О вопросах лицензирования розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах лицензирования розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива)
- Атауы (қаз.)
- Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 09.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2006 28868_354156.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2006
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06SB000030
- ЭКБ идентификаторы
- 28868
- Редакция идентификаторы
- 28868_354156
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:18
0 Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылдың 23 каңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 22 тармақшасына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 5 бабының 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 15 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың, тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы №1258 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензияға қол қою құқығымен уәкілетті тұлға аудан әкімінің орынбасары Нуркенов Абылай Маралұлы тағайындалсын.
2
2. Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензияны беруге құжаттарды дайындау, лицензияны беру есебін жургізу, лецинзиялық ережесінің сақталуына бақылау жургізу бойынша функцияларды жузеге асыру бойынша жұмыс органы болып «Аққайың аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
3 3. Қосыла берілген лицинзиялық ережелердің сақталуына тeкcepic жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу Ережесі бекітілсін.
4 4. Осы қаулының, орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М.Нуркеновке жүктелсін.
5 Лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жургізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖEСI
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 9 маусымдағы
№ 125 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жургізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖEСI
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Тәртіп «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы, «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәүірдегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңдарға, «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ, алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы №1258 қаулысына (бұдан әpi Қаулы) сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Ереже лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жургізу және олардың нәтижелерін ресімдеу тәртіпті реттейді.
3 3. Аққайың ауданы аумағында орналасқан және алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар тексеріске жатады.
4
4. Бекітілген тексеру кестeci негізінде, орнатылған тәртібінде тіркелген уәкілетті тұлғамен қол қойылған тексерісті тағайындау туралы актқа келісілді немесе заңмен орнатылған тәртібінде нақты лецензиатқа қатысты мемлекеттік органдардың ұсыныстары және азаматтардың өтініштepi бойынша «Аққайың аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесімен тексерістер жүргізіледі.
5 5. Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензиялау ережесінің сақталуын тексеруге жатады:
1 1) тікеу нөміріне фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттары бар және сәйкестігін;
2 2) сататын өніміне сәйкестік сертификаты (және белгілері) барын, белгіленген тәртіппен таңбаланған акциз алымы таңбалары және сақтау мерзімін сақталуын;
3 3) алкогольдік өнімінің сатуда ең төмен бөлшек құнның сақталуын;
4 4) сауда үй-жайының бары (сауда залы, тауарларды сақтауға арналған қабылдау бөлмесі, ыдыс пен қораптарды сақтау бөлмесі, әкімшілік-тұрмыстық бөлмемесі);
6 6. «Аққайың аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексерістерді өткізу үшін берілген тексерістерді тағайындау туралы актілердің тipкey журналын жүргізеді.
7 7. Тексерістің қорытындысы бойынша лицензиялык ережелердің сақталуын тексеру туралы акт жасалады.
Тексерістің күні мен уақыты, тексерісті тағайындау туралы актінің күні мен нөмipi, тексерушілердің мәсіметтері, лицензияның берілген куні мен нөмipi, салық төлеушінің нөмipi, саудан орынның атауы мен орналасқан орны, сауда орын иесінің тегі, аты, әкесінің аты, тексеріс жасалғанда саудан орынның қызметкерлерінің лауазымы, алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау ережелердің сақталуын немесе бұзылуы туралы мәліметтер актте көрсетіледі.
Бұзушылық айқындалған кезде, тексерушілер лицензиаттан тусінік хатты жазбаша турінде алу керек, қайсысы акта қосыла беріледі. Түсінік хат беруден бас тартса, акт жасалады.
Бұзушылықтың болса да, болмаса да тeкcepic қорытындысы бойынша лицензиатқа немесе сауда орынның қызметшісіне қол қою тәртібінде акттің көшірмeci беріледі.
Қаулыға сәйкес лицензиар тоқтату себебін көрсете отырып лицензияның қолданылуын 6 айға тоқтата тұру мумкіндігі бар.