Об утверждении инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аз қамтылған отбасыларга (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.М.Айбатырова
23.06.2006ж.
Басқа 3
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы
28 маусымның № 26/214
бекітілген
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайданылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын
үй
көмегінің
Н ҰС Қ А У Л ЫҒЫ
Осы Нұсқаулық аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалану Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Байланыс туралы», 2001жылғы 17 шілдегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына, 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттылуына өтемақы төлеу Ережесіне», облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 14 мамырдағы №19/195 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсету тәртібі туралы Ережеге» сәйкес жасақталған.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілген тұрғын үй көмегі (тұрғын үй көмегі) - отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға төленген ( жеке тұрғын үйден басқа) шығын орнын толтыратын өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектерінің бірі болып табылады және ол тұрақты берілген мекен - жайда тұратын тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуге уәкілетті орган «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме ( бұдан әрі-уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге шыққан нақты шығыны, осы мақсатқа жұмсалатын шекті шығын деңгейінен асып кеткен жағдайда тағайындалады. Тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге шекті деңгейден жұмсалатын шығын, жалғыз басты зейнеткер, жалғыз басты мүгедектердің барлық тобына (тек қана екі зейнеткер, мүгедектерге) жиынтық табыстан он пайыз мөлшерінде белгіленеді, қалған отбасыларға жиырма пайыз белгіленеді. Бұл жағдайда отбасының нақты табысы әлеуметтік норма шегінде есептеледі.
Тармақ 5
5. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі бұйрығымен бекітілген 2002 жылгы 13 ақпандағы № 31 «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер азаматтардың ( отбасылар) жиынтық табысын белгілеу Ережелеріне» және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің
2002 жылғы 27 наурыздағы № 11-1-11/1367 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамаларды қолдану тәртібі туралы» кепілдемелеріне сәйкес есептеледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылатын тұрғын үй шығын мөлшері, коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері (тұрғын үй шығындары, жылу-су жабдықтау,газ жабдықтау, канализация, электр жабдықтау, қоқыс шығару, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және лифт қызметі) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тағайындалады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі меншік иесіне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің төлемін азайтуға қолма-қол емес нысанды түрде аударылады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері нақты тұрғын үй және коммуналдық қызметке есептелген сомадан аспайды.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер, тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған шығындар құны негізінен есептеледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін есептеуге коммуналдық қызметтердің тарифтері мен өзгерістерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
Тармақ 10
10. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарга телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға және мақсатты трансферттердің байланыс қызметіне арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады (тұрғын үй көмегін алушыларға).
Тармақ 11
11. Абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шыққан шығын орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарга телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы» бекітілген қаулысымен белгіленген.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін көрсету жағдайлары
2. Тұрғын үй көмегін көрсету жағдайлары
Тармақ 12
12. Азаматтар (отбасылар) тұрғын үй көмегін тағайындауға уәкілетті органға бекітілген үлгіде арызбен хабарласады.
Арызға төмендегідей құжаттар жалғанады:
алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
берілген тұрғын үйге құқығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
мекен-жайда тұрақты тіркеуде екендігін дәлелдейтін тұрғындарды тіркеу кітабының көшірмесі;
салық төлеушінің тіркелу куәлігінің көшірмесі;
отбасы мүшелерінің табыстары туралы құжаттар;
өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің статусын белгілейтін құжат;
қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті екендігін анықтайтын құжат көшірмесі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы заңдар жиынтығы актілеріне сәйкес өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауапты.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табыстары туралы құжаттармен расталады.
Тармақ 15
15. Меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға беруші азаматтар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті органга жалған ақпарат беру арқылы заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі заңдар жиынтығында көрсетілген тәртіп бойынша қайтарылып алынады.
