
заттай  көр­сет­кіш­тер­де
15
Тұ­ты­ну­шы­лар­ға одан әрі бе­ру үшін са­тып алы­на­тын өнім­нің кө­ле­мі, бар­лы­ғы
млн. тең­ге
заттай көр­сет­кіш­тер­де
16
уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен нор­ма­тив бой­ын­ша өзі­нің мұқ­та­жы­на пай­да­ла­ны­ла­тын өн­ді­рі­л­ген өнім­нің (та­у­ар­лар­дың, қыз­мет­тер­дің) кө­ле­мі, бар­лы­ғы
млн. тең­ге
заттай көр­сет­кіш­тер­де
17
Нор­ма­тив­тік  тех­ни­ка­лық ысы­рап­тар
млн. тең­ге
заттай көр­сет­кіш­тер­де
18
Жал­пы көлем­нен тү­се­тін нақ­ты ысы­рап­тар
%
заттай көр­сет­кіш­тер­де
*) шығындардың ажыратып жазылуы міндетті түрде қоса берілді
**) амортизациялық аударымдардың есебі міндетті түрде қоса берілді

0-3 Табиғи монополиялар субъектілерінің

реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
3-қосымша
_________________________________________
реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтік сметаның
(тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы атқарылуы туралы есеп
Көр­сет­кіш­тер­дің  ата­уы*
Өл­шем бір­лі­гі
Бе­кі­ті­л­ген та­риф­тік сме­та­да  көз­дел­ген
Та­риф­тік сме­та­ның нақ­ты  қа­лып­тас­қан  көр­сет­кіш­те­рі
% ауыт­қу
ауыт­қу­дың  се­беп­те­рі
Та­у­ар­лар­ды өн­ді­ру мен қыз­мет­тер­ді ұсы­ну шы­ғын­да­ры
мың тең­ге
ма­те­ри­ал­дық шы­ғын­дар, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
Ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар
- " -
са­тып алы­на­тын бұй­ым­дар
- " -
ЖЖМ
- " -
отын
- " -
Энер­гия
- " -
Ең­бек­ке ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
өн­ді­рі­стік пер­со­нал­дың жа­ла­қы­сы
- " -
әле­умет­тік са­лық
- " -
Амор­ти­за­ция
- " -
Жөн­деу, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
Негіз­гі қор­лар құ­ны­ның өсу­іне алып кел­мей­тін күр­де­лі жөн­деу
- " -
Өзге шы­ғын­дар (ажы­ра­тып жа­зу)
- " -
Ке­зең шы­ғы­ста­ры, бар­лы­ғы, оның ішін­де
- " -
Жал­пы және әкім­ші­лік шы­ғы­стар, бар­лы­ғы: оның ішін­де:
- " -
Әкім­ші­лік пер­со­нал­дың жа­ла­қы­сы
- " -
әле­умет­тік са­лық
- " -
Са­лық­тар
- " -
Өзге шы­ғы­стар (ажы­ра­тып жа­зу)
- " -
Сый­а­қы­лар тө­ле­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
- " -
Қыз­мет­тер ұсы­ну­ға ар­нал­ған бар­лық шы­ғын
- " -
Та­быс (АРБ*ПС)
- " -
Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің рет­те­ле­тін ба­за­сы (АРБ)
- " -
Бар­лық та­быс
- " -
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) кө­ле­мі
заттай көр­сет­кіш­тер­де
Нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық ысы­рап­тар
%
Та­риф
тең­ге/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) өл­ше­міне ар­нал­ған
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе
толықтырылуы мүмкін

0-4 Табиғи монополиялар субъектілерінің

реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
4-қосымша
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
...
Тө­лем бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер:
мың $*
млн. тең­ге*
кре­дит­тер үшін про­цент­тер
мың  $
млн. тең­ге
ко­мис­си­я­лық тө­ле­ма­қы, сый­а­қы­лар, және т.б.
мың $
млн. тең­ге
қары­здың негіз­гі со­ма­сы
мың $
млн. тең­ге
Ре­зерв­тік қор­ға жі­бе­ріл­ді
мың $
млн. тең­ге
Есеп­ті ке­зең ая­ғын­да ре­зерв­тік қор­да қа­ра­жат­тар­дың нақ­ты бо­луы
мың $
млн. тең­ге
Жи­нақ­тал­ған қа­ра­жат­қа сый­а­қы есеп­теу со­ма­ла­ры
мың  $
млн. тең­ге
* Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек
теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел
валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел
валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерін төлемнің
нақты бағамы бойынша ұлттық валютада беріледі.
** АҚШ-тың долларына теңгенің бағамын көрсету.

Қолданыстағы