Об утверждении методики определения стоимости имущества юридических и физических лиц для целей налогообложения Күшін жойған
Басқа 0
Салық салу мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 22.05.2000 № 490 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 24.04.95 ж. № 2235 Заң күші бар Жарлығына сәйкес және жеке тұлғалар мүлкінің құнын айқындау мақсатында Алматы қаласының Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. "Салық салу мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құнын айқындау әдістемесі" бекітіліп, күшіне енгізілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Салық салу мақсаттары үшін аумақтық аудандар бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 1998 салық жылына арналған реттегіш коэффициенттері бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қала Әкімінің "Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы" 1994 жылғы 4 қарашадағы № 398 және "Қала Әкімінің "Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы" 04.11.94 ж. № 398 Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 29 наурыздағы № 59 Қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4. Әдістемесі
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Қ.Е.Жанбыршинге жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Алматы қаласы Әкiмiнiң
16.04.1998 ж. № 301
Шешiмiне № 1 қосымша
Салық салу мақсаттары үшiн заңды және жеке
тұлғалар мүлкiнiң құнын айқындау
Әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әдiстеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң» "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"» 24.04.95 ж. N 2235 Заң» күшi бар Жарлығына сәйкес Алматы қаласының» аумағында салық салу мақсаттары үшiн заңды және жеке тұлғаларды» мүлiк қүнын айқындауды реттеп отыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Бұл Әдiстеме:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар меншiк, сенiмдi басқару, шаруашылық жүргiзу немесе күнделiктi басқару құқығында иеленiп отырған, олардың»мүлiк салығы салынатын мүлiктерiнiң құнын айқындау үшiн қолданылады.
Тармақ 3
3. Салық салу мақсатындағы бағалау нысандары мыналар:
Тармақша 1
1) заңды және жеке тұлғалардың, көлiк құралдарынан басқа, негiзгi құрал-жабдықтары;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың»иелiгiндегi тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары, көлiкжайлар мен өзге де құрылыстар, ғимараттар, тұрақжайлар.
Тарау ii. II. Әдiстемеде қолданылған негiзгi
ұғымдар мен айқындамалар
II. Әдiстемеде қолданылған негiзгi
ұғымдар мен айқындамалар
Тармақ 4
4. Негiзгi құрал-жабдықтар - бағалау күнгi құны республикада белгiленген 40 есептi көрсеткiштен жоғары, пайдалану мерзiмi 1 жылдан астам активтер.
Тармақ 5
5. Бастапқы құн - активтi мақсаты бойынша пайдалану үшiн оны жұмыс жағдайына келтiруге байланысты жұмсалған барлық шығындарды қоса, негiзгi құрал-жабдықтарды тұрғызуға немесе сатып алуға жұмсалған нақты өндiрiстiк шығындардың құны.
Тармақ 6
6. Нарықтық құн - баламалы маркетингiден кейiнгi коммерциялық мәмiленiң» нәтижесiнде ерiктi сатып алушы мен ерiктi сатушы арасында меншiк құқығы бағалау жүргiзiлген күнi қосымша күш-жiгер жұмсамай-ақ сатылуы мүмкiн болатын барынша ықтимал есептi ақшалай сома.
Тармақ 7
7. Ағымдағы құн - қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша негiзгi құрал-жабдықтардың» белгiлi бiр күнгi құны.
Тармақ 8
8. Жалпы тозымы - негiзгi құрал-жабдықтар нысандарының» ескiрiп тозуы мен моральдық сипаттамаларын жоғалту процесi және, тиiсiнше, олардың» құнын жоғалтуы.
Тармақ 9
9. Нақты тозымы - пайдалану барысында тозуының» және физикалық процестер ықпалының» нәтижесiнде нақты жай-күйiнiң» нашарлауы салдарынан құнын жоғалтуы.
Тармақ 10
10. Қызметтiк тозымы - жобалаудағы кемшiлiктерге байланысты нысанның моральдық тұрғыдан ескiруi, яғни осы заманғы талаптарға, стандарттарға, дизайнға, жоспарлауға және т.т. сәйкес келмеуi.
