Ауданның елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданның елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22-қараша № 48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңының 8,25 баптарына, Ақмола облысының әкімдігінің 20.04.06 жылғы № А-4/136 қаулысы және төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 19.05.06 ж. өрттің алдын алу жөніндегі № 616-03 хатын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округтердің әкімдері:
Шаруашылық жүргізуші объектілер мен елді-мекендерде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдансын.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізуші объектілерімен келісе отырып елді мекендерде өрт сөндіру жасақтарын құрсын. (ЕӨЖ)
Тармақ 3
3. Өрттің алдын алу үшін, өрт сөндіру техникасын не болмаса өрт сөндіруге бейімделген басқада жабдықтарды дайындап, техниканы күтіп ұстап, бекітілген жүргізушілерден кезекшілер ұйымдастырылсын жәнеде барлық ауыл округтерінде трактор соқасымен дайын тұрсын.
Тармақ 4
4. Өрт сөндіру жүйелері техникалары мен құралдар ақаусыз жағдайда ұсталсын, басқа мақсатта пайдалануға жол берілмесін, жасанды табиғи су көздерін және оларға баратын жолдарды әр уақытта дайын ұстасын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім бөлімі (Б.А.Ахатова келісім бойынша.)
Орта жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу жөніндегі түсіндіру және тәрбиелеу жұмыстарын жандандырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Қ. Ғали келісім бойынша.)
Қызмет көрсететін учаскілердегі тұрғындар, әсіресе тұрғылықты мекен жайы белгісіз адамдар арасында полиция учаскелік инспекторлары, жас өспірімдер істері жөніндегі инспекция қызметкерлерінің өрттің алдын алу бойынша жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қаржы бөлімі (Б. Рыспаева)
бюджеттен, өрт қауіпсіздігі және аудан көлемінде өрт сөндіруге кетер шығынның жұмсалар қаржысын әзірлеп бекітсін.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігінің елді мекендерде өрт сөндіруді ұйымдастыру жайлы № 126. 21.12.04 ж. қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы, А Қ Ғали
Білім бөлімінің
бастығы Б.А.Ахатова