Об утверждении Правил использования наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в ветеринарии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в ветеринарии
- Атауы (қаз.)
- Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 116
- Қабылданған күні
- 28.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2010 AI29003_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004312_
- ЭКБ идентификаторы
- 29003
- Редакция идентификаторы
- AI29003_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:13
0 Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесін бекіту туралы
Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының Заңының 17 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды ветеринарияда пайдалану ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрі
2006 жылғы
3 Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қолдану тәртібі
Қазақстан Республикасы
Ішкі Істер Министрлігінің
Есірткі бизнесіне қарсы күрес
және есірткі айналымын бақылау
жөніндегі комитеті төрағасы
вице-министр бұйрығымен
бекітілген
2006 жылғы 28 маусымдағы
N 116 бұйрығымен бекітілген
Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қолдану тәртібі
1
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дайындалып ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қолдану тәртібін және жағдайын анықтайды.
2 2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
ветеринария - жануарлардың аурулары мен азықтан улануы (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар - (әрі қарай заңды тұлғалар) меншік түріне қарамастан ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринариялық емхана және басқа да ұйымдар мен мекемелер.
2
2 2. Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдану тәртібі
3 3. Заңды тұлғалар ветеринарияда қолданылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жануарларды зерттеу және емдеу кезінде тыныштандыру және қозғалыссыздандыру, сондай-ақ хирургиялық әрекеттер барысында пайдаланады.
4 4. Ветеринарияда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануды, лицензиялаудың осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар, жүзеге асырады.
5
5. Ветеринарияда қолданылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауды заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
6 6. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс істеуге рұқсаты бар ветеринариялық дәрігер-лицензиаттардың тізімі, осы тізімде көрсетілген тұлғалардың сәйкестігін тексерген, аумақтың ішкі істер органымен келісіледі.
7
7. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс істеуге нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдікпен ауыруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың ішінде жоғары қауіп көзіне байланысты кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрігерлердің тұжырымы бар ветеринариялық дәрігер-лицензиаттар жіберіледі.