Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи согласия на проектирование, строительство и реконструкцию морских портов

Бұйрық · № 186 · қабылданған 26.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29077/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи согласия на проектирование, строительство и реконструкцию морских портов Күшін жойған Бұйрық ·№ 186 ·26.07.2006
20.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи согласия на проектирование, строительство и реконструкцию морских портов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 186 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи согласия на проектирование, строительство и реконструкцию морских портов
Атауы (қаз.)
Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
186
Қабылданған күні
26.07.2006
Көрсетілген редакция
20.06.2008 AI29077_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004323_
ЭКБ идентификаторы
29077
Редакция идентификаторы
AI29077_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:04

0 Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесін бекіту туралы

"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  4-бабы  3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесі

3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2006 жылғы 26 шілдедегі
N 186 бұйрығымен
бекітілген
Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру тәртібін белгілейді және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді.

2 2. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  4-бабы  3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне жатады.

2 2. Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру тәртібі

3 3. Уәкілетті органның теңіз портын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісімін алу екі кезеңде жүргізіледі:

1 1) теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалауға келісім алу;

2 2) теңіз портын салуға және қайта жаңартуға келісім алу.

4

4. Уәкілетті органның теңіз портын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісімін алу үшін теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалауды жоспарлап отырған тұлға теңіз портын салудың және қайта жаңартудың жоспарланып отырған сипатын, мерзімі мен орналасуы көрсетілген өтінішін уәкілетті органға береді.
Өтінішке теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалаудың қажеттілігі туралы негіздеме, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мүдделі мемлекеттік органдардың теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалауға келісімін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Уәкілетті орган өтінішті қарайды және осы Ереженің 9-тармағына сәйкес өтініш берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей тиісті шешім қабылдайды.

5 5. Теңіз портын салуға және қайта жаңартуға арналған жобалау құжаттамасын (бұдан әрі - жобалау құжаттамасы) әзірлеу Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттарға, нормаларға, ережелерге және басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

6 6. Жобаланатын теңіз порттары теңізде жүзу қауіпсіздігінің талаптарына жауап беру және олар теңізде жүзуді жүзеге асыру үшін кедергі болмайтын жерде орналасуы тиіс.

7 7. Жобалау құжаттамасы оны әзірлеу аяқталғаннан кейін осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес теңіз портын салуға және қайта жаңартуға келісім алу үшін уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.

8 8. Уәкілетті органның теңіз портын салуға және қайта жаңартуға келісімін алу үшін теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жоспарлап отырған тұлға уәкілетті органға өтініш береді.

Өтінішке жобалау құжаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мүдделі мемлекеттік органдарын жобалау құжаттамасын келісілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Уәкілетті орган өтінішті қарайды және осы Ереженің 9-тармағына сәйкес өтініш берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей тиісті шешім қабылдайды.

9 9. Осы Ереженің 4 және 8-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өз құзыреті шегінде мына шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) келісті;

2 2) келісуден бас тартты.

10 10. Уәкілетті органның жауабында осы Ереженің 9-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шешімді көрсетумен келісуден бас тартудың себебі де көрсетіледі.

Қолданыстағы