Қолданыстағы ред. 22.06.2006 - 01.07.2006 (Редакция 29055_347386.kaz)

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы от 22.06.2006 г. № 251 (Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы)

0

«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы
тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы»
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 баптың 2 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулыны басшылыққа алып, Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасы бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік сала (білім, медицина және мәдени мекемелер) мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (Д.О.Намысов) жүктелсін.

3

3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы

2006 жылғы 22 маусымдағы 24 сессиясының
Нұра аудандық Мәслихатының
№251 шешімімен бекітілген
қосымша
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасы
Осы Қағида «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын бepy тәрібін белгілейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер немесе банктік оңерациялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;

2

2) жиынтық табыс - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы соммасы;

3

3) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;

4

4) өтініш беруші (жеке тұлға) - жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

5

5) тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үиді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;

6

6) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);

2

2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді (жыл сайын Мәслихаттың шешімімен сәйкесінше жылға бюджетті бекіту кезінде белгіліенеді).

2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

3

3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:

1

1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;

2

2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда - айына 8 килограмм;
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда - айына 10 килограмм;
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға - 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 10 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасы бар үйлерде - 250 киловатт.

3

3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.

4

4) тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.

3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

5

5. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлгаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.

6

6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.

7

7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы -бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеуменн айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.

8

8. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер түлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.

9

9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.

10

10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі - бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауга төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы комммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.

11

11. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.

12

12. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.

13

13. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

14

14. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметгерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

15

15. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.

16

16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.

17

17. Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5. 5. Тұрғын үй жәрдемақылаын өтіну және есептеу тәртібі.

5. Тұрғын үй жәрдемақылаын өтіну және есептеу тәртібі.

18

18. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді

1

1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;

2

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3

3) тұрғын үй иелігіне құқығын анықтайтын құжаттын, инвентарлық және кадастрлық нөмірлері көрсетілген, көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);

4

4) отбасы құрамын және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы);

5

5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғыз тұратын 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;

6

6) отбасы мүшелерінің атқаратын қызмет түрлері жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);

7

7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындары туралы мәліметтер (түбіртек);

8

8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желіснің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтері есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;

9

9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәліметтер;

10

10) жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;

19

19. Құжаттар, салыстырып тексеру үшін, түпнұсқасында және көшірме түрінде тапсырылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

20

20. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындатуға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.

21

21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.

22

22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.

23

23. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

6. 6. Жиынтық табысты есептеу

6. Жиынтық табысты есептеу

24

24. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі - жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі - уәкілетті орган).

25

25. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).

26

26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі -есепті кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.

27

27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.

28

28. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған I табыстың барлық соммасы есептеледі.

29

29. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.

30

30. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. 7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде
есепке алынатын табыс түрлері

31

31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:

1

1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;

2

2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;

3

3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;

4

4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

5

5) өзге табыс.

32

32. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:

1

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

2

2) тұрғын үй жәрдемақысы;

3

3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;

4

4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;

5

5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;

6

6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;

7

7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

8

8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

9

9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

10

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар;
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.

11

11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;

12

12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.

8. 8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс

8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс

33

33. Отбасының жиынтық табысын септеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:

1

1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;

2

2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);

3

3) шетелдік валютаны өткізуден;

4

4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;

5

5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;

6

6) авторлық сыйақы түріндегі;

7

7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;

8

8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;

9

9) қайтарымсыз алынған ақша;

10

10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);

11

11) ақшалай аударымдар;

12

12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;

13

13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс.
Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.

34

34. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

35

35. Алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.

36

36. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.