Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями

Қаулы · № 134 · қабылданған 17.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-28938/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями Күшін жойған Қаулы ·№ 134 ·17.06.2006
15.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями

Күшін жойған Қаулы ·№ 134 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134
Қабылданған күні
17.06.2006
Көрсетілген редакция
15.07.2010 AI28938_6.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004298_
ЭКБ идентификаторы
28938
Редакция идентификаторы
AI28938_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:16

0 Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпарат" нысаны (бұдан әрі - нысан) бекітілсін.

2

2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылып отырған деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен берілетін ақпаратты жеткізуді кепілдік берілген көлік жүйесін пайдалану арқылы электронды тасымалдағыш нысанында жеткізіп отырады.
Банктер уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны қағазға шығарылған нысанда береді.
Электронды тасымалдағышта берілген деректердің қағазға шығарылған деректермен дәлме дәлдігін банк Басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етіп отырады.

3 3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5 5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

6 6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

10 200 __ жылғы "___" ______ бастап 200 __ жылғы "___" _____ дейінгі есепті кезең аралығына жасалған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданылатын, банкпен айрықша қатынаста болатын _________________ тұлғалармен жасалған

­Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 17 маусымдағы
N 134 қаулысына 1-қосымша
200 __ жылғы "___" ______ бастап 200 __ жылғы "___" _____ дейінгі есепті кезең аралығына жасалған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданылатын, банкпен айрықша қатынаста болатын _________________ тұлғалармен жасалған
(банк атауы)
мәмілелер туралы Ақпарат
N
Тұл­ға­ның ата­уы (фа­ми­ли­я­сы, аты, әке­сі­нің аты)
Са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі
Тұл­ға банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын  тұл­ға­ға жат­қы­зы­л­ған бел­гі­сі
Опе­ра­ци­я­лар тү­рі
Ва­лю­та тү­рі
Шарт бой­ын­ша мәмі­ле со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Шарт жа­сау мер­зі­мі (та­лап­тар­ды орын­да­удың ба­стал­ған кү­ні)
1
2
3
4
5
6
7
8
За­ем­дар бе­ру
Жиын­тық
Де­по­зит­ті ор­на­ла­сты­ру және қа­был­дау неме­се за­ем алу
Жиын­тық
Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын тұ­лға­лар шы­ғар­ған қар­жы құ­рал­да­рын са­тып алу және ке­пі­л­ге алу
Жиын­тық
Қар­жы құ­рал­да­рын, оның ішін­де банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын   тұ­лға­лар­дан ке­рі са­ту (са­тып алу) шар­ты бой­ын­ша са­ту (са­тып алу)  (банк­ке қар­сы агент­ті анық­та­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін тә­сіл­дер­мен ұй­ым­дас­қан ры­н­ок­та жа­сал­ған мәмі­ле­лер­ден бас­қа)
Жиын­тық
Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын тұ­лға­лар­дан мү­лік­ті қа­был­дау және са­тып алу (са­ту)
Жиын­тық
Жо­ға­ры­да атал­ған опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға, не банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста болған тұ­лға­лар­мен банк­тің қа­ра­жат­тан­ды­ру неме­се ор­тақ жа­у­ап­кер­ші­лі­гі жө­нін­де­гі банк­тің бо­ла­шақ­та­ғы мін­дет­те­ме­сі
Жиын­тық
Жо­ға­ры­да­ғы атал­ған опе­ра­ци­я­лар­дан бас­қа банк­пен және банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста болған тұл­ға­мен ара­да­ғы мү­лік­тік мен­шік құқы­ғы­на кө­шу
Жиын­тық
Мәмі­ле­нің өзге түр­ле­рі
Жиын­тық
Бар­лы­ғы
кестенің жалғасы
Шар­тта­ғы іс-қи­мыл­ды аяқ­тау күн (та­лап­тар­ды орын­да­удың аяқ­тал­ған кү­ні)
Шарт та­лап­та­ры бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету
Тө­ле­не­тін сый­а­қы
(жыл­дық про­цент бой­ын­ша)
Есеп­ті күн­де­гі ағым­да­ғы қал­дық (мың тең­ге­мен)
Де­ректе­ме­лер Банк­тің ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің не ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы жи­на­лы­сы­ның ше­шім­де­рі(ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бол­ма­ған жағ­дай­да)
Ес­кер­ту
тү­рі
құ­ны (мың тең­ге­мен)
Банк пай­да­сы үшін банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын тұл­ға­мен
банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын тұл­ға­ның пай­да­сы үшін
Банк­тің іш­кі құ­жат­та­ры­на сәй­кес
9
10
11
12
13
14
14-1
15
16
Банкпен және олармен айрықша қатынаста болған тұлғалармен банк жасаған операциясының әрбір түрі бойынша сомасынан банкпен және айрықша қатынаста болған тұлғалармен жасаған мәмілесінің жалпы сомасы 200 __ жылғы "__" _____ жағдай бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйегіндегі N 358 "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының жиынтықты мөлшерінен 0,1 проценттен аспаса, _______________ мың теңге болады.
Банк есепті кезең ішінде банкпен айрықша қатынаста болған тұлғаларға жеңілдікті талаптар көрсетілмегендігін және банкпен айрықша қатынаста болған тұлғалармен осы ақпаратта көрсетілгеннен басқа мәмілелер жасалмағандығын растайды.
Банк Басқармасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам) ________________________
Орындаушы _________________________
Бас бухгалтер _________________________
Мөрдің орны:
Кестені толтыруға байланысты нұсқаулар:

1

1) кестеде банктің онымен айрықша қатынаста болған тұлғалармен жасаған операциясының әрбір түрі бойынша сомасынан банкпен және айрықша қатынаста болған тұлғалармен жасаған мәмілесінің жалпы сомасы тиісті есепті күннің жағдайы бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйегіндегі N 358 "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының жиынтықты мөлшерінен 0,1 проценттен асқан жағдайдағы банктің барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі;

2 2) егер мәміле талаптары қамтамасыз етудің немесе сыйақы төлеудің болуын болжалдамайтын болса, онда 10), 11) немесе 12)-14) бағандар толтырылуы тиіс деп табылмайды.

Банк осы Ақпаратқа "200 __ жылғы "__" _____ жағдай бойынша банкпен айрықша қатынаста болған тұлғалар тізілімін" мынадай нысан бойынша қоса береді
N
Са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі
Тұл­ға­ның ата­уы (фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні)
Банк­пен ай­рық­ша қа­ты­на­ста бо­ла­тын  тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын тұл­ға­ның ерекше­лі­гі
1
2
3
4
Банк Басқармасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам) _______________________
Орындаушы      _________________________
Бас бухгалтер _________________________
Мөрдің орны:

13 Күшін жойды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 17 маусымдағы
N 134 қаулысына 2-қосымша
Күшін жойды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

1

1) "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысы , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1745 тіркелген;

2

2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1745 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37 қаулысы , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2761 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде" жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 953-құжат;

3

3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 129 қаулысы , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3650 тіркелген.

Қолданыстағы