Тармақ 17
17. Күтуді қажет ететін 1 және 2 топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерге, 80 жастан асқан, өзге адамның көмегіне мұқтаж азаматтарга күтім
жасаушылар, 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) бала сонымен қатар төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеумен шұғылданушы, соңғы баласы бірінші сыныпты бітіргенше, бірақ 9 жастан аспау керек, басқа еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 18
18. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға, даярлау және қайта даярлауға қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар 6 айға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне немесе оны алу құқығына ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді 10 күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе қабылдамау туралы шешім меншік иесінің арызы және оған қосымша тіркелген құжаттар негізінде осы Ереженің 2 тарауының 12 тармағына сәйкес қабылданады.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға алу құқығы бар жағдайда тағайындалады.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының ( азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмектен басқа, белгіленген мерзімде ақшалай немесе табиғи нысанда алынған нақты табысы есептеледі.
Тармақ 23
23. Отбасының ( азаматтың) жиынтық табысына сондай-ақ мыналар қосылады:
тұрғын үй көмегін есептеуге кірісі жоқ отбасылар үшін өткен тоқсандағы жиынтық
табысы кедейшілік шегі мөлшерінде есептеледі;
егер табысы жоқ отбасында коммерциялық бөлімде оқитын студенттер болған жағдайда оқуға төленетін төлем есептеледі.
Тармақ 24
24. Бірінші және екінші топ мүгедектерін, 16 жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектер, сексен жастан асқан, өзге адамның көмегін қажет ететін азаматтарды күтумен шұғылданатын тұлғалардың табысы 1,2 топ мүгедектерінің, 16 жасқа дейінгі және сексен жастан асқандардың зейнетақы мен жәрдемақыларының мөлшеріне қосылатындықтан, олардың табысы сұралмайды.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің өтем ақы шараларымен қамтамасыз етілетін әлеуметтік нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеу үшін нақты төлемі мен отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау формуласы:
К = ТҮЕТ - ( Txt)
К - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
ТҮЕТ- тұрғын үйге есептелген төлем (белгіленген әлеуметтік нормалар шегінде);
т - отбасының жиынтық табысы;
t - тұрғын үй төлемін өтеуге шығатын шығын нормативі (10%;20%)
Тармақ 26
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
Тармақ 27
27. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмән туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды учаскелік комиссияға беріп өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексертуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
Тармақ 28
28. Тұрғын үй көмегінің төлемі қалалық бюджет қоры негізінен жүзеге асырылады:
«Қазақстан Халық банкі» ( бұдан әрі-банк) АҚ Маңғыстау филиалы арқылы, ММ- мен (қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімі) жасалған Агенттік келісім бойынша;
тағайындалған көмек сомасын тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетіп, қызмет керсетуші кәсіпорындардың есеп шотына аудару арқылы.
Тармақ 28
28. Уәкілетті орган ұсынылған тұрғын үй көмегінің сомасы көрсетілген меншік иелерінің тізімін жасайды және тоқсан сайын жиынтық ведомостарда шығын орнын толтыру үшін өзі орналасқан жердегі қаржы органына тапсырады.
Тармақ 29
29. Ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде қызмет көрсетуші кәсіпорындармен тағайындалған көмек сомасына 2 данада акт- салыстырма жасалады, акт- салыстырмаға уәкілетті орган және коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорын өкілдері қол қояды.
Тармақ 30
30. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге жасалынған тізім негізінде және ол түпкілікті жиынтық сомасымен сәйкес келген жағдайда, отбасы санын көрсетіп, ағымдағы айдың 10-на дейін қалалық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс жасайды.
Тармақ 31
31. Дұрыс емес ресімделген құжаттар негізінде заңсыз тағайындалган тұрғын үй көмегіне кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген тәртіп бойынша жауапқа тартылады.
Тарау 5. 5. Есеп беру
5. Есеп беру
Тармақ 32
32. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалган есебінде қалалық қаржы бөліміне, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне тағайындалған және төленген тұрғын үй көмегінің сомасы туралы мәлімет береді.
Тарау 6. 6. Бақылау
6. Бақылау
Тармақ 33
33. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуына бақылау, Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.