Тармақ 11
11. Сыртқы тозымы - инфляция, экономикалық дағдарыс, саяси жағдайды» тұрақсыздығы, оңтайлы орналаспауы, экономикалық ортасы секiлдi және басқа да келеңсiз сыртқы факторлардың» салдарынан құнын жоғалтуы.
Тармақ 12
12. Пайдалы қызмет мерзiмi - негiзгi құрал-жабдықтарды пайдаланудан экономикалық пайда табу көзделiп отырған кезең.
Тармақ 13
13. Аудандық реттеушi коэффициент - жылжымайтын мүлiк нысанының» орналасқан жерiне, тұрғын үй нарығында бағаның құбылу конъюнктурасына қарай (жыл сайын түзетiлiп тұрады) оның құнын айқындап, салық салу мақсаттары үшiн жылжымайтын мүлiктiң» ақиқат құнын алуға мүмкiндiк беретiн коэффициент.
Тарау iii. ІІІ. Жеке тұлғалардың» жылжымайтын
мүлкiнiң құнын айқындау
ІІІ. Жеке тұлғалардың» жылжымайтын
мүлкiнiң құнын айқындау
Тармақ 14
14. Салық салу мақсаттарында заңды және жеке тұлғалардың мүлiк құнын айқындау үшiн қалпына келтiру құнын айқындауға негiзделген шығынды әдiс қолданылады.
Тармақ 15
15. Заңды және жеке тұлғалар мүлкiнiң техникалық тексеруден өткiзiлiп, құқықтық тұрғыдан тiркелуi осы мүлiктi бағалаудың» бастапқы кезеңi болып табылады, оның барысында құқық белгiлейтiн және құрылыс-техникалық құжаттаманың бар-жоғы тексерiледi.
Тармақ 16. Құрылыстың нақты тозымының есептемесi (%)
16. Нысандардың құнын есептеп шығару мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
C = См2хSх(1-И%)хКрхКэ
мұндағы:
C - теңгемен көрсетiлген құрылыстың құны;
См2 - құрылыстың 1 шаршы метрiнiң»экономика жөнiндегi аумақтық орган бекiткен құны (жыл сайын жаңартылып тұрады);
S - құрылыстың жалпы аумағы;
(И%) - бүкiл пайдалану кезеңiндегi құрылыстың нақты тозымы (N1 кесте);
Кр - тұрғын үйдiң»базар нарқын есепке ала отырып есептеп шығарылған қайталама тұрғын үй нарығының 1 шаршы метрiне сәйкестендiрудiң»реттеушi коэффициентi (N 2 қосымшаны қараңыз);
Кэ - қабаттарының»коэффициентi N 2 кесте бойынша айқындалады (аталған коэффициент тұрғын бөлмелердi бағалаған кезде ғана қолданылады).
Белгiлi бiр күнгi ағымдағы құнды алу үшiн нақты тозымды айқындау N 1 кестеге сәйкес жүргiзiледi:
Құрылыстың нақты тозымының есептемесi (%)
Ғимараттар тобы
Қабырғаларының материалы бойыншағимараттардың»
түрлерi
Құрылыстардың» орташа
қызмет мерзiмi (жылдық %)
І.
Тас, кiрпiш
1,9
ІІ.
Iрi панельдi, iрi бiлiктi, панельдi,
темiр-бетонды, бiлiктi
1,8
III.
Тұтас құйылған
1,7
ІV.
Құрастырмалы-қалқанды, қаңқалы-қамысты, ағаш, саман және басқа да қаңқалы
3,3
Ескерту: құрылыстардың тозымы 60%-тен аспауы тиiс, өйткенi тозым 60%-тен асып кетсе, оның құрастырмалы бөлшектерi өз мiндеттерiн толық орындай алмайды әрi құрастырмалы бөлшектердi түгел ауыстыру қажет болады.
Жеке меншiк үйлердiң нақты тозымы тұрғын үйлердiң, олардың» құрастырмалы бөлшектерiнiң, әрлеуi мен инженерлiк жабдықтарының» орташа нормативтiк қызмет мерзiмiн есепке ала отырып, құрастырмалы бөлшектерi бойынша есептеп шығарылады.
