Қолданыстағы ред. 30.06.2006 (Редакция 28977_350051.kaz)

Алмалы селолық округіндегі мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою және алдын-алу шаралары туралы от 30.06.2006 г. № 228 (Алмалы селолық округіндегі мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою және алдын-алу шаралары туралы)

0

Алмалы селолық округіндегі мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою және алдын – алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 5 тармақшасына және «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 18-тармақшысына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алмалы селолық округінің Сарыөзек участогіндегі «Бөкен» шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының (Атырау облыстық ветеринарлық зерттеуханасының 31 мамыр 2006 жылғы № 96 сараптамасы) шығуына байланысты елді мекен аумағында шектеу қойылсын.

2

2. Қосымшаға сәйкес «Бөкен» шаруа қожалығы аумағында шаруашылық малдарын бруцеллез ауруынан тазарту, оны болашақта болдырмау шараларын іске асырсын.

3

3. Шарада көрсетілген ветеринариялық-санитарлық жұмыстарды қадағалау бруцеллез ауруымен күресу жөніндегі нұсқау, ереже шарттарына сәйкес мерзімінде орындау аудандық аймақтық басқармасынан (Д. Рысқалиев – келісім бойынша), аудандық санитарлық – эпидимеологиялық қадағалау басқармасынан Өмірзақова – келісім бойынша), аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінен (А. Жұмырова – келісім бойынша) сұралсын.

4

4. Осы қаулыны іске асыру, орындалысы жөнінде әр 10 күн сайын аудан әкімі аппартына хабарлап отыру Алмалы селолық округі әкімі аппаратына (Ғ. Әбішев), аудандық ауылшаруашылығы бөліміне (Таженов) тапсырылсын.

5

5. Алмалы селолық округін қарасты «Бөкен» шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының байқалуына байланысты қойылған шектеу, бруцеллезге тексеру натижесінде екі рет қатарынан таза деген қорытынды алынғаннан кейін алынып тасталсын.

6

6. Осы қаулының орындалу барысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Аудандық аймақтық басқарма бастығы
Д. Рысқалиев
Аудандық мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
А. Искакова
Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
А. Жұмыров

7

Махамбет аудандық әкімиятының
2006 жылдың 30 маусымдағы
№ 228 шешіміне 1 қосымша
Алмалы селолық округіне қарасты «Бөкен» шаруа қожалығындағы малдарын бруцеллез ауруының тазарту, оны болашақта болдырмау мақсатындағы ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жоспары
р/с
Ветеринариялық іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Жауапты адам
Орындалысын қадағалау
1
Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауру белгісі байқалуына байланысты Алмалы селолық округіне қарасты «Бөкен» шаруа қожалығы аумағына шектеу қою және селолық округ тұрғындары арасында бруцеллез ауруы туралы кең түсінік жұмыстарын жүргізу;
Үнемі
Селолық округ әкімі аппарты, селолық жанұялық емхана меңгерушісі, селолық округтің ветеринар инспекторы (келісім бойынша);
Селолық округ әкімі, аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша);
2
Бруцеллез ауруын жою туралы ветеринар мамандарына практикалық көмек беру және ауру малдарын нұсқауға сәйкес дер кезінде жойылуын қамтамасыз ету;
Тұрақты
Селолық округі әкімі аппарты;
Селолық округі әкімі аппараты, аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша);
3
Сүтті қайнатып пайдалану, қаймақ, құрт, ірімшік дайындауға тиым салу. Бруцеллезге теріс реакция берген шектеу аумағындағы аналық сиырдың сүтін 70 градус температурада 30 минут қайнатылғаннан кейін пайдалану;
Кезінде
Мал иелері, ветеринар лицензиат дәрігер (келісім бойынша);
Селолық округі әкімі аппараты, селолық округтің ветеринарлық инспекторы (келісім бойынша);
4
Ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз мал, мал өнімдерінің қозғалысына, шектеу қойылған аумақтан дайындалған жем-шөпті басқа жерге сатуға, шығаруға тиым салынсын.
Шектеу мерзімі кезінде
Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар инспектор (келісім бойынша);
Селолық округ әкімі, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша);
5
Ауру малды 5 күн мерзім ішінде жою шарасын алу. Ауру мал тұрған орындар, қора-жайларды механикалық жолмен тазартып, арнайы залалсыздандырғыш ертінділер арқылы залалсыздандыру;
Кезінде
Селолық округі әкімі аппарты, ветеринар инспектор (келісім бойынша);
Селолық округ әкімі, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі;
6
Бруцеллез ауруымен аурудын алдын алу және жою туралы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық комитеті төрағасының 3 ақпан 1999 жылғы № 111/57 Нұсқауының 8-бабының 8.4.2.1 тармақтары бойыншша бір жыл ішінде ірі қара малдары бруцеллезден тазартылмаған жағдайда қалған сау малдары жою арқылы сауықтыру.
Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес
Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша);
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша);
7
Ауру малдың төлін қатан есепке алып, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық комитеті Төрағасының 3 ақпан 1999 жылғы № 111/57 нұсқауының 7 бабына сәйкес жою шарасын алу;
Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес
Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша);
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша);