Қолданыстағы ред. 22.06.2006

Ауданның елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы от 22.06.2006 г. № 81 (Ауданның елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы)

0

Ауданның елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22-қараша № 48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңының 8,25 баптарына, Ақмола облысының әкімдігінің 20.04.06 жылғы № А-4/136 қаулысы және төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 19.05.06 ж. өрттің алдын алу жөніндегі № 616-03 хатын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауылдық округтердің әкімдері:
Шаруашылық жүргізуші объектілер мен елді-мекендерде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдансын.

2

2. Шаруашылық жүргізуші объектілерімен келісе отырып елді мекендерде өрт сөндіру жасақтарын құрсын. (ЕӨЖ)

3

3. Өрттің алдын алу үшін, өрт сөндіру техникасын не болмаса өрт сөндіруге бейімделген басқада жабдықтарды дайындап, техниканы күтіп ұстап, бекітілген жүргізушілерден кезекшілер ұйымдастырылсын жәнеде барлық ауыл округтерінде трактор соқасымен дайын тұрсын.

4

4. Өрт сөндіру жүйелері техникалары мен құралдар ақаусыз жағдайда ұсталсын, басқа мақсатта пайдалануға жол берілмесін, жасанды табиғи су көздерін және оларға баратын жолдарды әр уақытта дайын ұстасын.

5

5. Аудандық білім бөлімі (Б.А.Ахатова келісім бойынша.)
Орта жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу жөніндегі түсіндіру және тәрбиелеу жұмыстарын жандандырсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Қ. Ғали келісім бойынша.)
Қызмет көрсететін учаскілердегі тұрғындар, әсіресе тұрғылықты мекен жайы белгісіз адамдар арасында полиция учаскелік инспекторлары, жас өспірімдер істері жөніндегі инспекция қызметкерлерінің өрттің алдын алу бойынша жұмыстарын ұйымдастырсын.

7

7. Аудандық қаржы бөлімі (Б. Рыспаева)
бюджеттен, өрт қауіпсіздігі және аудан көлемінде өрт сөндіруге кетер шығынның жұмсалар қаржысын әзірлеп бекітсін.

8

8. Аудан әкімдігінің елді мекендерде өрт сөндіруді ұйымдастыру жайлы № 126. 21.12.04 ж. қаулысының күші жойылды деп танылсын.

9

9. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

10

10. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы, А Қ Ғали
Білім бөлімінің
бастығы Б.А.Ахатова