Қабаттарының коэффициентi N 2 кесте бойынша айқындалады:
Қабаттары
Қабаттарының коэффициенті
1.
Бiрiншi және соңғы қабаттар
0,95
2.
Екiншi қабат
1,1
3.
Үшiншi қабат
1,05
4.
Қалған қабаттар
1,0
Ескерту: екi қабаттан аспайтын ғимараттарға қабаттылық коэффициентi қолданылмайды.
Жеке меншiк үйлердiң, қызметтiк ғимараттар мен құрылыстардың құнын есептеп шығарған кезде iргелi қабырғалардың»қалыңдығы ескерiлуi тиiс, яғни қабырғаларының»жобалық қалыңдығы сәйкес келмеген жағдайда қабырғаларының материалына қарай проценттiк қатынастағы кемiту коэффициентi қолданылады.
Қайталама тұрғын үй нарығының құнына
сәйкестендiрудiң»аудандық реттеу
коэффициентiн айқындау әдiстемесi
Аумақтық аймақтағы аудандық реттеу коэффициентi осы аймақтың базар нарқын зерттеу арқылы айқындалады әрi заңды және жеке тұлғалар мүлкiнiң (жылжымайтын мүлкiнiң) құнын айқындаған кезде негiзгi түзету коэффициенттерiнiң»бiрi болып табылады.
Аудандық коэффициенттi айқындау мынадай ретпен жүргiзiледi:
Тармақша а
а) әрбiр аумақтық аймақ бойынша (Алматы қаласында олардың» саны 17) кез-келген жылжымайтын мүлiк түрiне деген сұраныс айқындалады, яғни жылжымайтын мүлiктiң базар нарқы зерттелiп, сол арқылы жылжымайтын мүлiктiң нарықтық бағасы айқындалады;
Тармақша б
б) қаланың аумақтық аудандары бойынша қайталама тұрғын үй нарығының» аудандық коэффициентi Алматы қаласы Әкiмiнiң» шешiмiмен бекiтiледi.
Тұрғылықты емес қор нысандарын
бағалаудың ерекшелiктерi
Тұрғылықты емес мекен-жайларды бағалау кезiнде бағалаудың негiзгi үш әдiсi: шығынды; баламаларын тiкелей салыстыру бойынша (салыстырмалы); табысты әдiстерi қолданылады.
Қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарды бағалау үшiн ғимараттардың» арналған мақсатына қарай негiзiнен шығынды, салыстырмалы және табысты әдiстер қолданылады.
Шығынды әдiспен тұрақжайдың» қалпына келтiру құны және алмастыру құны айқындалады. Мысалы, шығынды әдiспен бағалау қалпына келтiру құнын есептеп шығаруды, яғни ұқсас материалдарды пайдалану әрi барлық пайдалану өлшемдерiн сақтау арқылы негiзгi қорлардың дәл көшiрмесiн қазiргi жағдайларда қалпына келтiруге жұмсалған шығындардың мөлшерiн айқындауды көздейдi. Бұл ретте келiсiмдi бағалар мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудiң сметалық нарықтары, құрылыс материалдарының, отынның, қуат көзiнiң нарықтық көтерме бағалары, тасымал шығындары және т. б. ескерiледi.
Әдетте, бұлайша бағалау ғимараттың» құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамалар немесе тым болмағанда ғимараттың» техникалық төлқұжаты болған жағдайда мүмкiн болады, қажет болған жағдайда ғимаратқа техникалық тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
Жылжымайтын мүлiктi бағалау кезiнде пайдаланылатын әдiстердiң» тағы бiрi салыстырмалы сатуларды тiкелей салыстыру әдiсi болып табылады. Қоғамдық ғимараттардың мөлшерi мен бiрегейлiгiне, қала жоспарында нысандардың бiр-бiрiнен айтарлықтай қашықтықта орналасуына, осы тақылеттес мәмiлелердi iрiктеп алу қиындықтарына байланысты ғимараттардың»ерекшелiктерiне қарай салыстыру әдiсi бағалаудың негiзгi екi әдiсiне: баламалары бойынша және эталоны бойынша бағалау әдiстерiне бөлiнедi.
Баламалы тәсiл, ең»алдымен, ұқсас нысандарды техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бойынша салыстыруды көздейдi.
Эталондық тәсiл ұқсас нысандарды тек қана техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бойынша салыстыруды көздейдi және баламалар саны жеткiлiксiз болған жағдайда қолданылады.
Жылжымайтын мүлiктi бағалауда пайдаланылатын үшiншi әдiс табысты әдiс болып табылады, бұл ретте құн негiзгi екi тәсiлдiң:
- тура капиталдау;
- табыстарды капиталдау тәсiлдерiнiң көмегiмен есептеп шығарылуы мүмкiн.
Капиталдау дегенiмiз - бұл табыстарды ағымдағы құнмен айырбастау деген сөз. Қоғамдық ғимараттарды бағалау үшiн табыстарды капиталдау неғұрлым дәл тәсiл болып табылады. Бұл тәсiл нысанның»болашақтағы жыл сайынғы табыстарын модельдеудi бiлдiредi, олар кейiн ағымдағы құнға дисконттеледi.
Бағалау кезiнде мүмкiндiгiне қарай бағалаудың үш әдiсiнiң үшеуi де қолданылуы тиiс, олардың нәтижелерi бойынша жылжымайтын мүлiк нысанының»түпкiлiктi бағасы шығарылады.
Мысал: жабдықтарды жөндеу жөнiндегi өндiрiстiк корпус.
Корпус 1987 жылы тұрғызылған, Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан. Ғимарат кiрпiштен салынған, көлемi 200 шаршы метр.
N 1 Нұсқасы
Жобалау-сметалық құжаттамасы, сондай-ақ негiзгi қорларға қатысты жабдықтары мен мүкәммалдары қолда бар.
Жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес ғимараттың құны (1987 ж.) 40 000 рубль.
Мемлекеттiк статистика жөнiндегi аумақтық органның деректерi бойынша 1991 жылғы сметалық бағаға қатысты нақты баға индексi - 80 есе.
Ғимараттың қалпына келтiру құны мынадай болып шығады:
(40 000 х 80) = 3 200 000 теңге.
Физикалық тозымы 17% құрайды.
Тозымын есепке алғандағы ғимараттың құны мынадай болады:
3 200 000 - 544 000 = 2 656 000 теңге.
Тозымын (амортизациясын) есепке алғандағы жабдықтар мен мүкәммалдардың құны 300 000 теңге болады.
Сөйтiп, салық салу үшiн жылжымайтын мүлiктiң құны:
2656000+300000=2956000 теңге құрайды.
N 2 Нұсқасы
Жобалау-сметалық құжаттамасы жоқ.
Мына формула қолданылады:
С = См2хSх(1-И%)хКр
мұндағы:
С - құрылыстың теңгемен көрсетiлген құны;
См2 - экономика жөнiндегi аумақтық орган бекiткен құрылыстың 1 шаршы метрiнiң құны (жыл сайын жаңартылып тұрады);
S - құрылыстың жалпы көлемi;
(1-И%) - бүкiл пайдалану кезеңiндегi құрылыстың ескiрiп тозуы;
Кр - реттеушi коэффициент.
Қалалық экономикалық комитет ұсынған кiрпiш үйдiң 1 шаршы метрiнiң құны - 32 000 теңге.
С=32 000х200х(1-0,17)х0,5=2 656 000 теңге.
Жабдықтар мен мүкәммалдардың құны 300000 теңге құрайды.
Сөйтiп, салық салу үшiн мүлiктiң құны - 2 656 000+300 000 = 2956000 теңге болады.
Ескертпе: үлгi есептемедегi цифрлар шартты түрде алынған.
Тармақ 17
17. Көлiкжайларды бағалау да, қабаттар саны қолданылмай, тұрғын үй құнын есептеу формуласы бойынша осылайша жүргiзiледi.
Ескерту: көлiкжай кооперативтерiнiң төрағалары көлiкжай бокстары иелерiнiң тiзiмiн мезгiлiнде бермеген жағдайда Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталық өзiнiң жоғары тұрған органымен келiсiм бойынша жылжымайтын мүлiк нарығындағы орташа бағаны басшылыққа алып көлiкжай боксының орташа құнын белгiлей алады.
Тармақ 18
18. Саяжай құрылысының құны да, қабаттарының коэффициенттерiн қолданбай, тұрғын үй құнын есептеу формуласы бойынша осылайша айқындалады.
Ескертпе: бау-бақша серiктестiктерiнiң төрағалары бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) аумағында жеке меншiк құрылыстары, ғимараттары мен тұрақ-жайлары бар азаматтардың»аты-жөнiн, тұрақтап тұрып жатқан жерiн көрсетiп, олардың тiзiмiн және құрылысты бағалауға қажеттi деректердi мезгiлiнде бермеген жағдайда Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталық өзiнен жоғары тұрған органымен келiсiм бойынша жылжымайтын мүлiк нарығындағы орташа бағаны басшылыққа алып саяжай құрылыстарының орташа құнын белгiлей алады.
Басқа 30
16.04.1998 ж. N 301
Шешiмiне N 2 қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне салық
салу мақсаттары үшін қаланың аумақтық
аудандары бойынша қайталама тұрғын үй нарығының,
реттеуші коэффициенттерінің өлшемі
-----------------------------------------------------------------------
Рет!Аумақтық ! Аумақтық-экономикалық ішкі !Қайталама тұрғын
N !эконом. ! аудандардың индексі !үй нарығының
!ауданд. N ! !реттеуші коэфф.
-----------------------------------------------------------------------
1. 1. І-І; қабырғалары кірпіштен және
тұтас құйылған, панельді 0,4-1,0
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,9-1,8
2. 2. 2-1; 2-2; 2-3; қабырғалары кірпіштен,
тұтас құйылған және панельді 0,6-1,1
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,9-1,8
3. 3. 3-1; 3-2; қабырғалары кірпіштен,
тұтас құйылған және панельді 0,5-1,1
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,9-2,0
4. 4. 4-1; 4-2; 4-3; 4-4; 4-5; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және
панельді 0,3-1,1
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,9-1,8
5. 5. 5-1; 5-2; 5-3; 5-4; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,2-1,0
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,9-2,5
6. 6. 6-1;6-2; 6-3; 6-4; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,4-1,0
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 1,0-2,0
7. 7. 7-1; 7-2; 7-3; қабырғалары кірпіштен,
тұтас құйылған және панельді 0,2-0,8
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,7-1,6
8. 8. 8-1; 8-2; 8-3; 8-4; 8-5; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,2-0,5
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы
9. 9. 9-1; 9-2; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,2-0,8
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,8-1,7
10. 10. 10-1; 10-2; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,2-0,7
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 1,0-2,0
11. 11. 11-1; 11-2; 11-3; 11-4; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,2-0,6
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,7-1,7
12. 12. 12-1; 12-2; 12-3; 12-4; 12-5; 12-6;
қабырғалары кірпіштен, тұтас құйылған
және панельді 0,2-0,7
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,8-1,7
13. 13. 13-1; 13-2; 13-3; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,5-0,8
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 0,8-1,8
14. 14. 14-1; 14-2; 14-3; 14-4; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,4-0,75
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 1,1-1,7
15. 15. 15-1; 15-2; 15-3; 15-4; 15-5; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,3-0,6
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 1,0-1,5
16. 16. 16-1; 16-2; 16-3; 16-4; 16-5; 16-6;
қабырғалары кірпіштен, тұтас құйылған
және панельді 0,3-0,8
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 1,0-1,8
17. 17. 17-1; 17-2; қабырғалары
кірпіштен, тұтас құйылған және панельді 0,3-0,6
қаңқалы-қамысты, бөренелерден қиып
қаланған, қаңқалы-құймалы 1,2-1,8
____________________________________________________________________
Ескерту: жеке меншік үйлерге теңдестірілген аудандық реттеу коэффициенттері қолданылады.